Toggle Dropdown
1
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 14.04.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 3-бөлімін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 984 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
2
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) мен:
Toggle Dropdown
1) мiндеттi зейнетақы жарналары салымшысының;
Toggle Dropdown
2) мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаның;
Toggle Dropdown
3) мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерiн алушының (бұдан әрі – зейнетақы төлемдерін алушы);
Toggle Dropdown
4) мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агенттің арасындағы құқықтық қатынастардың ерекшеліктерін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Мiндеттi зейнетақы жарналарын Заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша:
Toggle Dropdown
мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер;
Toggle Dropdown
мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агенттер (бұдан әрі – агент) төлеуге тиiс.
Toggle Dropdown
3. Міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленедi. Мiндеттi зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды.
Toggle Dropdown
4. Мiндеттi зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебiне жазу) мен аудару және олар бойынша өндіріп алу, сондай-ақ БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі және Заң белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу тәртібі
Toggle Dropdown
5. БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын тартуды және міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
6. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт қосылу шарты болып табылады, оның талаптарын БЖЗҚ бекітеді және ол БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында орналастырылады.
Toggle Dropdown
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт Заңда көзделген құқықтарды, міндеттер мен жауапкершілікті, сондай-ақ БЖЗҚ-ның, мiндеттi зейнетақы жарналары салымшысының (мiндеттi зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерiн алушының) арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшеліктерін белгілейді.
Toggle Dropdown
7. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу (қосылу шарты) БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында орналастырылатын БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша міндетті зейнетақы жарналары салымшысының міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу жөнінде жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қоюы арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
8. БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтердің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне (бұдан әрі – бірыңғай тізім) енгізілгені туралы электрондық хабарламаны алған күннен бастап міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.
Toggle Dropdown
3. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу тәртібі
Toggle Dropdown
9. БЖЗҚ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартуды және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
10. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт қосылу шарты болып табылады, оның талаптарын БЖЗҚ бекітеді және ол БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында орналастырылады.
Toggle Dropdown
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт Заңда көзделген құқықтарды, міндеттер мен жауапкершілікті, сондай-ақ БЖЗҚ-ның, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаның (мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерiн алушының) және агенттің арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшеліктерін белгілейді.
Toggle Dropdown
11. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу (қосылу шарты) БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында орналастырылатын БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу жөнінде жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке агенттің және өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаның қол қоюы арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
12. БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациядан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтердің бірыңғай тізімге енгізілгені туралы электрондық хабарламаны алған күннен бастап агент және өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.
Toggle Dropdown
1
13. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын жасалған шарт болған кезде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлға және жаңа агент мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жаңа жеке зейнетақы шотын ашпай-ақ БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарымен айқындалатын нысан бойынша міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтінішке қол қояды.
Toggle Dropdown
Осы Қағидалардың 13-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген өтініш шеңберінде келіп түскен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық табыс, өсімпұл және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өзге де түсімдер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша бұрын ашылған жеке зейнетақы шотында есепке алынады.
Toggle Dropdown
4. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаны немесе зейнетақы төлемдерiн алушыны зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабардар ету тәртібі
Toggle Dropdown
14. БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлға немесе зейнетақы төлемдерiн алушы сұрау салған кез келген күнгі міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-да мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоты ашылған күнінен бастап береді.
Toggle Dropdown
15. БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаға немесе зейнетақы төлемдерiн алушыға зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беруді ақы алмай жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
16. Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы, оның ішінде мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаға немесе зейнетақы төлемдерiн алушыға БЖЗҚ жыл сайынғы хабардар ету шеңберінде ұсынатын ақпаратта:
Toggle Dropdown
1) сұратылып отырған кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы;
Toggle Dropdown
2) сұратылып отырған кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық табыс сомасы;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы бекіткен және сұратылып отырған кезеңнің соңында қолданыстағы инвестициялық табыстан және зейнетақы активтерінен түсетін комиссиялық сыйақының шамасы;
Toggle Dropdown
4) сұратылып отырған кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, зейнетақы жарналарының, өсімпұлдың, аударымдардың, зейнетақы жинақтары төлемдерінің және (немесе) ұсталған жеке табыс салығының сомасы;
Toggle Dropdown
5) сұратылып отырған кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, мiндеттi зейнетақы жарналарын немесе мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотында көрсетілетін өзге де операциялардың сомасы туралы мәліметтер қамтылады.
Toggle Dropdown
17. БЖЗҚ хабардар етуді мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлға немесе зейнетақы төлемдерiн алушы таңдаған, төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жүзеге асырады:
Toggle Dropdown
1) электрондық – хабарламаны мiндеттi зейнетақы жарналары салымшысының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаның міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште немесе нысаны БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарына сәйкес айқындалатын жеке келісімде көрсетілген электрондық мекенжайына (e-mail) жіберу;
Toggle Dropdown
2) мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлға немесе зейнетақы төлемдерiн алушы тікелей БЖЗҚ-ға өзі өтініш жасаған кезде;
Toggle Dropdown
3) мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлға немесе зейнетақы төлемдерiн алушы электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе пайдаланушының берілген логині мен паролін пайдалана отырып, интернет арқылы өзі өтініш жасаған кезде;
Toggle Dropdown
4) пошта байланысының қызметтері арқылы.
Toggle Dropdown
18. Төлем карточкасы арқылы хабардар етуді қоспағанда, мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысын немесе міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерiн алушыны осы Қағидалар бекітілгенге дейін жасалған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша өткен жылдағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайын міндетті хабардар етуді БЖЗҚ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-ға берілген электрондық форматтарда көрсетілген тәсілмен жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
19. БЖЗҚ-ның міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсiлi міндетті зейнетақы жарналарының салымшысымен, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғамен келісім бойынша міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініш шеңберінде айқындалады.
Toggle Dropdown
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлға немесе зейнетақы төлемдерін алушы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабардар ету тәсілін өзгерткен жағдайларда, хабардар етудің жаңа тәсілі жеке келісіммен айқындалады, оның нысаны БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады.
Toggle Dropdown
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру тәсілі жөніндегі мәліметтер болмаған, не егер беру төлем карточкасы арқылы хабардар етуді көздейтін тәсілмен айқындалған жағдайда, өткен жылдағы міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ұсыну міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы немесе міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алушы тікелей БЖЗҚ-ға өзі өтініш жасаған кезде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
20. Мынадай:
Toggle Dropdown
1) ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотында ақша болмаған;
Toggle Dropdown
2) міндетті зейнетақы жарналарын салымшы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлға немесе зейнетақы төлемдерін алушы БЖЗҚ-ны «адресат көрсетілген мекенжай бойынша тұрмайды» деген белгімен өткен жылдағы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпараттың БЖЗҚ-ға қайтарылуы нәтижесінде белгіленген тұрғылықты жерінің өзгергені туралы хабардар етпеген жағдайларда, БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарының салымшысын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаны немесе зейнетақы төлемдерін алушыны олардың зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайын міндетті хабардар етпейді.
Toggle Dropdown
5. Міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаның немесе зейнетақы төлемдерін алушының БЖЗҚ-ның міндеттемелерін орындауына ықпал ететін барлық өзгерістер туралы хабардар ету тәртібі
Toggle Dropdown
1
21. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлға немесе зейнетақы төлемдерін алушы БЖЗҚ-ның міндеттемелерін орындауына ықпал ететін барлық өзгерістер туралы БЖЗҚ-ны осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабардар етуге міндетті.
Toggle Dropdown
БЖЗҚ-ның міндеттемелерін орындауына ықпал ететін өзгерістерге мыналар жатады:
Toggle Dropdown
1) міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаның міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште немесе егер міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт осы Қағидалар бекітілгенге дейін жасалған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта не нысаны БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарына сәйкес белгіленетін жеке өтініште көрсетілген тұрғылықты жері мекенжайының, электрондық мекенжайының (e-mail) өзгеруі;
Toggle Dropdown
2) зейнетақы төлемдерін алушының зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініште көрсетілген банктік деректемелерінің өзгеруі.
Toggle Dropdown
22. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлға немесе зейнетақы төлемдерін алушы осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген деректерді өзгерту мақсатында жеке басын куәландыратын құжатпен, нысандары БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарына сәйкес белгіленетін, өзекті деректер көрсетілген мекенжайлық деректерін өзгерту туралы өтінішпен, банк шотының деректемелерін өзгертуге арналған өтінішпен немесе зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы жаңа өтінішпен БЖЗҚ-ға хабарласады.
Toggle Dropdown
6. Қорытынды ережелер
Toggle Dropdown
23. БЖЗҚ-ның зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөніндегі өтініштерді қарауы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
24. Осы Қағидалар, оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ осы Қағидалардың жаңартылған редакциясы БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында және БЖЗҚ-ның филиалдарында көзге көрінетін жерге орналастырылады.
Toggle Dropdown
25. Мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшылары (міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алушылар) Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасасқан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар осы Қағидаларға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
Toggle Dropdown
Осы Қағидалар бекітілгенге дейін міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасқан мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшылары (міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алушылар) БЖЗҚ-да мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап қосылу шартына қосылған болып есептеледі.
Toggle Dropdown
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорының зейнетақы қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорының зейнетақы қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
3. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу тәртібі