Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қазандағы № 1092 қаулысы
Редакция 29.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдары Тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қазандағы № 1092 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 2020 жылға дейінгі ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
1. Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыру пайымы
Кластерлер инновацияларға, өнеркәсіптік дамуға, бәсекеге қабілеттілік пен экономиканың тиімділігіне ықпал ететін маңызды құрал болып табылады. Кластерлік саясат әлемде қазіргі заман жағдайында инновациялық дамудың барабар тетігі ретінде кең таралды.
Кластерлік тәсіл жаңа өндірістер ашу мен елдің әлемдік нарықтағы бәсекелестік артықшылығын күшейтетін, қосылған құн мен ғылымды қажет етушіліктің жоғары деңгейіндегі қызметке байланысты. Кластерлік тәсілдің артықшылығы жоғары технологиялық және инновациялық бизнесті дамытуға, сондай-ақ ведомствоаралық және салааралық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталуына байланысты.
Осы Тұжырымдамада «Қазақстан – 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын ескере отырып, Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерінің мақсаттары, міндеттері және даму бағыттары көрініс тапқан.
Перспективалы ұлттық кластерлер ретінде заманауи технологиялар мен бизнес модельдеріне негізделген бәсекеге қабілетті, инновациялық өнімдер мен қызметтер өндіру үшін біріктірілген жеке сектордағы компаниялардың, ұйымдардың, ғылыми-зерттеу және инжинирингтік ұйымдардың, инвесторлардың, қаржы институттары мен арнайы даму аумақтарының (арнайы экономикалық аймақтар (бұдан әрі – АЭА), технопарктер, индустриялық аймақтар (бұдан әрі - ИА) өзара пайдалы кооперациясы түсініледі.
Осы Тұжырымдама перспективалы ұлттық кластерлерді, оларды ғылыми-білім беру, инфрақұрылымдық және кадрлық қолдауды дамыту үшін институционалдық, әдіснамалық, ұйымдық негіздерді қалыптастыру мақсатында әзірленді.
Бұл ретте кластерлік тәсіл экономика дамуының салалық тәсілін алмастырмайды, қайта мемлекеттік салалық саясатты толықтырады. Қазақстанда жаңа құзыреттер (технология және өнім, білім және дағды) инновациялық кластерлерді ұйымдастыру қағидаты негізінде салалардың, компаниялардың және ел өңірлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады.
АЭА-ның, технопарктердің, ИА-ның, бизнес-инкубаторлардың және кәсіпкерлік инфрақұрылымының басқа да объектілерінің әлеуетін пайдалану кластерлік жобаларды дамыту үшін қолайлы мүмкіндіктер ашады.
Отандық кластерлердің ғаламдық жеткізу тізбегіне енуі ұлттық технологиялық қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай көтеруге, экономикалық өсу, кластерлер құрамына кіретін бизнестің халықаралық бәсекеге қабілеттілігі сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Тұжырымдама сондай-ақ перспективалы ұлттық кластерлерді мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары мен тетіктерін айқындайды.
Кластерлік дамытудың әлемдік тәжірибесін талдау
Кластерлік тәсіл негізінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру әлемнің көптеген елдерінің даму стратегияларында кең таралған. Оны соңғы 10 жылда әлемнің 20 елінде іске асырылған 500-ден астам кластерлік бастамаларды талдау көрсетіп отыр.
Бүгінгі күні инновациялық кластерлердің «үздік тәжірибелері» Америка Құрама Штаттарында (бұдан әрі - АҚШ), Еуропалық одақта (бұдан әрі - ЕО) және Оңтүстік Шығыс Азияда шоғырланған. Сарапшылардың бағалауы бойынша қазіргі уақытта кластерлеумен әлемнің жетекші елдері экономикасының шамамен 50 %-ы қамтылған.
Кеңістікте ұйымдастырудың жаңа нысандарының жарқын мысалдары мына инновациялық орталықтар мен кластерлер болып табылады: силиконды алқап, Францияның бәсекеге қабілетті кластерлері, Финляндияның кластерлері, Эйндховен–Левен–Аахен (ELAt) халықаралық кластері, Биотехнологиялық алқап, Оңтүстік Кореядағы кеме жасау кластері, Жапонияның машина жасау кластерлері, Қытай Халық Республикасының (бұдан әрі – ҚХР) «Шанхай аймағы».
Кластерлерді қалыптастыру және іске асыру саласындағы әлемдік тәжірибені талдау мынаны көрсетті:
1) кластерлік тәсілді қолдану экономика дамуындағы заңды кезең болып табылады, ал оның таралуын жоғары дамыған экономикалардың басты белгісі ретінде қарауға болады;
2) үш еселік шиыршық, яғни мемлекеттік органдардың, бизнестің және ғылыми-білім беру мекемелерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру қағидаты кластерлік саясаттың негізі болып табылады;
3) кластерлер жоғарыдан қалыптастырылмайды, олар инновациялық даму процесінде қалыптастырылады. Бұл ретте мемлекет кластерлерді неғұрлым белсенді құру үшін жағдайлар жасауға тырысады. Неғұрлым табысты инновациялық кластерлердің, жаңа нарықтық тауашаларға жете отырып, өндірістің техника және технология салаларында «серпіліс» жүзеге асырылатын орындарда құрылады;
4) кластер ерекшелігі оған кіретін ұйымдардың жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілермен салыстырғанда кластерлердің барлық қатысушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттырудан көрініс табатын синергетикалық әсерге қол жеткізуі болып табылады;
5) ескі индустриялық кластерлерге қарағанда, жаңа буын кластерлерінің ерекше белгісі олардың инновациялық бағдарлануы болып табылады. Егер өнеркәсіп кластерлеріндегі «өсу нүктесі» ірі индустриялық кәсіпорындар болатын болса, инновациялық кластерлердегі импульс жаңа буын университеттері, жоғары технологиялық компаниялар, инновациялық орталықтар нысанындағы жаңа түзілістерден туындап отыр. Бұл ретте инновациялық кластерлерде негізгі назар классикалық инвестициялық жобаларға емес, инновациялық экожүйені, креативтік ортаны қалыптастыруға, инновациялық старт-ап компаниялар мен бизнестерді дайындауға аударылған.
Заманауи кезеңде кластер саясатының екі негізгі моделі неғұрлым анық бөлініп көрсетіледі – либералдық және дирижистік. Либералдық модельдің негізгі қағидаты кластердің нарықтық организмі екеніне, мемлекет рөлінің кластерлерді табиғи дамыту үшін кедергілерді жоюға келіп тірелетіндігіне байланысты. Либералдық кластерлік стратегия дәстүр бойынша либералдық экономикалық саясатты жүргізетін елдерге тән. Олардың қатарына АҚШ-ты, Ұлыбританияны, Австралияны және Канаданы жатқызуға болады.
Дирижистік саясатқа ие елдерде мемлекет кластерлерді қалыптастыру процесінде басым бағыттарды таңдаудан кластерлерді дамыту жөніндегі бағдарламаларды қаржыландыруға дейін барынша белсенді рөл атқарады. Дирижистік кластерлік саясат экономикалық өмірде мемлекет белсенді рөл атқаратын елдерге тән. Олардың арасында: Франция, Оңтүстік Корея, Сингапур, ҚХР, Сауд Арабиясы.
Кластерлеудің жетекші үрдісі бүгінгі күні әлемдік инновациялық кластерлерді, оның ішінде жеке мемлекеттердің – халықаралық және трансшекаралық шектерінен шығатын кластерлерін дамыту болып табылады.
АҚШ, Жапония, Швецияда және басқа да жоғары дамыған елдердегі жаңа буын кластерлерін қалыптастырудың әлемдік тәжірибесі инновациялауды олардың перспективалы өнімге және одан әрі табысты компанияларға айналуын бастамалауға мүмкіндік беретін тұғырнама 3-ші жаңартылымдағы технопарктер болып табылатынын көрсетеді.
Бұл ретте маңайында шағын инновациялық кәсіпорындар мен старт-аптар белдеуі құрылатын Университеттер жаңа буын кластерлерінің ядросы болып табылады.
Экономиканың жоғары технологиялық секторларындағы инновациялық қызмет жаңа жаңартылымдағы кластерлердің шешуші бағдарына айналды. Сарапшылардың болжамы бойынша 2030 жылға дейінгі кезеңде шикізат нарығы 1,5 трлн. АҚШ долларына ғана өскенде, жоғары технологиялық өнім нарығы 10-12 трлн. АҚШ долларына өспекші. Осылайша, жоғары технологиялық сектор әлемдік экономика серпінінің негізгі драйверіне айналады.
Осылайша, сарапшылардың бағалауы бойынша жаңа материалдар, био және нанотехнологиялар, композиттер толықтай әлемдік металлургияның перспективасын қайта құрады және экономиканың көптеген дәстүрлі салаларын дамытуға айтарлықтай әсер етеді: құрылыс, әуе құрылысы, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы. Әлемдік тәжірибеде жаңа технологиялар мен білімге негізделген NBIC-экономика түсінігі кең таралған.
Осыған байланысты Қазақстанда кластерлердің жеткілікті жаңа тәсілдерін және мемлекеттік саясат шараларын әзірлеу қажет.
Ағымдағы ахуалды талдау
Қазақстандағы кластерлік саясат бастапқы кезеңде екі базалық тәсіл негізінде қалыптастырылды:
1) болжанатын келешекте Қазақстанның экономикалық саясаты болып табылатын, табиғи ресурстарды пайдалану негізіндегі индустриялық секторлардағы кластерлер;
2) Қазақстанда сервистік және Орталық Азия өңірінде іскери хаб ретінде позицияны бекітуге ықпал ететін сервистік кластерлер.
2005 жылы 7 пилоттық индустриялық-сервистік кластерлер анықталды: металлургия, мұнай-газ, машина жасау, тоқыма өнеркәсібі, көлік және логистика, туризм, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары.
Кластерлерді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясат мынадай бағыттар бойынша шаралардың кең жинағынан тұрады: өндірістік-инфрақұрылымдық жобалар, дамытудың институционалдық талаптарын құру, ғылыми-білім беру әлеуетін дамыту, ұйымдық қолдау.
Кластерлік саясатты тәжірибелік іске асыру бизнестің (ірі компаниялар, шағын және орта бизнес) басқарудың ыңғайлы сипатына және өзін-өзі ұйымдастыруға (АҚШ және ЕО тәрізді) бағдарланған кластерлік моделін қабылдауға дайындығының жеткіліксіздігін көрсететін негізгі проблемаларды анықтады: компанияның кооперацияға және оқшаулануға ынталылығының болмауы, бизнес және инженерлік құзыреттің тапшылығы, кәсіпорынның 6 %-ының ғана инновациялық белсенді болуы.
Кластерлер қалыптастыруды мемлекеттік реттеу шаралары негізінен кластер қатысушыларында стратегиялық жоспарлау ресурстары мен дағдыларының жеткіліксіздігіне байланысты макроэкономикалық ынталандыру шараларына шоғырланды.
Осылайша, кластерлердің ұйымдық құрылымын құру үшін «орталық үйлестіруші» және «салалық интеграторлар» анықталған жоқ.
Даму институттары негізгі күшті инфрақұрылымды (құрылыс) дамытуға және қаржылық қолдауға бағыттады. Бастапқы кезеңде мазмұнды мәселелердегі сапалық жұмыс маңызды: бизнестің егу инкубациясы, стратегиялық маркетинг және жаңа әлеуеттерді талдау, білікті кадрларды дайындау және оқыту, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) қолдау және венчурлық индустрияны дамыту.
Кейіннен кластерлік тәсіл АЭА, ИА-лар мен бірінші және екінші буын технопарктері негізіндегі үздіксіз жекелеген индустриялық жобалар мен нүктелерді қолдаудың дәстүрлі салалық әдісіне ауыстырылды.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы инновациялық кластерлерді ұстап тұратын факторлар мен дамытудың шешуші факторларына «технологиялық қармаққа» алып келетін инновациялық өнімге сұраныс пен ұсыныстың жоқтығы, сервистік инфрақұрылымның дамымауы, ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті инновациялық және венчурлық кәсіпкерлердің жоқтығы, трансферт жүйесінің қалыптастырылмауы, ел экономикасына білімді генерациялау және беру, ашық инновациялардың ену деңгейінің төмендігі және оларды отандық бизнестің қолдануының әлсіз ғылыми-техникалық әлеуеті болып табылады.
Нәтижесінде технология импортының негізгі нысаны инженерлік шешімдерді сатып алмай, технологиялық және өндірістік жабдық пен жинақтаушыны сатып алу, тиісті құзыреттілікті дамыту болып қалады, бұл елдің технологиялық саясатының жетілмегендігін көрсетеді. Бұл ретте елдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының көпшілігі трансұлттық кластерлердің технологиялық тізбегінің төменгі деңгейінде тұр.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |