«Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестігін аккредиттеу жөніндегі комиссия құрамы мен ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 543 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 6 қыркүйектегі № 10-2/408 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестігін аккредиттеу жүргізу ережесінің 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 543 «Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестігін аккредиттеу жөніндегі комиссия құрамы мен ережесін бекіту туралы» бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия құрамы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережеде :
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жетекшілік етуші Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Вице-министрімен басқаратын комиссия құрамына Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері кіреді.
5. Комиссияның жұмыс органының функциясы Инвестициялық саясат департаментіне жүктеледі.».
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Вице-министрі Марат Еркінұлы Толыбаевқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. М. Толыбаев
Қазақстан Республикасы
Ауыл шарушылығы министрінің
2013 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 10-2/408 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 27 тамыздағы
№ 543 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия құрамы