• Мое избранное
"Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 1418 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 1418 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 қазандағы № 1052 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 573 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 1418 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 7, 90-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасында:
9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты жарамсыз деп саналады.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты біліктілік аттестатының қолданылуы тоқтатылған жағдайда кедендік декларациялау жөніндегі маман қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын қолданыстағы біліктілік аттестатын қоса бере отырып, Кодекстің 32-бабының 4-тармағына сәйкес қайта аттестаттау бойынша емтихан тапсыруға өтініш беруге құқылы. Емтиханды сәтті тапсырған кезде қолданыстағы біліктілік аттестаты жаңасы тіркелген сәттен бастап жарамсыз болады.»;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Егер кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты өтініш иесі ұсынған толық емес мәліметтер және дәйексіз мәліметтер негізінде берілген жағдайда, біліктілік аттестаты жойылуға жатады.
11. Біліктілік аттестатын жою туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді. Бұл ретте біліктілік аттестатын беру туралы қайталама өтінішті кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жою туралы бұйрық қабылданған күнінен бастап бір жыл өткен соң қарайды.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов