• Мое избранное
"Жалпы сақтандыру" және "Өмірді сақтандыру" салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 28.06.2013 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 97 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2013 ж. № 149 Қаулысына сәйкес
«Жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері жүзеге асыратын операциялардың бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған «Жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлеріне жіберсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы Ә. Сәйденов
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2008 жылғы 28 қарашадағы
№ 97 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылды деп танылатын қаулыларының тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 61 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 13 мамырда № 2848 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 61 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2005 жылғы 3 ақпандағы № 15 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 28 ақпанда № 3468 тіркелген).
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 61 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2005 жылғы 5 желтоқсандағы № 155 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 5 қаңтарда № 4013 тіркелген).
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 61 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 24 қыркүйектегі № 114 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 2 қарашада № 4977 тіркелген).
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2008 жылғы 28 қарашадағы
№ 97 қаулысымен
бекітілген
«Жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді және «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері жүзеге асыратын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуді нақтылайды.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есептілікті ашу талаптары, сондай-ақ есеп саясатын қалыптастыру талаптары халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен белгіленеді.
3. Осы Нұсқаулықта Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарында, өзге де нормативтік құқықтық актілерде және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында көзделген ұғымдар пайдаланылады.
4. Осы Нұсқаулықтың талаптарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында қайшы келмейтін қосымша бухгалтерлік жазбаларды жасауға жол беріледі.
2-тарау. «Жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) операцияларын есепке алу
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша тиесілі сақтандыру сыйлықақысының сомасы осы шарт күшіне енген күннен бастап кіріс ретінде танылады.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты күшіне енген күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында көрсетілген сақтандыру сыйлықақысына тиісті шоттардың дебеті (бұдан әрі - Дт) және кредиті (бұдан әрі - Кт) бойынша мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1280 41 «Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары»,
1280 42 "Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру
сыйлықақылары"
Кт 6280 41 "Сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер".
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы есептелген сақтандыру сыйлықақысын нақты алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1010 "Кассадағы ақша қаражаты",
1030 "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты"
Кт 1280 41 "Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары",
1280 42 "Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру
сыйлықақылары".
8. Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резервін қалыптастырған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың қалыптастырылатын резервінің сомасына:
Дт 7440 41 "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резервін қалыптастыру
бойынша шығыстар"
Кт 3390 48 "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резерві";
2) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта сақтандыруға байланысты активті (бұдан әрі - қайта сақтандыру активі) қалыптастыру кезінде оны қалыптастыру сомасына:
Дт 1280 47 "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта
сақтандыру активтері"
Кт 6280 42 "Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне
байланысты кірістер".
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резервін азайтқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резервін азайту сомасына: