«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
Сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жүзеге асыратын сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын сақтандыру ұйымы шығыстарының жол берілетін деңгейін, зейнетақы аннуитеті үлгі шартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 242 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 12 қазанда № 8814 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 194 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Мыналар:
1. Сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жүзеге асыратын сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі, осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
1) жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын сақтандыру ұйымы шығыстарының жол берілетін деңгейі, осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;
2) Зейнетақы аннуитеті үлгі шарты, осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 242 қаулысына 1-қосымша
Сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жүзеге асыратын сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі
1. Сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жүзеге асыратын сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 2013 жылғы 21 маусымдағы және «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жүзеге асыратын сақтандыру сыйлықақысының және сақтандыру төлемінің есебіне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) біржолғы сақтандыру төлемі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 63-бабында белгіленген мөлшерде бірінші мерзімдік сақтандыру төлемімен бірге бірыңғай төлем ретінде жүзеге асырылатын төлем;
2) зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі – талап етілетін, айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасаған күнінде қолданыстағы ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін талап етілетін, шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі кезеңге жеткілікті зейнетақы жинақтарының сомасы.
Айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасаған күні қолданыста болған тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерiнен кем емес алынады;
3) кепілдік берілген сақтандыру төлемдері – сақтанушыға не оның мирасқорларына шартта белгіленген уақыт кезеңі ішінде сақтанушының өмір сүруіне қарамастан жасалатын мерзімдік сақтандыру төлемдері;
4) қор (қорлар) – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры);
5) сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушы зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін өзінің таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымына жіберген зейнетақы жинақтары және (немесе) ақша;
6) сақтандыру ұйымы – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның «өмірді сақтандыру» саласында «аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға;
7) сақтанушы – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 59-бабына сәйкес зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жеке тұлға.
3. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 59-бабының 1, 2 және 4-тармақтарында көрсетілген адамдар, олардың зейнетақы жинақтары жеткілікті болу шартымен зейнетақы аннуитеті шартын жасайды.
4. Қор (қорлар) зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын сақтанушының таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарының біріне жібереді.
5. Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысының және сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін істі жүргізуге арналған шығыстары ескерілген ағымдағы құн факторы пайдаланылады.
6. Ағымдағы құн факторы Әдістемеге 1-қосымшаның 1-тармағына сәйкес шарттың қолданылу кезеңіне айқындалады.
7. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 59-бабының 1, 2, және 4-тармақтарында көрсетілген адамдар үшін зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі айлық сақтандыру төлемінің, іс жүргізуге арналған шығыстар ескерілген ағымдағы құн факторы және 12-нің туындысынан кем емес соманы білдіреді.
Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі Әдістемеге 1-қосымшаның 2-тармағына сәйкес есептеледі.
Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі және біржолғы төлемі ескерілген сақтандыру сыйлықақысы Әдістемеге 1-қосымшаның 3-тармағына сәйкес есептеледі.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 59-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдар үшін зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі есептелмейді.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 59-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдар үшін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы Әдістемеге 1-қосымшаның 4-тармағына сәйкес есептеледі.
8. Егер тараптардың келісімі бойынша зейнетақы аннуитеті шартында кепілдік берілген төлемдер көзделсе, сақтандыру сыйлықақысын және зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігін есептеу Әдістемеге 1-қосымшаның 5-тармағына сәйкес есептеледі.
9. Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігін сақтандыру ұйымының штатындағы актуарий есептейді.
10. Сақтандыру ұйымдары зейнетақы аннуитеті шарты бойынша болашақ сақтандыру төлемдерінің ағымдағы құн факторын есептеген кезде Әдістемеге 2-қосымшада көрсетілген осындай көрсеткіштерден аспайтын өлім-жітім көрсеткіштерін пайдаланады.
11. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеген кезде ұлттық валютадағы жылдық 6 (алты) пайыздан аспайтын мөлшердегі кірістіліктің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесі пайдаланылады.
12. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша мерзімдік сақтандыру төлемінің мөлшері осы Әдістемеге 1-қосымшаның 6-тармағына сәйкес айқындалады.
13. Бірінші мерзімдік сақтандыру төлемі жинақтаушы қор (қорлар) сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары сомасын аударған сәттен бастап он жұмыс күннен кешіктірмей жүргізіледі.
Мерзімдік сақтандыру төлемдерінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шарты қолданыста болған кезең ішінде азаймайды.
Мерзімдік сақтандыру төлемдері ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жарты жылдық және жылдық негізде жүзеге асырылады.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 59-бабының 1, 2 және 4-тармақтарында көрсетілген адамдар үшін тоқсан сайынғы, немесе жарты жылдық, немесе жылдық негізде жүзеге асырылатын мерзімдік сақтандыру төлемдерінің сомасы жыл бойы ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын мерзімдік сақтандыру төлемдерінің сомасы мәнінен кем болмайды.
14. Сақтандыру төлемдерінің мөлшері жыл сайын зейнетақы аннуитеті шартының қолданыста болу кезеңі ішінде индекстеу мөлшерлемесі мөлшеріне өсіп отырады.
Индекстеу мөлшерлемесі зейнетақы аннуитеті шартында көрсетіледі және 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Индекстеу ескерілген сақтандыру төлемдері мөлшерінің өзгерістері зейнетақы аннуитеті шартының қосымшасында сақтандыру төлемдері кестесі түрінде көрсетіледі. Бастапқыда зейнетақы аннуитеті шартын жасаған кезде Тараптармен келісілген және қол қойылған сақтандыру төлемдерінің кестесі шарттың қолданылу кезеңі ішінде сақтандыру төлемдері ұлғайған жағдайда өзгереді.
15. Сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеген кезде ағымдағы факторы, аннуитеттік фактордың барлық өлшемдері жылдық көрсетуде пайдаланылады.
16. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша мирасқорлардың зейнетақы аннуитеті шартында көзделген, белгіленген сақтандыру төлемдері кестесіне сәйкес сақтандыру ұйымы төлемеген кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін, сақтанушы оларды тірі кезінде толық көлемде алмаған не алмаған жағдайда, алуға құқығы бар.
Сақтанушы қайтыс болған жағдайда, сақтандыру ұйымы отбасына не жерлеген адамға төленетін жерлеуге арналған жәрдемақы түрінде зейнетақы аннуитеті шартында белгіленген мөлшерде, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген он бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде сақтандыру төлемін жүзеге асырады.
17. Сақтандыру ұйымы мен сақтанушының арасындағы зейнетақы аннуитеті шарты Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 60-бабында көзделген тәртіппен, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, сондай-ақ сақтанушының ақшасы есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып жасалады.
18. Сақтанушы зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күннен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде қорды (қорларды) зейнетақы аннуитеті шартының бір түпнұсқалық данасын ұсына отырып хабардар етеді. Хабарлама еркін нысанда ресімделеді.
Зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда, сақтанушы зейнетақы аннуитеті шартының бір түпнұсқалық данасын ұсына отырып, қорды (қорларды) сақтандыру ұйымына сақтандыру сыйлықақысының жетіспейтін бөлігін меншікті ақшасы есебінен төлегеннен кейін, бірақ осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен кешіктірмей хабардар етеді. Хабарлама еркін нысанда ресімделеді.
Сақтанушының сақтандыру ұйымына сақтандыру сыйлықақысының жетіспейтін бөлігін төлеу зейнетақы аннуитеті шартын жасаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
19. Қор (қорлар) зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын алған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімде алушының зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударады.