Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 577 бұйрығы
Toggle Dropdown
Редакция 08.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына және «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 және 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тізім бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде жеке кәсіпкерлік субъектілері аккредиттелсін және аккредиттеу туралы куәлік берілсін,
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құрылсын.
Toggle Dropdown
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
4. Мыналардың:
Toggle Dropdown
1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 14 мамырдағы № 307 бұйрығының;
Toggle Dropdown
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 14 мамырдағы № 307 бұйрығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 11 наурыздағы № 120 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 27 тамыздағы № 542 бұйрығының;
Toggle Dropdown
3) Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2008 жылғы 3 тамыздағы № 438 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министрдің м.а. Е. Аман
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2010 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 577 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерінің тізімі
Toggle Dropdown
1. «Қазақстанның Ұлттық Агроөнеркәсіптік Палатасы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қауымдастығы.
Toggle Dropdown
2. «Қазақстан тағам кәсіпорындарының одағы» заңды тұлғалардың бірлестігі.
Toggle Dropdown
3. «Қазақ мақта ассоциациясы» заңды тұлғалардың бірлестігі.
Toggle Dropdown
4. «Қазақстан Фермерлер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі».
Toggle Dropdown
5. «Қазақстан тауар өндірушілері және экспортқа шығарушылар одағы» заңды тұлғаларының республикалық бірлестігі.
Toggle Dropdown
6. «Қазақстандық азық-түлік одағы 2030» заңды тұлғалардың бірлестігі.
Toggle Dropdown
7. «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қауымдастығы.
Toggle Dropdown
8. «Казахрыбхоз» балықшыларының қоғамдық бірлестіктері мен балық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қауымдастығы.
Toggle Dropdown
9. «KAZWATER» су пайдаланушылардың, тұтынушылардың және көліктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі.
Toggle Dropdown
10. «Қазақстан Республикасы орман шаруашылығы мен ағаш өңдеу ұйымдарының «Жасыл Орман» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі.
Toggle Dropdown
11. «Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірігуі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2010 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 577 бұйрығына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құрамы
Toggle Dropdown
|
Ермек Беделбайұлы
Көшербаев
|
-
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, төраға;
|
|
Азамат Қараманұлы
Хамиев
|
-
|
Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті директорының орынбасары, төраға орынбасары;
|
|
Жанат Хамитұлы
Өскенов
|
-
|
«Қазақстанның Ұлттық Агроөнеркәсіптік Палатасы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры;
|
|
Анатолий Висханович
Попелюшко
|
-
|
«Қазақстан тағам кәсіпорындарының одағы» заңды тұлғалардың бірлестігінің президенті;
|
|
Саин Рысбайұлы
Бақтыбаев
|
-
|
«Қазақ мақта ассоциациясы» заңды тұлғалардың бірлестігінің төрағасы;
|
|
Әуезхан Кәмешұлы
Дәрінов
|
-
|
«Қазақстан Фермерлер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президент-төрағасы;
|
|
Николай Владимирович
Радостовец
|
-
|
«Қазақстан тауар өндірушілері және экспортқа шығарушылар одағы» заңды тұлғаларының республикалық бірлестігінің президенті;
|
|
Андрей Викторович
Разинский
|
-
|
«Қазақстандық азық-түлік одағы 2030» заңды тұлғалардың бірлестігінің вице-президенті;
|
|
Оралбай Әбдікәрімұлы
Әбдікәрімов
|
-
|
«Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қауымдастығының төрағасы;
|
|
Азис Василийұлы
Шұтқараев
|
-
|
«Казахрыбхоз» балықшыларының қоғамдық бірлестіктері мен балық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қауымдастығының атқарушы директоры;
|
|
Нұртай Шамренұлы
Каменов
|
-
|
«KAZWATER» су пайдаланушылардың, тұтынушылардың және көліктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті;
|
|
Думай Нұрланұлы
Қыдырбаев
|
-
|
«Қазақстан Республикасы орман шаруашылығы мен ағаш өңдеу ұйымдарының «Жасыл Орман» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің кеңес төрағасы;
|
|
Владислав Анатольевич
Бугаев
|
-
|
«Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірігуінің президенті;
|
|
Рустем Жомартұлы
Кұрманов
|
-
|
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Агроөнеркәсіптік кешен комитеті хатшылығының хатшысы.
|
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 577 бұйрығымен бекітілді
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ереже
Toggle Dropdown
1. Осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ереже (бұдан әрі - сараптамалық кеңес) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына және «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496, сонымен қатар «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулыларына сәйкес әзірленді және Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан құрылған сараптамалық кеңесті қалыптастыру және оның қызметінің тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Сараптамалық кеңес:
Toggle Dropdown
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптамалық қорытындылар алу;
Toggle Dropdown
2) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы және өкілді органдардың жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган.
