• Мое избранное
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 149 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 қыркүйекте № 8596 тіркелді

Тақырып өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.07.2014 жылғы № 139 Қаулысымен (28.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.09.2014 жылы № 145 (2539)„Заң„ газетінде жарияланды
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2024 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі төртінші абзацының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.07.2014 жылғы № 139 Қаулысымен (28.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.09.2014 жылы № 145 (2539)„Заң„ газетінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 жылғы № 100 Қаулысына сәйкес (14.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2024 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (24.12.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.07.2014 жылғы № 139 Қаулысымен (28.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.09.2014 жылы № 145 (2539)„Заң„ газетінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2024 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 97 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5421 тіркелген, 2008 жылғы 31 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 197 (1423) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк   Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 28 маусымдағы
№ 149 қаулысымен
бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық
Осы Нұсқаулық өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.07.2014 жылғы № 139 Қаулысымен (28.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.09.2014 жылы № 145 (2539)„Заң„ газетінде жарияланды
Осы Нұсқаулық өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 жылғы № 131 Қаулысымен  (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Нұсқаулық өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2016 жылғы № 229 Қаулысымен  (17.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.11.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Нұсқаулық өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 185 Қаулысымен  (26.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Нұсқаулық өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 жылғы №171 Қаулысымен (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Нұсқаулық өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 жылғы № 100 Қаулысымен  (14.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Нұсқаулық жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2022 жылғы № 88 Қаулысына сәйкес (22.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа 
енгізіледі)
Осы Нұсқаулық жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2024 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 52-3-бабына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі төртінші абзацының 12) тармақшасына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді және онда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының (бұдан әрі – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары) бухгалтерлік есепті жүргізуін нақтылайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (24.12.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Нұсқаулықта Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, «Сақтандыру қызметі туралы», «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында көзделген ұғымдар пайдаланылады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары (бұдан әрі – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары) бухгалтерлік есепті жүргізген кезде «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 251 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16390 болып тіркелген) сәйкес шоттар қолданылады.
Клиенттердің сақтандыру ұйымдарының инвестициялық басқаруындағы активтерінің бухалтерлік есебін жүргізу кезінде «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 251 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16390 болып тіркелген) сәйкес баланстан тыс шоттар қолданылады.
4. Бухгалтерлік есепті жүргізуді регламенттейтін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ішкі құжаттарында көзделген тәртіпте «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына қайшы келмейтін бөлікте қосымша бухгалтерлік жазбаларды жасауға рұқсат етіледі.
Шетел валютасындағы операциялардың сомасын валюталық позицияның шоттарын және шетел валютасының контр құнын пайдалана отырып көрсетуге рұқсат етіледі. Сыйақы түріндегі кіріс пен шығыс «Қаржы құралдары» 9 (IFRS) халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісін пайдалана отырып танылады.
1-бөлім. Қаржы құралдары мен аффинирленген бағалы металдардың бухгалтерлік есебі
2-тарау. Бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлік есебі
1-параграф. Өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша есепке алынатын сатып алынған борыштық бағалы қағаздарды есепке алу
5. «Өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар» санатына сыныпталған борыштық бағалы қағаздарды сатып алған кезде (мәміле бойынша шығыннан тұратын сатып алу құнына) мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) авансты брокерге аударған кезде:

Дт

1610 02

Брокерлермен есеп айырысу

Кт

1060 61

Ағымдағы шоттағы ақшалай қаражат (зейнетақы активтері) (инвестициялық шот);

2) мәміле бойынша шығынды ескере отырып, сатып алынған борыштық бағалы қағаздың таза құнына (оның номиналды құнынан аспайтын сомаға):

Дт

1120 01

Өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша есепке алынатын қысқа мерзімді қаржы активтері

Кт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат

 

1610 02

Брокерлермен есеп айырысу;

3) борыштық бағалы қағазды сатып алуға байланысты шығынды қамтитын сыйлықақы сомасына:

