• Мое избранное
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандарының түрлері мен сипаттамаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 4

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандарының түрлері мен сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президентінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 627 Жарлығы

Редакция 05.07.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңы 23-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандарының түрлері мен сипаттамалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары әскери киім нысанының ескі үлгілерін кию мерзімінің ескере отырып, тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде кезең кезеңімен осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 29 тамыздағы
№ 627 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
  • 3
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандарыныңТҮРЛЕРІ МЕН СИПАТТАМАЛАРЫ
I. Арнаулы киім нысаны мен айырым белгілерін сипаттаған кезде пайдаланылатын ұғымдар
1. Осы Жарлықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) амуниция - қаруларды, оқ-дәрілер мен басқа да жабдықтарды алып жүруді жеңілдететін нысанды киім заттары (белбеулер, шағын сөмкелер, жақпарлы кеудешелер);
  • 2
2) арнаулы киім нысаны – Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нысанды киім (киім-кешек) және қызметкерлердің ұлттық қауіпсіздік органына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне тиістілігін айқындайтын айырым белгілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің өзге киімі (киім-кешек)
2-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 06.10.2014 жылғы № 922 Жарлығымен (29.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.02.2019 жылғы № 842 Жарлығына сәйкес (06.10.2014 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 18.09.2019 жылғы № 163 Жарлығымен (13.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)
3) айырым белгілері – қызметкерлердің дербес арнаулы атақтарын, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының түрлеріне тиістілігін білдіретін арнаулы және өзге киім нысаны жабдықтарының элементтері.
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.02.2019 жылғы № 842 Жарлығына сәйкес (06.10.2014 ж. редакцияны қараңыз)
2. Айырым белгілеріне иықтағы белгілер (погондар, шағын погондар), жеңдегі белгілер (жапсырмалар, шеврондар, тігістер), бас киімдердегі (кокардалар, тігістер), погондардағы белгілер (жұлдыздар, жапсырмалар), жағалардағы, жең қайырмаларындағы тігістер, жиектер, лампастар, сондай-ақ дербестендірілген белгілер, кеуде белгілері мен өзге де геральдикалық белгілер жатады.
II. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарықызметкерлерінің арнаулы киім нысандарының түрлері
3. Арнаулы киім нысанының түрлері: ерекше салтанатты, салтанатты, күнделікті-далалық, өзге.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.02.2019 жылғы № 842 Жарлығына сәйкес (06.10.2014 ж. редакцияны қараңыз)
4. Арнаулы киім нысанының әрбір түрі, арнаулы киім деп қарастырылған маусымдық киімді қоспағанда, жазғы және қысқы деп бөлінеді.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.02.2019 жылғы № 842 Жарлығына сәйкес (06.10.2014 ж. редакцияны қараңыз)
  • 2
5. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында әскери, арнаулы оқу орындарын аяқтағаны туралы белгілерді, сыныптық біліктілік белгілерін, айырым белгілерін, күнделікті-далалық киім нысандарының түстерін, сондай-ақ өзге де киімді (спорттық және арнаулы іс-шараларға қатысу үшін, сондай-ақ техниканы, қару-жарақты және тағы сол сияқты қызмет көрсетуге арналған) Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары бекітеді.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.02.2019 жылғы № 842 Жарлығына сәйкес (06.10.2014 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.07.2022 жылғы № 955 Жарлығына сәйкес (18.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)
III. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарықызметкерінің арнаулы киім нысандарының сипаттамасы
1-тарау. Жоғары офицерлік құрамның арнаулы киім нысанының сипаттамасы
6. Ерекше салтанатты киім нысаны:
жазғы (1-сурет):
қара түсті фуражка;
айырым белгілері бар ақ сары түсті мундир;
лампастары мен көктікен (көк) түсті жиектері бар қара түсті шалбар;
ақ түсті жейде;
қара түсті галстук;
қара түсті қысқа қонышты бәтеңке.
7. Салтанатты киім нысаны:
1) жазғы (2-сурет):
қара түсті фуражка;
айырым белгілері бар сұрғылт түсті мундир;
лампастары мен көктікен (көк) түсті жиектері бар қара түсті шалбар;
ақ жейде;
қара түсті галстук;
қара түсті қысқа қонышты бәтеңке;
2) қысқы (3-сурет):
күнқағары бар қара түсті қаракөлден тігілген малақай;
айырым белгілері бар қара түсті жылы пальто;
ақ түсті кашне;
айырым белгілері бар сұрғылт түсті мундир;
лампастары мен көктікен (көк) түсті жиектері бар қара түсті шалбар;
ақ түсті жейде;
қара түсті галстук;
қара түсті іші жылы қысқа қонышты етік;
қара түсті қолғап.
8. Күнделікті-далалық киім нысаны:
1) жазғы (11-сурет):
бір түсті немесе бүркеніш түсті фуражка;