Toggle Dropdown
Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) үлгі шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 924 қаулысы
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) үлгі шарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
ҚазақстанРеспубликасының Премьер - Министрі С . Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 924 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жерді пайдаланудың ( жалдаудың ) үлгі шарты
Toggle Dropdown
_____________ қ. 20__ ж. «__»_________
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
атынан ____________________________________________________________
(жарғы, ереже, №___ ДК куәлігі, №___жеке куәлігі)
негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Жалға беруші» деп аталатын_____
бір тараптан және _________________________________________________
атынан (Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының атауы)
_________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(жарғы, ереже)
бұдан әрі «Жалға алушы» деп аталатын _______________________ екінші
тараптан, бұдан әрі «Тараптар» деп аталатындар төмендегілер туралы осы жер учаскелерін жер учаскелерін уақытша өтеулі жерді пайдалану (жалдау) шартын (бұдан әрі – шарт) жасасты:
Toggle Dropdown
1. Шарттың мәні
Toggle Dropdown
1. Жалға беруші осы шартқа қоса берілген уақытша өтеулі жерді пайдалануға (жалдауға) берілген арнайы экономикалық аймақ шегінде ________________________________ 20____«_»____________тіркелген, меншік құқығын беретін 20 ____ «___»___________ № ______ мемлекеттік актінің негізінде жеке меншік құқығында оған тиесілі кадастрлық № _______ жер учаскесін жалға алушыға береді.
Toggle Dropdown
2. Жер учаскесінің орналасқан жері мен оның деректері:
мекенжайы: _______________________ облысы
______________________________ ауданы
________________ қаласы, _________________________ көшесі.
кадастрлық нөмірі:_______________________________________.
алаңы ___________________________________________________.
нысаналы мақсаты: _______________________________________.
пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпалықтар: ______________.
жер учаскесінің бөліну мүмкіндігі: ______________________.
Toggle Dropdown
3. Жер учаскесінде ________________________ (жер учаскесінде орналасқан жағдайда жылжымалы мүлік объектілері және олардың сипаттамалары көрсетілсін не ондайлардың жоқтығы туралы жазба жасалсын) жылжымайтын мүлік объектілері бар (жоқ).
Toggle Dropdown
Жылжымайтын мүлік объектілерінің (олар жер учаскесінде орналасқан жағдайда) егжей-тегжейлі тізбесі техникалық сипаттамаларымен бірге осы шартқа қоса беріледі.
Toggle Dropdown
Жер учаскесін беру екі данада (әрбір Тарап үшін бір-бірден) жасалатын және тараптардың қолдары қойылатын қабылдап алу-беру актісімен (жер учаскесінің іс жүзіндегі жай-күйін көрсете отырып) ресімделеді. Қабылдап алу-беру актісі осы шартқа қоса тіркеледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Негізгі ұғымдар
Toggle Dropdown
4. Осы Шартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) жалдау шарты – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жалға беруші мен жалға алушы арасында жазбаша нысанда жасалған, Тараптар қол қойған, оған енгізілген барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) шарты;
Toggle Dropdown
2) жалға алушы – «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған басқарушы компания;
Toggle Dropdown
3) жалға беруші – арнайы экономикалық аймақтың шекарасы шегіндегі жер учаскесінің меншік иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
4) Заң – «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
Toggle Dropdown
5) АЭА – Заңға сәйкес құрылған арнайы экономикалық аймақ;
Toggle Dropdown
6) ажырамас жақсартулар – жалға берушімен келісім бойынша жалға алушы жүргізген, мүлік үшін зиянсыз ажырамайтын (жер учаскесінің нысаналы мақсатына қайшы келмейтін құрылыстар, ғимараттар) жақсартулар;
Toggle Dropdown
7) жер учаскесі – арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы жер учаскесі;
Toggle Dropdown
8) уәкілетті орган – арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Toggle Dropdown
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Toggle Dropdown
5. Жалға алушының:
Toggle Dropdown
1) жер учаскесін оның мақсатынан туындайтын мақсаттарда дербес иелік етуге және пайдалануға;
Toggle Dropdown
2) жер учаскесін пайдалану нәтижесінде алынған өнімге және оны сатудан түскен кірістерді меншігіне алуға;
Toggle Dropdown
3) жалға берушінің келісімімен жер учаскесінің нысаналы мақсатына қайшы келмейтін құрылыстар мен ғимараттар тұрғызуға;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес осы Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін жер учаскесінің ажырамайтын жақсартуларына байланысты шығындардың өтелуіне;
Toggle Dropdown
5) жер учаскесін меншігіне сатып алуға (басым құқық);
Toggle Dropdown
6) қосалқы жалдау шартын жасасуға құқығы бар;
Toggle Dropdown
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтарға ие.
Toggle Dropdown
6. Жалға алушы:
Toggle Dropdown
1) жер учаскесін оның негізгі нысаналы мақсатына сай және осы шартта көзделген тәртіппен пайдалануға;
Toggle Dropdown
2) өндірістің табиғатты қорғау технологиясын қолдануға, өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде қоршаған табиғат ортасына зиян келуіне және экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген жерді қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
Toggle Dropdown
4) осы шарттың талаптарына сәйкес жер учаскесін пайдаланғаны үшін ақыны уақтылы енгізуге;
Toggle Dropdown
5) жер учаскесінде құрылысты жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолданыстағы сәулет-жоспарлау, құрылыс, экологиялық, санитариялық-гигиеналық және өзге де арнайы талаптарды (нормаларды, қағидаларды, нормативтерді) басшылыққа алуға;
Toggle Dropdown
6) жер учаскесінің ахуалы мен оны пайдалану туралы мәліметтерді уәкілетті органдарға уақтылы беруге;
Toggle Dropdown
7) мұндай алу құнарлы қабаттың біржола жойылып кетуін болдырмау үшін қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жер қыртысының құнарлы қабатын сату немесе оны басқа тұлғаларға беру мақсатында оның алынуына жол бермеуге;
Toggle Dropdown
8) өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде жерлердің сапасы мен экологиялық ахуал нашарлаған жағдайда шығындарды толық көлемде өтеуге;
Toggle Dropdown
9) жер учаскесіне жалдау құқығын немесе оған өзгерістерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әділет органдарында бір ай ішінде тіркеуге міндетті;
Toggle Dropdown
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндеттері бар.
Toggle Dropdown
7. Жалға беруші:
Toggle Dropdown
1) жалға алушының шаруашылық қызметі нәтижесінде жерлердің сапасы мен экологиялық ахуал нашарлаған жағдайда шығындардың толық көлемде өтелуіне құқығы бар;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары бар.
Toggle Dropdown
8. Жалға беруші:
Toggle Dropdown
1) жалға алушыға жер учаскесін шарттың талаптарына сәйкес келетін ахуалда беруге;
Toggle Dropdown
2) жалға алушыға және (немесе) арнайы экономикалық аймақ қатысушысына жер учаскесінің ажырамас жақсартуларына байланысты шығындарды өтеуге;
Toggle Dropdown
3) осы тармақтың 2) тармақшасынан туындайтын шығындардың өтелуі мүмкін болмаған жағдайда жалға алушыға және (немесе) арнайы экономикалық аймақ қатысушысына жер учаскесін сатып алуға басым құқық беруге міндетті.
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндеттері бар.
Toggle Dropdown
4. Шарттың мерзімі
Toggle Dropdown
9. Осы шарт Тараптар оны жасасқан күннен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
10. Осы шарт_________жылға, бірақ____________________арнайы экономикалық аймақтың құрылу және жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жасалды.
Toggle Dropdown
11. Осы шарттың қолданылу мерзімі арнайы экономикалық аймақ қолданылу мерзімі шегінде Тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
12. Осы шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішті Жалға беруші оны жалға алушыдан алған күннен бастап бір айдан кешіктірмей қарайды.
Toggle Dropdown
Бұл ретте жалға алушы үшінші тұлғалардың алдында шартты жаңа мерзімге жасасуға басым құқыққа ие болады.
Toggle Dropdown
5. Жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақы
Toggle Dropdown
13. Осы шарт бойынша ай сайынғы/жыл сайынғы/тоқсан сайынғы төленетін ақы _________ (____________________) теңгені құрайды және төленетін айдың ___ (________________) күнінен кешіктірмей жалға алушының жалға берушінің банктік шотына аудару жолымен төлеуіне жатады.
Toggle Dropdown
14. Осы шарт бойынша төленетін ақының мөлшері Тараптардың келісуі бойынша, бірақ жылына ____ реттен жиі емес өзгеруі мүмкін.
Toggle Dropdown
6. Тараптардың жауапкершілігі
Toggle Dropdown
15. Осы шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Toggle Dropdown
16. Осы шарт бойынша жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақыны енгізу тәртібі мен мерзімін бұзғаны үшін жалға алушы жалға берушіге осы шарт бойынша жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақының бір жылдық құнының _____% -ы мөлшерінде өсімпұл төлейді.
Toggle Dropdown
17. Еңсерілмес күштің әсерінен туындаған Тараптардың осы шарт бойынша міндеттемелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
Toggle Dropdown
7. Осы Шартты өзгерту , толықтыру , тоқтату және бұзу талаптары
Toggle Dropdown
18. Осы шарттың 21-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптар осы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаған жағдайда осы Шарттың талаптарын өзгертуге және оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін біржақты тәртіппен бұзуға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
19. Осы шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар, олар жазбаша ресімделген және Тараптардың осыған уәкілетті өкілдері оған қол қойған жағдайда ғана жарамды болады.
Toggle Dropdown
20. Осы шарттың қолданылуы:
Toggle Dropdown
1) арнайы экономикалық аймақ таратылған;
Toggle Dropdown
2) егер Тараптар оны ұзарту туралы келісімге қол жеткізбесе, осы шарттың қолданылу мерзімі біткен;
Toggle Dropdown
3) осы шарт сот тәртібінде мерзімінен бұрын бұзылған жағдайларда тоқтатылады.
Toggle Dropdown
8. Дауларды шешу тәртібі
Toggle Dropdown
1
21. Осы шарттың міндеттемелерін орындау кезінде туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі.
Toggle Dropdown
22. Дауларды үш ай ішінде келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда Тараптар оларды Қазақстан Республикасының сот органдарының қарауына береді.
Toggle Dropdown
23. Тараптар туындаған даулар мен келіспеушіліктер толық шешілгенше, осы шартта белгіленген міндеттемелерін орындаудан босатылмайды.
Toggle Dropdown
9. Форс - мажор
Toggle Dropdown
24. Осы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған Тарап тиісінше орындау еңсерілмес күштің, яғни төтенше және мұндай мән-жайда болмаған (апатты зілзала, соғыс әрекеттері және т.б.) жағдай салдарынан мүмкін болмағанын дәлелдемесе, мүліктік жауапкершілікте болады.
Toggle Dropdown
10. Қорытынды ережелер
Toggle Dropdown
25. Тараптардың осы шартта айтылмаған құқықтық қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
Toggle Dropdown
26. Осы шартты іске асыруға байланысты талап етілетін барлық хабарламалар мен құжаттар, олар жіберілген Тарап оларды алғаннан кейін ғана осы шарт бойынша Тараптардың әрқайсысы тиісінше берген және жеткізген болып саналады.
Toggle Dropdown
27. Хабарламалар мен құжаттар тікелей Тарапқа табыс етіледі немесе поштамен, тапсырыс авиапоштасымен, факспен жөнелтіледі.
Toggle Dropdown
28. Тарап осы шарт бойынша пошталық мекенжайын өзгерткен жағдайда Тараптардың әрқайсысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде екінші Тарапқа жазбаша хабарлама беруге міндетті.
Toggle Dropdown
29. Осы шартқа қоса берілген барлық қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады.
Toggle Dropdown
30. Осы шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың жазбаша келісімімен ресімделеді. Мұндай келісім осы шарттың құрамдас бөлігі болып табылады.
Toggle Dropdown
31. Осы шарт біреуі жалға берушіде, екіншісі – жалға алушыда, ал үшіншісі тіркеу үшін әділет органдарына берілетін үш данада жасалды.
Toggle Dropdown
32. Осы шартқа Тараптардың уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасы ___________ қаласында 20 ___ жылғы ________ (күні) _______ (айда) қол қойды.
Toggle Dropdown
33. Тараптардың заңды мекенжайлары мен қолдары:
Toggle Dropdown
Жалға алушы: Жалға беруші:
Toggle Dropdown
Жалға алушы: Жалға беруші:
Атауы__________________________ Атауы__________________________
Заңды мекенжайы _______________ Заңды мекенжайы _______________
Есеп айырысу шоты _____________ Есеп айырысу шоты _____________
ЖСН ___________________________ ЖСН ___________________________
Банк __________________________ Банк __________________________
Телефон/факс___________________ Телефон/факс___________________
МО МО
Қолы __________________________ Қолы __________________________