Toggle Dropdown
3. Сараптамалық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына , «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына , Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4. Сараптамалық кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, мемлекеттік органдар әзірлеген және ұсынған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын олар мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті жарияланғаннан (таратылғаннан) кейін қарайды;
Toggle Dropdown
2) көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын жинақтауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
3) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлейді.
Toggle Dropdown
5. Сараптамалық кеңестің құрамы заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) өкілдерінен қалыптасады.
Toggle Dropdown
6. Әрбір жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестігі өкілеттігі сенімхатпен расталған өз өкілі арқылы сараптамалық кеңестің құрамына қатысады.
Toggle Dropdown
7. Сараптамалық кеңестің құрамы сараптамалық кеңес құрылатын мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімімен бекітіледі.
Toggle Dropdown
8. Сараптамалық кеңестің мүшесі:
Toggle Dropdown
1) сараптамалық кеңестің материалдарына қол жеткізуі;
Toggle Dropdown
2) сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін материалдарды талқылауға қатысуы;
Toggle Dropdown
3) мыналар:
Toggle Dropdown
қаралатын нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша сараптамалық кеңестің отырысын өткізуі;
Toggle Dropdown
тиісті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелерді күн тәртібіне енгізуге өткізуге бастамашы болуы;
Toggle Dropdown
4) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуі;
Toggle Dropdown
5) сарапшылық кеңестің күндізгі отырысын өткізуді талап етуі мүмкін.
Toggle Dropdown
9. Сараптамалық кеңестердің қызметін қамтамасыз етуді Министрлік жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Министрлік жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасын сараптамалық қорытынды алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен кейінгі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса беріп, сараптамалық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жібереді.
Toggle Dropdown
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін мемлекеттік органдар белгілейтін мерзім ол жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне келіп түскен сәттен бастап он жұмыс күнінен аз болмауы керек.
Toggle Dropdown
10. Сараптамалық кеңестің жұмыс органының функцияларын Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
11. Сараптамалық кеңестің жұмыс органы:
Toggle Dropdown
сараптамалық кеңес отырыстарының арасындағы кезеңде оның жұмысын ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, мүдделі коммерциялық емес ұйымдарға жібереді және/немесе оларды мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурсына орналастырады;
Toggle Dropdown
сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
сараптамалық кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша хаттама дайындауды және оған қол қоюды қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
12. Сараптамалық кеңестің төрағасы сараптамалық кеңестің жұмысына басшылық жасауды жүзеге асырады, сараптамалық кеңестің кезекті отырысының күн тәртібін бекітеді, қажет болған кезде оның отырысын шақырады, отырыстардың хаттамаларына қол қояды. Сараптамалық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасар орындайды.
Toggle Dropdown
13. Сараптамалық кеңестің шешімдері хаттама түрінде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
Toggle Dropdown
14. Сараптамалық кеңестің отырыстары кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.
Toggle Dropdown
15. Сараптамалық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасын қарауы отырыс өткізбестен, оны сараптамалық кеңестің мүшелеріне тарату жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
Қарау нәтижелері бойынша осы Ережеде белгіленген тәртіппен хаттама жасалады.
Toggle Dropdown
16. Сараптамалық қорытындылар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері мүшелерінің шоғырландырылған пікірін білдіреді, ұсынымдық сипатта болады және оларды мемлекеттік орган қабылдағанға дейін нормативтік құқықтық актінің жобасына міндетті қосымша болып табылады.
Toggle Dropdown
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды мемлекеттік және орыс тілдерінде, сонымен қатар қағаз және электронды тасығыш түрінде береді.
Toggle Dropdown
17. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелері бар бір сараптамалық қорытынды ұсынған және осы бірлестік сараптамалық кеңестің отырысын өткізуді табанды түрде талап еткен жағдайда осындай отырыстың өткізілуі міндетті болып табылады.
Toggle Dropdown
Бұл ретте сараптамалық кеңестің отырыстары сараптамалық кеңес мүшелерін тікелей шақыру арқылы не нақты уақыт режимінде интернет-конференция өткізу арқылы өткізілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
18. Министрлік сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестігіне сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді.
Toggle Dropdown
Министрлік сараптамалық қорытындымен келіскен кезде нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Toggle Dropdown
19. Мемлекеттік органдардың жанындағы сараптамалық кеңестер қызметінің мониторингін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның жанынан құрылатын үйлестіру кеңесі жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
20. Мемлекеттік органдар өзінің ресми интернет-ресурсында сарапшылық кеңестің отырысына шығарылған қолданыстағы әрбір нормативтік құқықтық акті бойынша сарапшылық кеңес мүшелері мен өзге де мүдделі тұлғалардың ұсыныстарын, мемлекеттік органдардың жауаптарын, хаттамаларды және сараптамалық қорытындыларды сақтайды.