Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қазандағы № 1143 қаулысы
Редакция 10.08.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 38-6), 38-7) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормалары бекітілсін.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3. «Отын пайдалану қорының нормасы туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 19 желтоқсандағы № 577-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 қазандағы
№ 1143 қаулысымен
бекітілген
Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормасы
1. Қатты және сұйық отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін:
1) жеткізу қашықтығы 200 километрге дейін болғанда 10 тәулікке арналған негізгі және резервті отын мөлшері;
2) жеткізу қашықтығы 200 километрден астам болғанда 20 тәулікке арналған негізгі және резервті отын мөлшері.
2. Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін, оларда мазут:
авариялық отын, 5 тәулікке арналған отын мөлшері;
резервтік отын, 10 тәулікке арналған отын мөлшері болып табылады.
3. Мазут жағатын отын болып табылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін:
10 тәулікке арналған отын мөлшері, бұл ретте бір мезгілде жағылатын агрегаттар саны:
номиналды өнімділігінен 30%-ға дейін жүктемесі бар 4х200 мегаватт, 3х300 мегаватт және одан жоғары электр станциясында – блоктарда;
номиналды өнімділігінен 30%-ға дейін жүктемесі бар жылу электр орталығының екі ең үлкен қазанынан жоғары болмауы тиіс.