• Менің таңдаулыларым
Су қоймаларына балық жіберу, су обьектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидасын бекіту туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 05.12.2015 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 1

Су қоймаларына балық жіберу, су обьектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 231-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 тамызда № 8644 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 5 желтоқсаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.10.2015 жылғы № 18-05/928 Бұйрығына сәйкес
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 9-бабының 1-тармағы 51-11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған су қоймаларына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. «Су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 11-2/442 бұйрығының күші жойылсын деп танылсын (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 7932 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 қарашадағы № 385-387 (27204-27206) «Егеменді Қазақстан» газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
 2013 жылғы 31 шілдедегі
 № 231-ө бұйрығымен
 бекітілген
Су қоймаларына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
1. Жалпы қағидалар
1. Осы су қоймаларына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын (бұдан әрі - қағидасы) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабы 1 тармағы 51-11) тармақшасына сәйкес әзірленген және су қоймаларына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу (тауарлы балық өсіру мақсаты үшін пайдаланатын жасанды тоғандар және ирригациялық суарылатын жүйелерді алып тастағанда) тәртібін анықтайды.
2. Осы қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган, ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) су қоймаларына балықтандыру - өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, құнды, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балықтарды сақтау және (немесе) тауарлы өнімді алу мақсатымен су қоймаларына және (немесе) учаскелеріне балық өсіру материалдарын және балықтарды жіберу;
3) биологиялық негiздеме – жануарлар дүниесiн пайдалануға, жануарлар дүниесi объектілерінің жол берілетін аулау мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабілетті қызметке арналған ғылыми негiзделген қорытынды;
4) су нысандарындағы балық шаруашылық мелиорациясы – су қоймаларының балық өнімділігін сақтауға және ұлғайтуға, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өмір сүру жағдайлары мен өніп-өсуін жақсартуға бағытталған шаралар кешені;
5) күрделі мелиорация – күрделі шығындары жоғары болғанда (өзендерді тереңдету, гидротехникалық жұмыстар және т.б.) ұзақ мерзімге оң әсер етуді қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені немесе оның жеке түрлері. Күрделі мелиорация жүргізу мекендеу ортасының және гидробионттардың түрлік құрамының айрықша өзгеруіне алып келеді.
6) ағымдағы мелиорация – күрделі шығындарды қажет етпейтін (жас балықты құтқару, қатып қалудың алдын алу) қысқа мерзімде оң нәтижеге қол жеткізетін техникалық және биологиялық шұғыл сипаттағы іс-шаралар кешені. Ағымдағы мелиорацияда қағидадағыдай мекендеу ортасының және гидробионттардың түрлік құрамының айрықша өзгеруі болмайды.
7) балықтардың қырылуы – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су қоймасының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық және өзге де режимінің бұзылуынан туындаған жаппай қырылуы;
8) балықтың қырылу қаупі бар су қоймасы және (немесе) учаскесі – балық шаруашылығының балық әлсін-әлсін қырылуға ұшырайтын су қоймасы және (немесе)учаскесі;
9) биологиялық объектілердің көмегімен артық өсімдіктерді жою – судың түстенуіне әкелетін төменгі балдырлар мен өсімдіктерді жою үшін су қоймасына өсімдік қоректі балықтар жіберу;
10) табиғи уылдырық шашу орнын қалпына келтіру - бұрын жоғалған уылдырық шашу орнын суландыруға мүмкіндік туғызатын, олардың лайлануын болдырмау, қорытпа және басқа да тасталымдардан тазалау, уылдырық шашу кезеңінде судың қалыпты теңдігін қамтамасыз ететін техникалық шаралар кешені;
11) балықтардың уылдырық шашатын орынға өтуін қамтамасыз ету - өрістегіш және жартылай өрістегіш балықтарды өндірушілердің өзендерге өтуін қамтамасыз ету жөніндегі гидротехникалық және басқа да шаралар жүйесі (түптереңдету, өсімдіктерді ору, деңгейлік режимді қолдау);
12) құндылығы аз түрлерді аулау – құндылығы аз түрлерді құндылыраққа ауыстыру бойынша кешенді іс-шаралар бөлігі;
13) су қоймаларын немесе учаскелерін тазалау – балық шаруашылық қоймаларын ластайтын сплавиналарды, су басқан ағаштар мен бұталарды, құрылыс конструкциялары мен материалдарын жою арқылы балық және басқа да су жануарларын қауіпсіз және тиімді аулауды, уылдырық шашатын көші-қонды қамтамасыз ету бойынша техникалық шаралар жүйесі;
14) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланушылар (бұдан әрі - пайдаланушылар) - әрекеттегі заңнамаға сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға құқық берілген жеке және заңды тұлғалар;
15) балықтарды бөлініп қалған су қоймаларынан және ирригациялық жүйеден қорғау – аса қолайлы су қоймаларына тасымалдау және аулау жолымен, немесе су (түсу) және су қоймаларынан шабақтарды жіберу үшін каналдар арқылы біріктіру жолымен балықтардың қырылуын болдырмау бойынша гидротехникалық және басқа шаралар кешені.
16) су қоймаларының сумен қамтамасыз етілуін жақсарту – су жануарларын қолдау және өмір сүру жағдайы мен көбеюін жақсарту жөніндегі гидротехникалық және басқа да шаралар кешені (судың химиялық құрамы, ағымдылығы, деңгейлік режимі);
17) артық өсімдікті ору – артық өсімдіктерді механикалық және/немесе биохимиялық жою (су қоймаларын балықтандыру, оның ішінде өсімдікқоректі балық түрлерін жерсіндіру жолымен өну (өсімін оңтайландыру), судың гүлденуін туғызатын артық өсімдіктерді және төмен балдырларды), сондай-ақ ұсақ (құнсыз) ихтиофаунаны ұтымды игеру, кесу, тамыр жүйесінің зақымдануы, өскен учаскелерді қысқа мерзімді құрғату, рұқсат етілген химиялық құралдар мен препараттарды пайдалану мақсатында мелиораторлар басқа да балық түрлерін орналастыру);
18) жасанды уылдырық шашуды орнату – жасанды жасалған уылдырық шашуды орнату, галечникті, құмды төсеу және басқа іс-шаралар жолымен көбеюдің қолайсыз жағдайларымен су қоймаларында табиғи өсімді молайтуды қолдау бойынша іс - шаралар;
19) Көл-тауарлы балық өсіру шаруашылығы (бұдан әрі - КТБӨШ) – құндылығы аз балықтарды аулау, орналастыру, өсіру және кейіннен олардан құнды балық түрлерін аулау есебінен оларға ихтиофаунаны толық немесе жартылай ауыстыру жолымен балық шаруашылық су қоймаларын пайдалануды жақсартумен айналысатын шаруашылық.
2. Су қоймаларын балықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібі
3. Су қоймаларын балықтандыру бойынша жұмыстар жүзеге асырылады:
1) Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, жасанды өсіру және өсімін молайту, орнықты пайдалануды қамтамасыз ететін республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындармен (бұдан әрі – мемлекеттік кәсіпорындар);
2) қызметі балық ресурстарының жасанды өсімін молайтумен байланысты жеке және заңды тұлғалармен;
3) пайдаланушылармен, сондай-ақ балық аулаушылардың қоғамдық бірлестіктерімен және балық шаруашылығы субъектілерімен;
4) балық ресурстарына және басқа да су жануарларына зиян келтіретін шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыратын субъектілермен (бұдан әрі – шаруашылық субъектілер);
5) қызметі КТБӨШ-да тауарлы өнім алумен байланысты жеке және заңды тұлғалармен.
4. Су қоймаларын балықтандыру бойынша жұмыстар уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесімен құрылатын комиссиямен қабылданады. Комиссия құрамына аумақтық бөлімшенің (комиссия төрағасы), тиісті облыстың (немесе қаланың, ауданның ) жергілікті атқарушы органдары, балық шаруашылық профильді ғылыми ұйымдар (келісім бойынша) өкілдері, су қоймаларына пайдаланушы (бекітілген су қоймасы болған жағдайда (бұдан әрі - комиссия) кіреді.
Балықтандыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қыркүйектегі № 1230 «Мемлекеттік ветеринариялық - санитарлық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес ветеринариялық - санитариялық қауіпсіздігін растайтын ветеринариялық сертификат бар болған жағдайда жүзеге асады.
Су қоймасына балық отырғызу материалдарының әрбір легін жіберу осы қағидалар 2-қосымшасына сәйкес нысанда балықтандыру актісі түрінде комиссиямен белгіленеді.
5. Осы қағиданың 3-тармағында көрсетілген субъектілер, комиссия мүшелерін су қоймаларын балықтандыру бойынша алдағы жұмыстар жөнінде олар басталғанға дейін 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарландырады.
6. Ғылыми ұсыныстарды қалыптастыруда (биологиялық негіздемені) келесі ақпарат есепке алынады:
1) су қоймаларына балықтандыру жүргізудің мақсаттылық негізі және күтілетін нәтиженің болжамы;
2) су қоймалары туралы, ұсынылатын балық өсіру материалдарының түрлік және жас құрамы туралы мәліметтер және балық ресурстары және басқа да су жануарларын және олардың мекендеу ортасын сақтау үшін оңтайлы жағдай жасауға қажетті су қоймаларын балықтандыру көлемі;
3) балықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу әдістері және тәсілдері, ұсынылатын орны, мерзімі.
7. Биологиялық негіздеме нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 6218 болып тіркелген және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген жануарлар дүниесін пайдалануға биологиялық негіздемені дайындау қағидаларына сәйкес дайындалады.
8. Су қоймаларын балықтармен балықтандыру – жергілікті ихтиофаунадан немесе аталған аймақта жерсіндірілген биологиялық мелиораторлармен су қоймаларын балықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізудің жалпы негізінде жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік кәсіпорындармен су қоймаларын балықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібі