• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020 г

Отправить по почте

4

Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 тамызда № 8642 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 жылғы № 42 Бұйрығына сәйкес
Осы Бұйрық тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.10.2017 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (05.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 жылғы № 566 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.10.2017 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (05.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетiлетiн қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтiк сметаларды бекiту қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.10.2017 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (05.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау, жиынтық талдау және халықаралық ынтымақтастық департаменті (А.В. Мартыненко):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (С.С. Метенова) ұсынсын;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ:»
Қазақстан Республикасы
 Статистика агенттігі 
төрағасының міндетін атқарушы
__________ Ж. Жарқынбаев
2013 жылғы 15 шілде
«КЕЛІСІЛДІ:»
Қазақстан Республикасы
 Экономика және бюджеттік 
жоспарлау министрі
______________ Е. Досаев
2013 жылғы «___»________
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттiгi төрағасының
2013 жылғы 19 шілдедегі
№ 215-НҚ бұйрығымен бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015 жылғы № 273 Бұйрығымен (19.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.05.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 жылғы № 566 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.10.2017 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (05.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) құзыретті орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) өтінім – табиғи монополия субъектісінің уәкілетті органның ведомствосына берген реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын), оның ішінде сараланған және инвестициялық тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту туралы ресми өтініші (арызы);
3) стратегиялық тауарлар – табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут, дизель отыны, электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн – электр энергиясы, жылумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін және жылу энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы нормативтік ысыраптар үшін – жылу энергиясы, газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өз мұқтаждары мен ысыраптары үшін – газ, сумен жабдықтау, жылу энергиясын өндіру салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін – сатып алынатын су;
4) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
5) уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті.
Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес қолданылады.
3. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) мынадай жағдайларда:
2) уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша бекітеді.
4. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту туралы өтінім берген және шешім қабылдаған кезде, сондай-ақ тарифтік сметаларды орындау туралы есепті қарау кезінде уәкiлеттi органның ведомствосы және табиғи монополиялар субъектiлерi Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін (бұдан әрі – Ерекше тәртіп), өзге де табиғи монополиялар салаларындағы, сондай-ақ бухгалтерлік есеп стандарттарын белгілейтін салық заңнамасын нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 жылғы № 566 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.10.2017 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (05.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын бекітуге өтінімді ұсыну және оны қабылдау
5. Табиғи монополия субъектісін құру немесе қайта ұйымдастыру кезінде, сондай-ақ қолданылу мерзімін шектей отырып бекітілген тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылу мерзімі аяқталған соң табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосына тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекітуге өтінім ұсынады.
6. Уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаларды, алымдар ставкаларын) және табиғи монополия субъектілерінің тарифтік сметаларын өзгертуге тарифтер және тарифтік сметалар туралы ақпаратты тексеру нәтижелері бойынша қорытындының негізінде бастамашылық жасайды.
7. Табиғи монополия субъектісі тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қолданысқа енгізгенге дейін қабылданған шешімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, бекітілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) болуын растайтын құжатты қоса бере отырып, өтініммен бірге өзінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметалардың және тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын күнтізбелік тоқсан күннен кешiктiрмей ұсынады.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 жылғы № 566 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
7-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.05.2016 жылғы № 199 Бұйрығына сәйкес (24.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.06.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) қайта қаралған жағдайда, табиғи монополия субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап экономикалық негізделген есептерді және жаңа тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекіту үшін өтінім берген кездегі көлемде өзге ақпаратты бір ай мерзімде ұсынады.
Тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) төтенше реттеуші шаралар ретінде, оның ішінде стратегиялық тауарлардың құнын арттыру кезінде қайта қаралған жағдайда, табиғи монополия субъектісі өтініммен бірге өзі ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметаның және тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын ұсынады, бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы мұндай жағдайда қолданылмайды.
8. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекітуге арналған өтiнiмге:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 жылғы № 566 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.05.2016 жылғы № 199 Бұйрығына сәйкес (24.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.06.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.10.2017 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (05.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту қажеттiгi туралы түсiндiрме жазба;
3) осы Қағидаларға 3-33-қосымшаларда көрсетілген нысандар бойынша Ерекше тәртіптің 6-тармағының талаптарына сәйкес тарифтік сметаның жобасы;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бухгалтерлік баланс (бұдан әрі – бухгалтерлік баланс);
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кірістер мен залалдар туралы есеп (бұдан әрі – кірістер мен залалдар туралы есеп);
6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген) 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп;
7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген) нысан бойынша капиталдағы өзгерістер туралы есеп (бұдан әрі – капиталдағы өзгерістер туралы есеп);
8) Қағидалардың осы тармағының 4) – 7) тармақшаларында көзделген қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазба;
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес статистикалық нысан бойынша еңбек бойынша есеп;
10) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 7 қазандағы № 154 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12227 болып тіркелген) нысан бойынша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп (1-ПФ), шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін шағын кәсіпорнының қызметі туралы есеп (2-ШК);
11) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларын) жобасын есептеу үшін жиынтық деректер;
12) тарифтік смета бойынша өзге және басқа шығыстардың толық жазылуы (табиғи монополия субъектілер қызметін жүзеге асыру үшін талап етілетін осы шығындардың қажеттілігі негіздеумен тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сатып алынуын растайтын құжаттар);