• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 855 қаулысы

Редакция 29.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру және басқару жүйесін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетін қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетiмен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 855 қаулысымен
бекітiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысымен (13.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.12.2015 жылы № 237 (28715) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда және көліктегі аумақтық органдары, сондай-ақ мынадай ведомстволары: Ішкі әскерлер Бас қолбасшылығы - Ішкі әскерлер комитеті, Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті, Тергеу комитеті, Криминалдық полиция комитеті, Әкімшілік полиция комитеті және Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бар.».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.01.2024 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (14.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 710 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 33, 349-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жалғыз терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің тізбесінде:
«Халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы көрсетілетін қызметтер*» деген 2-бөлімде:
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) зейнетақы қорларына, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру;».
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.02.2014 жылғы № 131 Қаулысымен (19.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.02.2014 жылғы № 131 Қаулысымен (19.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз) 
7-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.02.2014 жылғы № 131 Қаулысымен (19.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз) 
8-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.03.2015 жылғы № 140 Қаулысымен (24.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.03.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 19.02.2014 жылғы № 115 Заңымен (18.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
10. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 403 Қаулысымен (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды