Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 қыркүйекте № 8692 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 31.08.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы», «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы», «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы», «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Ұлттық Банк Төрағасы Г. Марченко
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 26 шілдедегі
№ 184 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидалары
Toggle Dropdown
Осы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 37-бабының 11-тармағына, 39-бабының 3-тармағына, 46-бабына, 217-бабының 9) тармақшасына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына және 73-бабының 2-тармағына, «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Инвестициялық қорлар туралы заң) 6-тарауына, «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-3-бабына, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Қор туралы заң) 5-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 8-бабы 9-тармағының 9-2) тармақшасына, «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру талаптары мен тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1
1) кастодиан – қаржы құралдары мен ақшаны есепке алуды, солар бойынша құқықтарды растауды, олардың сақталуы жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдай отырып, құжаттық қаржы құралдарын сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк);
Toggle Dropdown
1
2) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Toggle Dropdown
2. Кастодиан бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына, кастодиандық шартқа және кастодианның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2-1. Қағидалардың қолданылуы Қағидалардың 34-тармағының 1) тармақшасын және 78-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, ол кастодиандық қызметті жүзеге асыруы кезінде орталық депозитарийге қолданылады.
Toggle Dropdown
Орталық депозитарий кастодиандық қызметті Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға, Қағидаларға және орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4. Кастодианның бас офисінің үй-жайларында және оның кастодиандық қызметті жүзеге асыратын филиалдарында, клиенттер үшін қол жетімді орындарда бағалы қағаздар нарығында және сейфтік операцияларға (құжаттық нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, сейфтік жәшіктерді, шкафтар мен үй-жайларды, сондай-ақ құжаттар тізбесін қоса отырып, құжаттарды және құндылықтарды сақтау бойынша қызметтер) кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нотариатта куәландырылған көшірмесі, сондай-ақ кастодиан клиенттің бірінші талабы бойынша осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес танысу үшін ұсынатын құжаттар тізбесі орналастырылады.
Toggle Dropdown
5. Кастодиан клиентің алғашқы талап етуі бойынша клиенттің талап етуді (сұратуды) алған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде оған танысу үшін мыналарды:
Toggle Dropdown
1) Қағидалардың және бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметін жүзеге асыруды реттейтін уәкілетті органның өзге де нормативтік құқықтық актілерінің көшірмелерін;
Toggle Dropdown
2) кастодианның бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қойған ішкі құжаттардың көшірмелерін;
Toggle Dropdown
3) кастодианның соңғы есепті кезеңде қаржылық есептілігін;
Toggle Dropdown
4) пруденциалдық нормативтерді сақтау жөніндегі мәліметтерді;
Toggle Dropdown
5) уәкілетті органның қатарынан соңғы 12 (он екі) күнтізбелік ай ішінде осы кастодианға және (немесе) оның басшы қызметкерлеріне қолданған қадағалап ден қою шаралары мен санкциялары туралы мәліметтер.
Toggle Dropdown
6. Клиенттерге осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін бергені үшін кастодиан оларды дайындауға (қалыптастыруға) кеткен шығындар шамасынан аспайтын мөлшерде төлем алады.
Toggle Dropdown
7. Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті қаржы нарығындағы өзге де қызмет түрлерімен қоса атқаратын екінші деңгейдегі банк (бұдан әрі – банк) мыналарды:
Toggle Dropdown
1) банктің ұйымдық құрылымында кастодиандық қызметті жүзеге асыратын жекелеген бөлімшенің (бөлімшелердің) болуын;
Toggle Dropdown
2) кастодиандық қызметін жүзеге асыратын бөлімшенің (бөлімшелердің) және осы бөлімшенің (бөлімшелердің) қызметкерлерінің функцияларымен және қаржы нарығында қызметтің өзге түрлеріне жатпайтын, сондай-ақ кастодиандық қызметін жүзеге асырмайтын банк бөлімшелерінің (бұдан әрі – басқа бөлімшелер) қызметкерлеріне осы бөлімшенің (бөлімшелердің) қызметкерлерінің құқықтары мен өкілеттіктерін банктің басқа бөлімшелеріне құқық беру (өкілеттік беру) міндеттерін орындамауын болдырмау;
Toggle Dropdown
3) кастодиандық қызметті жүзеге асыратын бөлімшенің (бөлімшелердің) жекелеген үй-жайларының болуын;
Toggle Dropdown
4) кастодиандық қызметті жүзеге асыратын бөлімше (бөлімшелер) орналасқан үй-жайларда реттелетін кіру жүйелерінің болуын;
Toggle Dropdown
5) кастодиандық қызметті жүзеге асыратын бөлімшеде (бөлімшелерде) банктің басқа бөлімшелерінің есепке алу және құжат айналымы жүйелерінен бөлек есепке алу және құжат айналымы жүйелерінің болуын;
Toggle Dropdown
6) банктің басқа бөлімшелері қызметкерлерінің кастодиандық қызметті жүзеге асыратын банк бөлімшесінің (бөлімшелерінің) құжаттамаларына және бағдарламалық-техникалық кешендеріне (оның ішінде деректердің электрондық массивтеріне) кіруіне жол бермеуді;
Toggle Dropdown
7) басшы қызметкерлер мен қызметкерлердің кастодиандық қызметті жүзеге асыратын банк бөлімшесінде (бөлімшелердің) болатын (олар өздерінің лауазымына немесе оларға берілген құқықтар мен өкілеттіктеріне орай алуға рұқсаты бар) ақпаратты банктің басқа бөлімшелерінің қызметкерлеріне бермеуін қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
8. Қағидалардың 7-тармағы 6) және 7) тармақшаларының талаптары басшы қызметкерлер мен қызметкерлердің кастодиандық қызметті жүзеге асыратын банк бөлімшесінде (бөлімшелердің) болатын (олар өздерінің лауазымдарына немесе оларға берілген құқықтар мен өкілеттіктеріне орай алуға рұқсаты бар) ақпаратты функцияларына банктегі ішкі аудитті және Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, ішкі ережелерінің және банк процедураларының талаптарына сәйкес келуіне ішкі бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру кіретін банк қызметкерлеріне беру жағдайларына қолданылмайды.
Toggle Dropdown
8-1. Орталық депозитарий кастодиандық қызметті жүзеге асыру кезінде мыналарды:
Toggle Dropdown
1) өзінің ұйымдық құрылымында кастодиандық қызметті жүзеге асыратын жеке бөлімшенің болуын;
Toggle Dropdown
2) кастодиандық қызметті жүзеге асыратын бөлімшеде орталық депозитарийдің басқа бөлімшелерінің есепке алу жүйесінен және құжат айналымынан бөлек есепке алу және құжат айналымы жүйесінің болуын;
Toggle Dropdown
3) орталық депозитарийдің басқа бөлімшелері қызметкерлерінің кастодиандық қызметті жүзеге асыратын орталық депозитарий бөлімшесінің құжаттамасына және бағдарламалық-техникалық кешендеріне (оның ішінде электрондық деректер массивтеріне) қол жеткізуіне жол бермеуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
1
2-тарау. Кастодиандық шарт
Toggle Dropdown
9. Кастодиандық шарт кастодиан мен клиенттің арасында жазбаша нысанда жасалады.
Toggle Dropdown
Арнайы қаржы компаниясының белгіленген активтері бойынша бос түсімдерді инвестициялаған кезде кастодиан, арнайы қаржы компаниясы және басқаруында арнайы қаржы компаниясының белгіленген активтері бар инвестициялық портфельді басқарушы арасында кастодиандық шарт (бұдан әрі - арнайы қаржы компанияның инвестициялық портфелі).
Toggle Dropdown
Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу мақсатында кастодиандық шарт кастодианның, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және инвестициялық портфельді басқарушының арасында жазбаша нысанда жасалады.
Toggle Dropdown
9-1. Клиентпен кастодиандық шарт кастодиан «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісінше тексеру бойынша шаралар қабылдағаннан кейін жасалады.
Toggle Dropdown
10. Кастодиан резиденттік белгісі бойынша клиентпен кастодиандық шарт жасасудан бас тартпайды.
Toggle Dropdown
11. Кастодиандық шартта кастодиан ерікті жинақтаушы зейнетақы қормен немесе арнайы қаржы компаниясымен немесе арнайы қаржы компаниясымен және арнайы қаржы компаниясының инвестициялық портфельді басқарушысымен немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен және инвестициялық портфельді басқарушымен немесе сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен жасалатын кастодиандық шартты қоспағанда, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 75-бабының 3-тармағында белгіленген оның мазмұнына қойылатын талаптардан басқа мыналар қамтылады:
Toggle Dropdown
1) кастодианның бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны, сондай-ақ кастодианның клиенттен немесе клиенттің шоттарын басқаруға өкілеттігі бар ұйымнан кастодианның осы Қағидалардың 22-тармағының 8) тармақшасында көзделген функцияларын орындауы үшін қажетті құжаттарды алу құқығы;
Toggle Dropdown
2) кастодианның клиент алдындағы есептілігінің нысаны мен кезеңділігі;
Toggle Dropdown
3) клиентке активтерді қайтару не клиенттің активтерін жаңа кастодианға тапсыру тәртібі;
Toggle Dropdown
4) салыстырып тексеруді жүргізу тәртібі мен кезеңділігі;
Toggle Dropdown
5) тараптардың біреуінің бастамасы бойынша және (немесе) уәкілетті органның кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берген кастодиан лицензиясының қолданысы тоқтатылған кезде кастодиандық шартын бұзу тәртібі мен талаптары;