«Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 тамыздағы № 477/1 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 3-тармақшасына сәйкес және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2010 ж. № 6, 376-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін:
Мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтыру:
«1-1. Амбулаториялық-емханалық көмекті көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға арналған ұсыныс сипатында және оны медициналық ұйымның бірінші басшысы медициналық қызметтердің қажеттілігіне қарай жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша бекітеді»;
«Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері» деген 13-қосымшада:
«Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі» деген 4.3-параграфының 88-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
мынадай редакцияда жазылсын:
«692. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сактау ұйымдарының штат нормативтері осы Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерінің 13-қосымшасына сәйкес белгіленеді. Амбулаториялық-емханалық қызмет көрсетуге арналған уақыт нормативі Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерінің 13-1 қосымшасына сәйкес белгіленеді»;
Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 13-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы Е. Байжүнісов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің м.а.
2013 жылғы 17 тамыздағы
№ 477/1 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылдың 7 сәуірдегі
№ 238 бұйрығына сәйкес
Денсаулық сақтау
ұйымдарының
типтік штаттары мен
штаттық нормативтеріне
13-1 қосымша
Амбулаториялық-емханалық қызметтерді көрсетуге арналған кестеге сәйкес нормативтері:
* Мәліметтер хронометрлеу жолымен алынды.