Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2135 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 835 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 13 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 27.01.2016 жылғы № 31 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2135 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 582-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің формулярлық комиссиясы (бұдан әрі - формулярлық комиссия) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің консультациялық-кеңесші және сарапшы органы болып табылады. Формулярлық комиссия қызметінің ережесі мен тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Дәрілік формулярды қалыптастыруды және медициналық ұйымның дәрілік заттарға қажеттілігін анықтауды ұйымның формулярлық комиссиясы медициналық ұйымның бюджеттік бағдарламасының әкімшісі көздеген бюджет қаражаты шегінде жүзеге асырады және ұйымының басшысы бекітеді.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |