• Мое избранное

Отправить по почте

8

Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 16 тамызда № 8624 тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.06.2018 жылғы № 226 Бұйрығына сәйкес (16.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.08.2021 жылғы № 284 Бұйрығына сәйкес (04.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2026 жылғы № 222 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 12.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 9) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.04.2020 жылғы № 153 Бұйрығына сәйкес (06.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.10.2025 жылғы № 317 Бұйрығына сәйкес (31.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2026 жылғы № 222 Бұйрығына сәйкес (10.10.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары бекітілсін.
1-тармақ  жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.06.2018 жылғы № 226 Бұйрығына сәйкес (16.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.08.2021 жылғы № 284 Бұйрығына сәйкес (04.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Оралмандар мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 15 қарашадағы № 476 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6698 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қаңтарда № 78 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті (А.Ә. Сарбасов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Қ. Егембердіге жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2013 жылғы 22 шілдедегі
№ 329-Ө-М бұйрығымен
бекітілген
1
Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.02.2014 жылғы № 32-ө Бұйрығымен (22.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 08.01.2016 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес (10.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.10.2017 жылғы № 344 Бұйрығымен (08.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.06.2018 жылғы № 226 Бұйрығына сәйкес (16.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.04.2020 жылғы № 153 Бұйрығына сәйкес (06.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.08.2020 жылғы № 286 Бұйрығымен (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.08.2021 жылғы № 284 Бұйрығына сәйкес (04.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.07.2023 жылғы № 327 Бұйрығына сәйкес (11.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 9) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қандас мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2026 жылғы № 222 Бұйрығына сәйкес (10.10.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға «бір терезе» қағидаты бойынша беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы мен еңбек мобильділігі орталығы (мансап орталығы) арасындағы, ал Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінде көзделген жағдайларда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке немесе заңды тұлғалармен арадағы, тараптардың құқықтарын және міндеттерін айқындайтын, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;
3) бейімделу және интеграциялық қызметтер – қоғамға бейімделу және ықпалдасу мақсатында қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне көрсетілетін қызметтер кешені (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру);
4) «бір өтініш» қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығын көздейтін Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны;
2026 жылдың 12 шілдеден бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2026 жылғы № 222 Бұйрығына сәйкес 5 және 6-тармақшалар келесі редакциясында әрекет етеді: Болашақ басылымның мәтінін көрсету 
5) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) – азаматтық жай-күйді сәйкестендіру және айқындау үшін жеткілікті Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;
6) «Көші-қон полициясы» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Көші-қон полициясы» АЖ) – шетелдіктерді, босқындарды және азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу, тіркеу қызметін автоматтандыруға арналған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесі;
7) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
8) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері – Қазақстан Республикасының шет елде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері;
9) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелер;
2026 жылдың 12 шілдеден бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2026 жылғы № 222 Бұйрығына сәйкес 10-тармақша келесі редакциясында әрекет етеді: Болашақ басылымның мәтінін көрсету 
10) «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Қандас» ААЖ) – этникалық қазақтар мен қандастар үшін мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі құрамындағы жүйе;
11) қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – құрамына мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіретін, қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу және/немесе қандас мәртебесін беру жөніндегі этникалық қазақтардың өтініштерін қарау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған комиссия;
12) қоныстандыру өңірлері – Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған өңірлер;
2026 жылдың 12 шілдеден бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2026 жылғы № 222 Бұйрығына сәйкес 13-тармақша келесі редакциясында әрекет етеді: Болашақ басылымның мәтінін көрсету 
13) «migration.enbek.kz» көші-қон қызметтерін көрсетудің бірыңғай порталы – көшіп-қонушылардың есебі мен қозғалысын, сондай-ақ көші-қон саласында қызметтер ұсынудың мониторингін қамтамасыз ететін Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) цифрлық экожүйесінің кіші жүйесі;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.10.2025 жылғы № 317 Бұйрығына сәйкес (31.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) «migration.enbek.kz» көші-қон қызметтерін көрсетудің бірыңғай порталының мобильді қосымшасы (бұдан әрі – мобильді қосымша) – ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған әрі ұялы байланыс, Интернет арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен функцияларға қол жеткізуді ұсынатын бағдарламалық өнім;
14-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.10.2025 жылғы № 317 Бұйрығына сәйкес (31.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15) өтініш беруші – қандас мәртебесін алуға және қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге үміткер этникалық қазақтар қатарындағы жеке тұлға және оның отбасы мүшелері (ол болған жағдайда) не Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын алуға үміткер қандастар, қандастардың жесірлері және ортақ балалары;
15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.07.2024 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес (29.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2026 жылғы № 222 Бұйрығына сәйкес (10.10.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
17) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарын айқындайтын жергілікті атқарушы органы;
2026 жылдың 12 шілдеден бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2026 жылғы № 222 Бұйрығына сәйкес 17-1-тармақша келесі редакциясында әрекет етеді: Болашақ басылымның мәтінін көрсету 
17-1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
2-тармақ 17-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.07.2024 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 25.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18) этникалық қазақ – ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.
2026 жылдың 12 шілдеден бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2026 жылғы № 222 Бұйрығына сәйкес 3 және 4-тармақтар келесі редакциясында әрекет етеді: Болашақ басылымның мәтінін көрсету 
3. Өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «migration.enbek.kz» көші-қон қызметтерін көрсетудің бірыңғай порталы арқылы, ақпараттандыру объектілері арқылы: мобильді қосымшасы, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі, Мемлекеттік корпорация не www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі-тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, қандас мәртебесін беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) береді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2023 жылғы № 539 Бұйрығына сәйкес (31.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.07.2024 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес (29.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.10.2025 жылғы № 317 Бұйрығына сәйкес (31.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. «migration.enbek.kz» көші-қон қызметтерін көрсетудің бірыңғай порталы немесе мобильді қосымшасы арқылы берілген өтініш осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушіні оның өтінішін тіркеу туралы хабардар ете отырып, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қарауы үшін «Қандас» ААЖ-ға түседі.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2023 жылғы № 539 Бұйрығына сәйкес (31.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.10.2025 жылғы № 317 Бұйрығына сәйкес (31.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2026 жылдың 12 шілдеден бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2026 жылғы № 222 Бұйрығына сәйкес 5-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакциясында әрекет етеді: Болашақ басылымның мәтінін көрсету 
5. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы берілген өтінішті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесінің қызметкері «Қандас» ААЖ-да тіркейді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіні оның өтінішін тіркеу туралы хабардар ете отырып, «Қандас» ААЖ арқылы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2023 жылғы № 539 Бұйрығына сәйкес (31.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.07.2024 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес (29.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Құжаттарды қабылдайтын Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығы мен қолданылу мерзімін тексереді.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
5-1. Жергілікті атқарушы орган өтініш келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және өтініш беруші ұсынған құжаттар топтамасының толықтығы мен дұрыстығын тексереді.
2-тарау 5-1-тармақпен толықтырылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2023 жылғы № 539 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 19.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Толық емес пакетті және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде жергілікті атқарушы орган Тізбеге сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тартады.