Toggle Dropdown
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актінілерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы № 245 бұйрығы
Редакция 17.06.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса тіркелген бекітілсін:
1) Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары ;
2) Бу және су жылыту қазандықтарын орнату және қауіпсіз пайдалану жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары ;
3) Бу және ыстық су құбырларын орнату және қауіпсіз пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары ;
4) Жүк көтергіш крандардың құрылысы мен қауіпсіз пайдалану бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары ;
5) Жарылғыш материалдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары ;
6) Метрополитендерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары ;
7) Сүңгуір жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары .
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті төрағасы С. Б. Ахметовке жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В. Божко
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2009 жылғы 21 қазандағы
№ 245 бұйрығымен
бекітілген
Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
1. Осы Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (бұдан әрі-Талаптар) химиялық, мұнай-химиялық және мұнай, газ өңдеу өнеркәсібі қауіпті өндірістік объектілеріне, хлор қолданылатын басқа да қауіпті өндірістік объектілерге арналған талаптарды белгілейді.
1) қауіпті өндірістік объектілерді жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, қайта құру, техникалық қайта жарақтау, консервациялау және жою кезінде;
натрий хлориді және калий хлориді ерітінділерін, тұз қышқылы ерітіндісін электролиздеудің барлық әдістерімен хлорды, каустикалық соданы және сутегін өндіру кезінде;
хлор ыдысының барлық түрлерін қолдана отырып, хлорды пайдаланумен, сұйық хлорды сақтаумен, құюмен және ағызумен байланысты объектілерде;
2) хлорды құбыр өткізгішпен тасымалдау, сұйық хлорды көлік құралдарымен тасымалдау кезінде;
3) жоғарыда көрсетілген объектілерде қолданылатын техникалық құрылғыларды дайындау, монтаждау, баптау, қызмет көрсету және жөндеу кезінде қолдануға арналған.
3. Жобалау кезінде барлық қауіп-қатер факторлары белгіленеді, оларды жою немесе персоналды, халықты, қоршаған ортаны зақымдау әсерін шекті деңгейге дейін төмендету бойынша шешімдер әзірленеді.
1) өндірістік бақылау туралы талап;
2) аварияларды жою жоспары;
3) технологиялық регламенттер әзірленеді.
Технологиялық регламент-өндіріс әдістерін, технологиялық нормативтерді, техникалық құралдарды, стандарттардың талаптарына сәйкес келетін сапа көрсеткіштерімен дайын өнімді алуды қамтамасыз ететін, сондай-ақ жұмысты қауіпсіз жүргізуді және оң өндірістік техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізуді белгілейтін технологиялық үдерісті жүргізу шарттары мен тәртібін белгілейтін кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаты.
5. Технологиялық сызбаға, аппаратурамен безендіруге, байланысты, жарық беруді және аварияға қарсы автоматты қорғауды басқару, бақылау жүйесіне өзгерістер енгізу жобалау құжаттамасына өзгерістер енгізгеннен кейін жүзеге асырылады.
6. Өндірістік цехтардың, учаскелердің қауіпті орындарында және көрінетін жерлердегі сыртқы қондырғыларда қауіпсіздік белгілері ілінеді.
7. Өндірістік орынжайларда операторлардың жұмыс орындарында құбыр өткізгіштер, бақылау-өлшеу аспаптарының тиек арматурасы және автоматика құралдары көрсетілген технологиялық сызба ілінеді. Технологиялық сызбадағы аппараттардың (ыдыстардың) нөмірлік белгісі жабдықта көрсетілген нөмірлерге сәйкес болады.
2-тарау. Хлорды электролиз әдісімен өндіру кезіндегі қауіпсіздік талаптары
8. Хлор өндіру сынапты пайдалануды болдырмайтын мембраналық немесе диафрагмалы электролизерлермен жабдықталады.
9. Хлорды алу технологиясы регламенттік жұмыс тәртібінде технологиялық жабдық пен коммуникацияларда жарылыс қаупі бар хлор, су текті қоспалардың түзілу мүмкіндігін болдырмайды.
10. Хлорды электролиз әдісімен өндіру қажетті мөлшерде үздіксіз сумен, бумен, сығылған ауамен (азотпен) қамтамасыз етеді.
11. Хлорды электролиз әдісімен өндіру электрмен жарақтандыру сенімділігі бойынша бірінші санатты тұтынушыларға жатады.
12. Электрмен жарақтандыру сенімділігі бойынша бірінші санатты тұтынушыларға электролизерлер сериясы, хлор мен сутекті құйып алатын компрессорлардың электрқозғалтқыштары, хлорды кептіру бағанындағы күкірт қышқылын айналымға жіберуге арналған сорғылар, хлорды сіңіру жүйесі (санитарлық колонна) арқылы ерітіндіні айналымға жіберуге арналған сорғылар, мембраналы электролизерде тұздықты айналымға жіберуге арналған сорғылар, электр сілтілеріне арналған сорғылар, тұздықты электролизге беруге арналған сорғылар, тұз қышқылын электролизерге беруге арналған сорғылар, сұйық хлорға арналған сорғылар, сығылған ауаға арналған компрессорлар, сұйық хлорды өндіруге арналған тоңазытқыш қондырғыларының сорғылары, хлор толқынын шектеу желісінде қысымды арттыруға арналған сорғылар, авариялық желдету жүйесінің сорғылары, негізгі өндірістік орынжайларды авариялық жарықтандыру жүйесі, бақылау, басқару және аварияға қарсы автоматты қорғау жүйелері жатады.
13. Барлық электрлизерлер үшін жерден, оларға қосылған құбыр өткізгіштерден электрлік оқшаулағыштар қамтамасыз етіледі.
14. Электролиз залындағы хлор, сутегі, тұздық және басқа да коллекторлар, олармен байланысты барлық аппараттар жерден электрлік оқшауланады. Металл құбыр өткізгіштерді пайдалану кезінде электрлік оқшаулау ендірмелері, аспалар немесе оқшаулағыштар қолданылады.
15. Барлық электролизерлер штуцерлері электр өткізбейтін материалдардан жасалған қосқыштардың көмегімен немесе осы материалдардан жасалған ендірмелер арқылы коллекторларға қосылады.
16. Электролиздер мен коллекторларға қызмет көрсетуге арналған сатылар, баспалдақтар, алаңдар мен төсемдер жерден және металл құрылымдардан электрлік оқшауланады немесе электрлендірілмеген материалдардан жасалады.
17. Электролиз залындағы электрлік жүк көтеру құрылғылары жерден оқшауланады. Кран ілмегінің жерден оқшаулайтын кейінгі басқыштарының саны кемінде үшеу болуы қажет (полис паста ілмектері, көпірден арбаның рельстері, рельс астындағы құрылымдардан кранның рельстері).
18. Электрлік оқшаулағыш құрылғыларын (ендірмелер, оқшаулағыштар, аспалар және басқалары) ластанудан жүйелі түрде электрлік өткізгіш заттармен тоқсан сайын бір реттен кешіктірілмей тазаланады, кемінде 0,5·106 Ом кернеу қамтамасыз етілетін кернеуге тексеріледі.
19. Электролизерлерді шунтирлеу тұрақты немесе жылжымалы қысқа тұйықтағыштармен ашық күйінде жүзеге асырылады.
20. Қысқа тұйықтағыш жерден электрлік оқшауланады. Қысқа тұйықтағыштың байланыстырушы қабаттарын салқындату үшін тазартылған су (конденсат) қолданылады. Қосқыш шлангілер иілгіш электр өткізбейтін материалдардан дайындалады.
21. Электролиз залында жабдықты, құбыр өткізгіштерді электрхимиялық коррозиядан, токтың ағуынан қорғау қарастырылады. Токтың ағуын азайту үшін коллекторлардың металл учаскелері токты жинап ағызғышпен қорғалады. Токты жинап ағызғышты орнату орындары жобамен негізделеді. Электролизерден коллекторға электр сілтілерін құю ағысты тоқтатқыш арқылы жүзеге асырылады.
22. Электролизерлерді іске қосу алдында сутекті коллекторлар қалдық газдарда 2 % аспайтын көлемде оттегі құрамына дейін азотпен үрленеді.
23. Жарылыс қаупі бар сутегі мен ауа қоспаларының түзілуін болдырмау үшін сутегіні балауызға жинау кезінде үздіксіз азот немесе бу беріледі. Берілетін азоттың (будың) мөлшері жобамен негізделеді.