• Мое избранное
"Салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 463 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 17.06.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 463 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қазандағы № 1088 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.06.2015 жылғы № 449 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 463 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 35, 427-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) кеден органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны айқындау туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамы салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегі есебіне және (немесе) кеден органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлға болып айқындалсын.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов