Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 1124 қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2014 жылғы № 1401 Қаулысымен (21.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.01.2015 жылы № 5(28483) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.01.2016 жылғы № 35 Қаулысына сәйкес (30.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.02.2016 жылы № 29 (28761) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 904 Қаулысына сәйкес (06.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 11.04.2017 жылғы № 192 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Республикалық құқықтық ақпарат орталығы) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мемлекеттік құпиялар және өзге де заңмен қорғалатын құпия қамтылған нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ «Қызметтік пайдалану үшін», «Баспасөзде жариялаусыз», «Баспасөзге арналмаған» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін, тексеру комиссияларын нормативтік құқықтық қаулыларын ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурс ретінде айқындалсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2014 жылғы № 1401 Қаулысымен (21.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.01.2015 жылы № 5(28483) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 904 Қаулысына сәйкес (06.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
2. Мемлекеттік органдар:
1) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберілетін графикалық форматтағы қазақ және орыс тілдеріндегі нормативтік құқықтық актілер көшірмелерінің қол қойылған түпнұсқаларға толық сәйкестігін;
2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде тіркелген:
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2014 жылғы № 1401 Қаулысымен (21.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.01.2015 жылы № 5(28483) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының көшірмелерін – Республикалық құқықтық ақпарат орталығына;
2-тармақшаның екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 904 Қаулысына сәйкес (06.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларының, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларының көшірмелерін Республикалық құқықтық ақпарат орталығының тиісті аумақтық бөлімшелеріне «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;
2-тармақшаның үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 904 Қаулысына сәйкес (06.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
3) нормативтік құқықтық актінің бір тілдегі электрондық көшірмелерінің бір электрондық файлда қалыптастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Республикалық құқықтық ақпарат орталығы:
1) жариялану күні мен ақпараттық-құқықтық жүйенің атауын көрсете отырып, графикалық форматта қазақ және орыс тілдерінде келіп түсетін «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін бес жұмыс күні ішінде ресми жариялауды;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.01.2016 жылғы № 35 Қаулысына сәйкес (30.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.02.2016 жылы № 29 (28761) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 904 Қаулысына сәйкес (06.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
2) есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде өткен айда ресми жарияланған:
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2014 жылғы № 1401 Қаулысымен (21.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.01.2015 жылы № 5(28483) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының тізбесін – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне;
2-тармақшаның екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 904 Қаулысына сәйкес (06.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларының, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларының тізбесін Республикалық құқықтық ақпарат орталығының тиісті аумақтық бөлімшелеріне беруді;
2-тармақшаның үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 904 Қаулысына сәйкес (06.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
3) жарияланған негізгі нормативтiк құқықтық актiге ақпаратта оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы нормативтік құқықтық актінің қолданысын тоқтата тұру, күші жойылды деп тану туралы мәліметтердің көрсетілуін;
4) графикалық форматта орналастырылатын нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесін рұқсатсыз араласудан қорғауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.10.2016 жылғы № 568 Қаулысымен (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.10.2016 жылғы № 568 Қаулысымен (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер - Министрі С . Ахметов
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |