«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 4-тармағын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН :
Отправить по почте
Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды жүргізу қағидалары мен мерзімдерін, «Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 06 мамырдағы № 156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 мамырда № 8469 тіркелді
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 28.01.2016 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес (06.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 жылғы № 492 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2020 жылғы № 67 Бұйрығына сәйкес (19.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 29.06.2023 жылғы № 426 Бұйрығына сәйкес (04.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 4-тармағын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 28.01.2016 жылғы № 44 Бұйрығымен (06.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 1-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 жылғы № 492 Бұйрығымен (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2020 жылғы № 67 Бұйрығына сәйкес (19.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп - қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдерін және «Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 29.06.2023 жылғы № 426 Бұйрығына сәйкес (04.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру ережесі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 28.01.2016 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес (06.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Д.Р. Құсдәулетовке және Қазақстан Республикасы Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш. Әбішевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев
Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 156 бұйрығымен бекітілген
Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу, жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды жүргізу қағидалары мен мерзімдері және «Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Қағида мен мерзімдер жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 28.01.2016 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес (06.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) Қағида мен мерзімдер жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 жылғы № 492 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Әділет министрінің 20.07.2018 жылғы № 1123 Бұйрығымен (27.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2020 жылғы № 67 Бұйрығына сәйкес (19.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Әділет министрінің 13.09.2021 жылғы № 795 Бұйрығымен (12.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Әділет министрінің 04.04.2023 жылғы № 217 Бұйрығымен (13.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 29.06.2023 жылғы № 426 Бұйрығына сәйкес (04.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу, жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу қағидалары мен мерзімдері және «Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» (бұдан әрі - Заң) және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды, жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің сәйкессіздіктерін белгілеу және «Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтықтарын белгілеу туралы қорытындыны беру» және «Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру».
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жылжымайтын мүлікке (жылжымайтын заттар) жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын объектілер жатады;
2) далалық жұмыстар - жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне маманмен абрис жасай отырып, жылжымайтын мүлік объектісін өлшеу бойынша жұмыстар.
3) камералдық жұмыстар - жылжымайтын мүлік объектісінің барлық ауданы мен көлемін есептеу, жер учаскесін және қабаттық жоспарды сызу, кадастрлық паспорт нысандарын толтыру, түгендеу ісін қалыптастыру, ақпараттық жүйелерге деректерді енгізу бойынша жұмыстар;
4) абрис - жер учаскесінің, күрделі құрылыстың (ғимараттың, имараттың), оқшауланған үй-жайдың, аяқталмаған консервацияланған күрделі құрылыстың (ғимараттың, имараттың) схемалық жоспары, тұрақ орны-жылжымайтын мүлік объектісінің және оның құрылымдық элементтерінің контурлары, өлшеу нәтижелері, жылжымайтын мүлік объектісінің нақты жоспарын жасау үшін қажетті атаулар мен басқа да мәліметтер көрсетілетін орын;
5) техникалық сипаттамалар - құқықтық кадастрды жүргізу үшін қажетті мемлекеттік техникалық тексеру немесе қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау нәтижесінде жылжымайтын мүлік объектісінің құрылымдық элементтерінің сипаттамасы;
6) кадастрлық нөмір - жеке, Қазақстан Республикасының аумағында қайталанбайтын, жылжымайтын мүлік объектісінің нөмірі;
7) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғын үй);
8) тұрғын емес үй-жай – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қоспағанда, көппәтерлі тұрғын үйдегі құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сәйкес келетін, жоба сатысында көзделген, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, шекаралары қабырғалардың, еденнің және төбенің (қабатаралық жабындылардың) ішкі беттері болып табылатын, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарда (кеңсе, дүкен, кафе, қонақүй, хостел және халыққа қызмет көрсету саласының басқа да объектілері) пайдаланылатын және дара (бөлек) меншіктегі жеке ішкі кеңістік;
9) орынтұрақ орны – паркингте (болған кезде гаражда) автокөлік құралын қоюға арналған, тұрғын емес үй-жай болып табылмайтын және дара (бөлек) меншіктегі орын.
3. Құқық белгілеуші құжатта қамтылған сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің нақты деректерімен алшақтықтарын белгілеу мақсатында құқық иесі тіркеуші органға осындай алшақтықтарды анықтау үшін өтініш беруге құқылы, оның нәтижелері бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды ресімделеді.
Алшақтықтарды анықтау жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындысы бойынша жүргізіледі.
«Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды жүргізу қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны беру» және «Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметтерін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-бөлім. «Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық паспортын беру және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1–қосымшаға сәйкес «Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінде (бұдан әрі - № 1 Тізбе) келтірілген.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу жөнінде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш береді, жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын және жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге № 1 тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтықтарын белгілеу туралы қорытынды беру: www.egov.kz (бұдан әрі – портал).
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсыну кезінде:
көрсетілетін қызметті берушіге - көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
портал арқылы-көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» нәтижені алу орны мен күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған не ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынады.
Көрсетілетін қызметті алушы № 1 Тізбеде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау жөніндегі қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы № 1 Тізбеде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және портал арқылы келіп түскен өтінімдерді қоспағанда, жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру бөліміне орындауға жолдайды.
Жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру бөлімі мұрағатының қызметкері, түгендеу істерін іздестіруді және жауапты орындаушыға беруді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру бөлімінің қызметкері келесі әрекеттерді жасайды:
ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін дерекқорға енгізу бойынша:
жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізеді, объектіні пайдалануға қабылдау актісіне белгі қояды;
жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны дайындау бойынша әзірленген кадастрлық паспортты және қорытындыны басшылыққа келісуге және қол қоюға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде жеке кабинетіне жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша орындалған жұмыс үшін қосымша ақы төлеу қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі.
Кадастрлық паспортты беру және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны беру тәртібі мен процесі осы Қағиданың 3-тарауымен регламенттелген.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің қол қойылған нәтижесі тіркеледі және тізілім бойынша көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау және беру бөліміне жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің цифрлық құжаттар сервисінен жеке басын куәландыратын құжатты не электрондық құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырады:
өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға үшін;
жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне жүгінбеген кезде көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімі бір ай ішінде олардың сақталуын қамтамасыз етеді, осы мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру бөліміне қайтарылады.