• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2015 г

Отправить по почте

"Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 448 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 1128 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 23.06.2015 жылғы № 475 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 448 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 200-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Нысаналы көрсеткіштер оларды әзірлеу процесінде айқындалған, бірақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиісті құжаттарында көзделген мерзімдерден аспайтын мерзімге белгіленеді.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгiленедi.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі С. Ахметов