Дт

1120 03

Өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша есепке алынатын сатып алынған қысқа мерзімді қаржы активтері бойынша сыйлықақы

Кт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат


 

1610 02

Брокерлермен есеп айырысу;

4) дисконт (жеңілдік) сомасына:

Дт

1120 01

Өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша есепке алынатын қысқа мерзімді қаржы активтері

Кт

1120 02

Өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша есепке алынатын сатып алынған қысқа мерзімді қаржы активтері бойынша дисконт;

5) алдыңғы ұстаушылар есептеген сыйақы сомасына:

Дт

1270 04

Алдыңғы ұстаушылар бағалы қағаздар бойынша есептеген сыйақы

Кт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат


 

1610 02

Брокерлермен есеп айырысу;

6) борыштық бағалы қағаздарды сатып алу бойынша мәміле сомасы (мәміле бойынша шығынды ескере отырып) олардың әділ құнынан асып кеткен жағдайда:

Дт

7470 10

Бағалы қағаздарды сатып алудан-сатудан шығыс

Кт

1120 02

Өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша есепке алынатын сатып алынған қысқа мерзімді қаржы активтері бойынша дисконт

 

1120 03

Өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша есепке алынатын сатып алынған қысқа мерзімді қаржы активтері бойынша сыйлықақы;

7) борыштық бағалы қағаздарды әділ құны олардың сатып алу бойынша мәміле сомасынан асып кеткен жағдайда:

Дт

1120 02

Өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша есепке алынатын сатып алынған қысқа мерзімді қаржы активтері бойынша дисконт

 

1120 03

Өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша есепке алынатын сатып алынған қысқа мерзімді қаржы активтері бойынша сыйлықақы

Кт

6280 09

Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан кіріс.

6. Өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша есепке алынатын сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыны есептеген кезде ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен есептелген сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1270 01

Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түрінде есептелген кіріс

Кт

6110 01

Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кіріс.

7. Өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша есепке алынатын сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы немесе дисконт (жеңілдік) амортизациясы кезінде ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) сыйлықақы амортизациясының сомасына:

Дт

7310 02

Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы амортизациясына байланысты шығыс

Кт

1120 03

Өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша есепке алынатын сатып алынған қысқа мерзімді қаржы активтері бойынша сыйлықақы;

2) дисконттың (жеңілдіктің) амортизациясы сомасына:

Дт

1120 02

Өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша есепке алынатын сатып алынған қысқа мерзімді қаржы активтері бойынша дисконт

Кт

6110 03

Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт амортизациясына байланысты кіріс.

8. Нұсқаулықтың 6 және 7-тармақтарына сәйкес сыйақы және сыйлықақы немесе дисконт (жеңілдік) амортизациясы есептелгеннен кейін өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша бағаланатын сатып алынған борыштық бағалы қағаздарды ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен әділ құны бойынша қайта бағалау жүргізіледі және мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
егер борыштық бағалы қағаздардың әділ құны олардың есептік құнынан жоғары болса:

Дт

1120 04

Өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша есепке алынатын қысқа мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету

Кт

6150 01

Өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздардың құны өзгеруінен кіріс;

егер борыштық бағалы қағаздардың есептік құны олардың әділ құнынан жоғары болса:

Дт

7470 03

Өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздардың құны өзгеруінен шығыс

Кт

1120 05

Өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша есепке алынатын қысқа мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету;

борыштық бағалы қағаздардың әділ құнын есептелетін оң немесе теріс түзету сомасына:

Дт

1120 05

Өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша есепке алынатын қысқа мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету

Кт

1120 04

Өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша есепке алынатын қысқа мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету.

9. Өзгерістері пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша есепке алынатын, құны валюталардың айырбастау бағамы бойынша шетел валютасында көрсетілген борыштық бағалы қағаздарды қайта бағалау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
валюталардың айырбастау бағамы ұлғайған кезде оң бағамдық айырма сомасына: