Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері" туралы 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 және "Ақпараттандыру саласындағы оператор туралы" 2010 жылғы 1 шілдедегі № 679 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1114 қаулысы
Редакция 19.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2) «Ақпараттандыру саласындағы оператор туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 679 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 41, 365-құжат):
1-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«оларды дамытуға қатысу құқығымен ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың инвестициялық жобаларын жоспарлауға, қалыптастыруға және талдауға қатысу;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов