• Мое избранное
Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 275 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 19 тамызда № 8628 тіркелді

Редакция 12.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 170) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 24.09.2018 жылғы № 1440 Бұйрығына сәйкес (19.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 26.09.2024 жылғы № 785 Бұйрығына сәйкес (24.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Министр Б. Имашев
«Келісілді»
Республикалық нотариаттық
палатаның төрайымы
2013 жылғы __ тамыз
______ Ә.Б. Жанәбілова
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2013 жылғы 19 тамыздағы
№ 275 бұйрығымен бекітілген
Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу туралы қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 24.09.2018 жылғы № 1440 Бұйрығына сәйкес (19.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеудің (бұдан әрі – Қағидалар) қағидасы «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 170) тармақшасына сәйкес әзірленді және нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 24.09.2018 жылғы № 1440 Бұйрығына сәйкес (19.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 26.09.2024 жылғы № 785 Бұйрығына сәйкес (24.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тағылымдамадан өтушілер кемінде бес жыл нотариаттық қызмет өтілі бар жеке практикамен айналысатын нотариустерде немесе мемлекеттік нотариустерде тағылымдамадан өтеді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 24.09.2018 жылғы № 1440 Бұйрығына сәйкес (19.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам аумақтық нотариаттық палатамен тағылымдамадан өту туралы шарт жасасады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 24.09.2018 жылғы № 1440 Бұйрығына сәйкес (19.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тарау. Нотариуста тағылымдамадан өтушілер тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 24.09.2018 жылғы № 1440 Бұйрығына сәйкес (19.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Жекеше нотариуста тағылымдамадан өтуі үшін ақы мөлшері тағылымдамадан өткен әрбір ай үшін есеп айырысу жүргізілген күні белгіленген он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болады.
Мемлекеттік нотариуста тағылымдамадан өту ақысыз негізде жүзеге асырылады.
5. Тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу ай сайын, ақы төленуге жататын тағылымдамадан өтудің алдындағы айдың бірінші күнінен кешіктірілмей жүргізіледі және тағылымдамадан өту туралы шарт жасалғаннан кейін тікелей жүзеге асырылады.
6. Тағылымдамадан өту мерзімі кемінде бір жылды құрайды.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 24.09.2018 жылғы № 1440 Бұйрығына сәйкес (19.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ алынып тасталды ҚР Әділет министрінің 24.09.2018 жылғы № 1440 Бұйрығына сәйкес (19.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8. Ақы төлеу фактісі нотариаттық палатаның бухгалтериясы берген тиісті қаржылық құжаттармен, не банктің төлем құжатымен расталады.
9. Тағылымдамадан өтуші тағылымдамадан өту үшін ақыны уақтылы төлемеген жағдайда, аумақтық нотариаттық палата тағылымдамадан өту туралы шартты бұзады.
3. Қорытынды ережелер
10. Осы Қағидамен регламенттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және аумақтық нотариаттық палатаның Жарғысымен шешіледі.