Bestprofi Logo

Қаулы № 1126 от 2013-10-22г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 18 маусымдағы № 508 және "Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін і санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдерін бекіту туралы" 2009 жылғы 31 наурыздағы № 449 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2017 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 18 маусымдағы № 508 және "Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдерін бекіту туралы" 2009 жылғы 31 наурыздағы № 449 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 1126 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылдың 8 тамызынан бастап ҚР Үкіметінің 04.08.2017 жылғы № 470 Қаулысына сәйкес

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)

1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылғы № 196 Қаулысымен (22.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2015 № 71(28549) жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

2) «Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 449 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 151-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдерінде:

1-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары;».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 1126 қаулысына қосымша

Қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылғы № 196 Қаулысымен (22.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2015 № 71(28549) жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание