Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмекті және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 365 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 шілдеде № 8576 тіркелді
Toggle Dropdown
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері туралы ережесінің 15-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмекті және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру» стандарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму департаменті (М.Е. Шоранов):
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр С. Қайырбекова
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 26 маусымдағы
№ 365 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмекті және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті көрсетуді ұйымдастыру стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмекті және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Toggle Dropdown
2. Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету ұйымдары қызметінің негізгі бағыттары, жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету шарттары мен тәртібіне қойылатын негізгі талаптар «Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1463 қаулысымен айқындалған.
Toggle Dropdown
3. Осы Стандарт жедел медициналық көмек және санитариялық авиация қызметтерін көрсететін ұйымдардың құрылымы мен жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында жедел медициналық көмек көрсету тәртібін, жедел медициналық көмек және санитариялық авиация мамандарының қажетті кәсіптік білім деңгейін айқындайды.
Toggle Dropdown
4. Жедел медициналық көмек (бұдан әрі – ЖМК) азаматтарға шұғыл медициналық араласуды талап ететін жай-күй кезінде көрсетіледі және аумағына, ведомстволық бағыныстылығына және жеке меншік нысанына қарамастан медицина қызметкерлері жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
5. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек (бұдан әрі – СА) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға санитариялық авиация ұтқыр бригадалары шұғыл, білікті, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған және консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсету түрінде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
6. Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін стационарға жеткізуді талап ететін жай-күйге Қағидалармен бекітілген шақырулардың жеделдігі санатының тізбесіне сәйкес шақыру себептері жатады.
Toggle Dropdown
7. Осы Стандартта мынадай терминдер мен түсініктер пайдаланылады:
Toggle Dropdown
жедел медициналық көмек бригадасы – емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде науқастар мен емдеуге зардап шеккендерге тікелей ЖМК көрсететін жедел медициналық көмек станциясының (кіші станциясының, бөлімшесінің) құрылымдық-функционалды бірлігі;
Toggle Dropdown
диспетчер - жедел медициналық көмек және санитариялық авиация көрсету бойынша азаматтардың өтініштері туралы ақпаратты беру және оны қабылдау, өңдеу функцияларын жүзеге асыратын («емдеу ісі» мамандығы бойынша дипломы және «жедел медициналық көмек» мамандығы бойынша сертификаттары бар орта медициналық білімі бар маман) медициналық ұйымның қызметкері;
Toggle Dropdown
санитариялық авиация ұтқыр бригадасы (бұдан әрі – САҰБ) - санитариялық авиация нысанында науқастар мен зардап шеккендерге тікелей шұғыл, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған және консультациялық-диагностикалық медициналық көмекті көрсететін санитариялық авиация бөлімшесінің құрылымдық-функционалдық бірлігі;
Toggle Dropdown
жедел медициналық көмек ұйымы - апат болған жерде, сонымен қатар барар жолда ересек және балалар халқына өмірінің жай-күйіне қауіп туындайтын (пациенттер мен (немесе) оның айналасындағыларға), жазатайым оқиғалар, жіті ауыр аурулар жағдайында тәулік бойы жедел медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым;
Toggle Dropdown
жедел медициналық көмек бөлімшесі - апат болған жерде, сонымен қатар барар жолда оның негізгі қызметі шұғыл медициналық көмек көрсету болып табылатын аудандық (қалалық) ауруханалардың (емханалардың) құрылымдық бөлімшесі;
Toggle Dropdown
санитариялық авиация бөлімшесі - санитарлық авиация ұтқыр бригадаларының тұрақты дайындығын және жедел басқаруды қамтамасыз ететін жедел медициналық көмек ұйымының (республикалық, облыстық, қалалық жедел медициналық көмек ұйымдары) құрылымдық бөлімшесі;
Toggle Dropdown
жедел медициналық көмек кіші станциясы - апат болған жерде, сонымен қатар барар жолда ЖМК уақтылы көрсетуді қамтамасыз ету үшін ірі елді мекендерде құрылатын жедел медициналық көмек станциясының бөлімшесі;
Toggle Dropdown
«Республикалық санитариялық авиация орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – РСАО) - халыққа санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету жөніндегі медициналық ұйымдардың қызметіне басшылық етуді және оларды үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын;
Toggle Dropdown
жедел медициналық көмек (бөлімшесі) станциясы - апат болған жерде, сонымен қатар барар жолда оның негізгі қызметі шұғыл медициналық көмек көрсету болып табылатын жедел медициналық көмек ұйымы;
Toggle Dropdown
санитариялық автокөлік – науқастар мен зардап шеккендерді, сондай-ақ алып жүретін медицина персоналын тасымалдауға арналған мамандандырылған жер үсті көлік құралы;
Toggle Dropdown
санитариялық авиакөлік - науқастар мен зардап шеккендерді, сондай-ақ алып жүретін медицина персоналын тасымалдауға арналған жабдықталған мамандандырылған әуе көлік құралы (ұшақ, тікұшақ).
Toggle Dropdown
2. Жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация ұйымдарының құрылымы
Toggle Dropdown
8. ЖМК станциялары (бөлімшелері) 100 адамнан астам адам халқы бар қала және аудан орталықтарында ұйымдастырылады.
Toggle Dropdown
9. 100 адамнан астам адам халқы бар қала және аудан орталықтарында аудандық (қалалық) ауруханалар (емханалар) жанынан ЖМК бөлімшесі құрылады.
Toggle Dropdown
10. ЖМК ұйымдарының штаттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6173 болып енгізілді).
Toggle Dropdown
Медициналық ұйымдар жанындағы СА бөлімшелері (республикалық, облыстық, қалалық ЖМКС).
Toggle Dropdown
11. Облыстық (қалалық) ЖМК станцияларының қызметін үйлестіруді және республикалық деңгейде СА жедел басқаруды РСАО жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
12. РСАО-ның функциясына:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының ЖМК және СА ұйымдастыру қызметін мониторингілеу және оны үйлестіру;
Toggle Dropdown
ЖМК станциялары және республикалық және облыстық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдары арасында өзара іс-қимылды үйлестіру;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағында жол-көлік оқиғаларының салдары мен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша медициналық-санитариялық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде ішкі істер органдары бөлімшелерімен және Апаттар медицинасы орталығының өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
электрондық-цифрлық картада барлық санитариялық автокөлік және санитариялық әуе көлігі жылжуының GPS-мониторингі;
Toggle Dropdown
оқыту-тренингтік орталықта жедел және шұғыл көмек көрсетудің халықаралық стандарты бойынша оқытуды өткізу кіреді.
Toggle Dropdown
МЖК станциясының қызметін мониторингілеу және үйлестіру бойынша міндеттерді орындау үшін құрамында РСАО диспетчерлік қызмет құрылады (бұдан әрі - РСАО Сall-centre).
Toggle Dropdown
13. Облыстық ЖМК станция құрамында өңірлік Сall-centre құрылады. Осы бөлімшелер ЖМК бөлімшелерімен, ішкі істер органдарының қызметтерімен және облыстың төтенше жағдайлар және өңірдің санитариялық автокөлігінің спутнигін мониторингілеуге арналған ресурстармен және жедел байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген.
Toggle Dropdown
14. Аудандық деңгейде халыққа жедел медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша қызметті үйлестіруді аудандық ауруханалардың (емханалардың) бас дәрігері жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
15. Ауданның, соның ішінде ауылдық дәрігерлік амбулаторияның санитариялық автокөлігінің қозғалысын мониторингілеуді аудандық ауруханалардың (емханалардың) жедел медициналық көмек бөлімшелерінің диспетчерлері жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
16. Аудандық ЖМК бөлімшелері облыстық ЖМК станциясының бас дәрігеріне функция бойынша бағынады.
Toggle Dropdown
3. Жедел медициналық көмек көрсету шарттары және тәртібі