Toggle Dropdown
Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі кейінгі жер пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгі шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 925 қаулысы
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 8-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі кейінгі жер пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгі шарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 925 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі кейінгі жер пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгі шарты
Toggle Dropdown
_____________ қ. 20__ж. «__»_________
_____________________________________________________________________
(Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының атауы)
атынан _____________________________________________________________,
(жарғы, ереже)
негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Жалға беруші» деп аталатын_______
бір тараптан және _________________________________________________,
(жарғы, ереже, №___ ЖК куәлігі)
негізінде әрекет ететін ___________________________ атынан бұдан әрі «Қосалқы жалға алушы» деп аталатын ___________________ екінші тараптан, бұдан әрі «Тараптар» деп аталатындар төмендегілер туралы осы жер учаскелерін уақытша өтеулі кейінгі жерді пайдалану (қосалқы жалдау) шартын (бұдан әрі - шарт) жасасты:
Toggle Dropdown
1. Шарттың мәні
Toggle Dropdown
1. Жалға беруші 20__ж._______ №___арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жерді пайдалану (жалдау) шарты бойынша жалдаған жер учаскесін/жер учаскесінің бір бөлігін (бұдан әрі - жер учаскесі) ___________________ арнайы экономикалық аймағының (бұдан әрі – АЭА) аумағында қызметтiң басым немесе қосалқы түрлерiн жүзеге асыру мақсатында уақытша өтеулі кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) қосалқы жалға алушыға тапсырады.
Toggle Dropdown
2. Жер учаскесінің орналасқан жері мен оның деректері:
мекенжайы: _______________________ облысы
______________________________ ауданы
____________ қаласы, ______________________ көшесі.
кадастрлық нөмірі: ____________________________________.
алаңы _________________________________________________.
нысаналы мақсаты: _____________________________________.
пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпалықтар: ________________.
жер учаскесінің бөліну мүмкіндігі: ________________________.
Toggle Dropdown
3. Жер учаскесінде ______________________ (жер учаскесінде орналасқан жағдайда жылжымайтын мүлік объектілері және олардың сипаттамалары көрсетілсін не ондайлардың жоқ екені туралы жазба жасалсын) жылжымайтын мүлік объектілері бар (жоқ).
Toggle Dropdown
Жылжымайтын мүлік объектілерінің (олар жер учаскесінде орналасқан жағдайда) егжей-тегжейлі тізбесі техникалық сипаттамаларымен бірге осы шартқа қоса беріледі.
Toggle Dropdown
Жер учаскесін беру екі данада (әрбір Тарап үшін бір-бірден) жасалатын және тараптардың қолдары қойылатын қабылдап алу-беру актісімен (жер учаскесінің іс жүзіндегі жай-күйін көрсете отырып) ресімделеді. Қабылдап алу-беру актісі осы шартқа қоса тіркеледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Негізгі ұғымдар
Toggle Dropdown
4. Осы шартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) қосалқы жалдау шарты – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жалға беруші мен қосалқы жалға алушы арасында жазбаша нысанда жасалатын, Тараптар қол қойған, оның барлық қосымшаларымен және енгізілген толықтыруларымен бірге АЭА құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі кейінгі жер пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) шарты;
Toggle Dropdown
2) жалға беруші – «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес АЭА-ның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған басқарушы компания;
Toggle Dropdown
3) қосалқы жалға алушы – АЭА қатысушылары, сондай-ақ қызметтiң қосалқы түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар;
Toggle Dropdown
4) Заң – «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
Toggle Dropdown
5) ажырамас жақсартулар – жалға берушімен келісім бойынша қосалқы жалға алушы жүргізген, мүлік үшін зиянсыз ажырамайтын (жер учаскесінің нысаналы мақсатына қайшы келмейтін құрылыстар, ғимараттар) жақсартулар;
Toggle Dropdown
6) жер учаскесі – арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы жер учаскесі;
Toggle Dropdown
7) АЭА қатысушысының шарты – АЭА қатысушысы ретінде қызметін жүзеге асыруы туралы шарт.
Toggle Dropdown
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Toggle Dropdown
5. Қосалқы жалға алушының:
Toggle Dropdown
1) АЭА аумағында қызметтiң басым (немесе қосалқы) түрлерiн жүзеге асыру үшін жер учаскесін пайдалануға;
Toggle Dropdown
2) жер учаскесінің нысаналы мақсатына қайшы келмейтін құрылыстар мен ғимараттар тұрғызуға құқығы бар;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары бар.
Toggle Dropdown
6. Қосалқы жалға алушы мыналарға:
Toggle Dropdown
1) осы шарттың барлық талаптарын толық көлемде орындауға;
Toggle Dropdown
2) жер учаскесін оның негізгі нысаналы мақсатына сәйкес және осы Шартта көзделген тәртіппен пайдалануға;
Toggle Dropdown
3) жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақыны осы шартта белгіленген мөлшерде және шарттарда төлеуге;
Toggle Dropdown
4) жалға берушіге (оның заңды өкілдеріне), уәкілетті органдардың өкілдеріне жер учаскесіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
Toggle Dropdown
5) осы шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы жазбаша хабарламаны жалға берушіге кемінде 3 (үш) айдан кешіктірмей жіберуге;
Toggle Dropdown
6) жер учаскесін пайдалану кезінде қала құрылысы регламенттерінің, құрылыс, экологиялық, санитариялық-гигиеналық, өртке қарсы және өзге де қағидалардың, нормативтердің талаптарын сақтауға, оның ластануына, қоқыстануына жол бермеуге, жер учаскесінде және оның маңындағы аумақтарда экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге, сондай-ақ аумақты абаттандыруды қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де талаптарды сақтауға;
Toggle Dropdown
7) жалға берушіге өзінің деректемелерінің өзгергені туралы он күн мерзімде жазбаша хабарлауға;
Toggle Dropdown
8) осы шарт тоқтатылған жағдайда жер учаскесін осы шарт тоқтатылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдап алу-беру актісі негізінде тиесілі жай-күйде жалға берушіге қайтаруға міндетті;
Toggle Dropdown
9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндеттері бар.
Toggle Dropdown
7. Жалға берушінің:
Toggle Dropdown
1) мынадай жағдайда:
Toggle Dropdown
қосалқы жалға алушы жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған;
Toggle Dropdown
қосалқы жалға алушы жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақыны қатарынан 2 (екі) тоқсаннан астам уақыт енгізбеген;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге;
Toggle Dropdown
2) қосалқы жалға алушымен алдын ала келісе отырып, оны шарт талаптарының сақталуы мәніне тексеру мақсатында жер учаскесінің аумағына кіруге;
Toggle Dropdown
3) қосалқы жалға алушының шаруашылық қызметі нәтижесінде жер учаскесінің қасиетін және экологиялық ахуалды нашарлатумен келтірілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және осы шартта көзделген өзге де негіздер бойынша зияндарды өтеуге құқылы;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтарға ие.
Toggle Dropdown
8. Жалға беруші мыналарға:
Toggle Dropdown
1) осы шарттың барлық талаптарын толық көлемде орындауға;
Toggle Dropdown
2) белгіленген тәртіппен осы шарт мемлекеттік тіркелген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылдап алу-беру актісі бойынша жер учаскесін қосалқы жалға алушыға беруге;
Toggle Dropdown
3) жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақыны аудару үшін өз шотының нөмірі өзгергені туралы қосалқы жалға алушыға он күн мерзімде жазбаша хабарлауға;
Toggle Dropdown
4) қосалқы жалға алушыға жер учаскесін ажырамайтын жақсартуларға байланысты шығындарын өтеуге міндетті;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндеттері бар.
Toggle Dropdown
4. Шарттың мерзімі
Toggle Dropdown
9. Осы шарт Тараптар оны жасасқан күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
10. Осы шарт_________жылға, бірақ__________________ АЭА-ның құрылу және жұмыс істеу мерзімінен, сондай-ақ 20__жылғы ____________ №___ арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жерді пайдалану (жалдау) шартының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге жасалды.
Toggle Dropdown
11. Осы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін және қосалқы жалға алушы өзінің осы шарт бойынша барлық міндеттемелерін орындаған жағдайда, шарт қосымша келісілген талаптармен жаңа мерзімге жасалуы мүмкін. Шартты жаңа мерзімге жасасу ниеті туралы қосалқы жалға алушы жалға берушіге осы шарттың мерзімі аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік 1 (бір) ай бұрын жазбаша хабардар етеді. Бұл ретте қосалқы жалға алушы үшінші тұлғалардың алдында шартты жаңа мерзімге жасасуға басым құқыққа ие болады.
Toggle Dropdown
5. Жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақы
Toggle Dropdown
12. Жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақының мөлшері осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақыны есептеуге сәйкес ҚҚС-ті есепке алмағанда, айына/тоқсанында ________ құрайды.
Toggle Dropdown
13. Жалдау ақысы теңгемен белгіленеді және қосалқы жалға алушының төленетін айдың _____ (__________) күнінен кешіктірмей жалға берушінің банктік шотына аудару жолымен төлеуіне жатады.
Toggle Dropdown
14. Осы шарт бойынша жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақының мөлшері Тараптардың жазбаша келісімі бойынша өзгеруі мүмкін.
Toggle Dropdown
6. Тараптардың жауапкершілігі
Toggle Dropdown
15. Осы шарттың талаптарын бұзғаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
Toggle Dropdown
16. Осы шарт бойынша жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақыны енгізу тәртібі мен мерзімін бұзғаны үшін қосалқы жалға алушы жалға берушіге _____ мөлшерде өсімпұл төлейді.
Toggle Dropdown
17. Осы шарт бойынша міндеттемелерін еңсерілмес күштің әсеріне байланысты бұзғаны үшін Тараптардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Toggle Dropdown
18. Жалға беруші осы шарттың талаптарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда жалға беруші қосалқы жалға алушының шеккен барлық шығындарын өтейді.
Toggle Dropdown
7. Осы Шартты өзгерту , толықтыру , тоқтату және бұзу талаптары
Toggle Dropdown
19. Осы шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, тараптар осы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаған жағдайда осы шарттың талаптарын өзгертуге және оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін біржақты тәртіппен бұзуға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
20. Осы шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар, олар жазбаша ресімделген және Тараптардың осыған уәкілетті өкілдері оған қол қойған жағдайда ғана жарамды болады.
Toggle Dropdown
21. Осы шарттың қолданылуы:
Toggle Dropdown
1) арнайы экономикалық аймақ таратылған;
Toggle Dropdown
2) 20__жылғы ___________ № ___ арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жерді пайдалану (жалдау) шартының қолданылу мерзімі аяқталған;
Toggle Dropdown
3) осы шарт сот тәртібімен мерзімінен бұрын бұзылған жағдайларда тоқтатылады.
Toggle Dropdown
8. Дауларды қарау тәртібі
Toggle Dropdown
22. Осы шарттың міндеттемелерін орындау кезінде туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер жолымен шешіледі.
Toggle Dropdown
23. Дауларды үш ай ішінде келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда Тараптар оларды Қазақстан Республикасының сот органдарының қарауына береді.
Toggle Dropdown
24. Тараптар туындаған даулар мен келіспеушіліктер толық шешілгенше, осы шартта белгіленген міндеттемелерін орындаудан босатылмайды.
Toggle Dropdown
9. Форс-мажор
Toggle Dropdown
25. Осы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған Тарап тиісінше орындау еңсерілмес күштің, яғни төтенше және мұндай мән-жайда еңсерілмейтін болған (апатты зілзала, соғыс әрекеттері және т.б.) жағдай салдарынан мүмкін болмағанын дәлелдемесе, мүліктік жауапкершілікке тартылады.
Toggle Dropdown
10. Қорытынды ережелер
Toggle Dropdown
26. Тараптардың осы шартта айтылмаған құқықтық қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Toggle Dropdown
27. Қосалқы жалға алушының жер учаскесін қосалқы жалдау шарты бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаға беруге, жер учаскесін кейінгі қосалқы жалдауға, кепілге беруге, шаруашылық жүргізуші серіктестіктің немесе қоғамның жарғылық капиталына салым не өндірістік кооперативке пай жарнасы ретінде салуға, сондай-ақ оны ақысыз жедел пайдалануға беруге құқығы жоқ.
Toggle Dropdown
28. Осы шартқа қоса берілген барлық қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады.
Toggle Dropdown
29. Осы шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар, олар жазбаша ресімделген және Тараптардың осыған уәкілетті өкілдері оған қол қойған жағдайда ғана жарамды болады.
Toggle Dropdown
30. Осы шарт біреуі жалға берушіде, екіншісі қосалқы жалға алушыда болатын екі данада жасалды.
Toggle Dropdown
31. Осы шартқа Тараптардың уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасы__________қаласында 20___жылғы_______(күні)______(айда) қол қойды.
Toggle Dropdown
32. Тараптардың заңды мекенжайлары мен қолдары:
Toggle Dropdown
Қосалқы жалға алушы: Жалға беруші:
Атауы _________________________ Атауы ________________________
Заңды мекенжайы________________ Заңды мекенжайы_______________
Есеп айырысу шоты _____________ Есеп айырысу шоты ____________
ЖСН ___________________________ ЖСН __________________________
Банк __________________________ Банк _________________________
Телефон/факс __________________ Телефон/факс _________________
МО МО
Қолы __________________________ Қолы _________________________