• Менің таңдаулыларым
"Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 10.08.2015 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

"Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қарашадағы № 1199 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 542 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж, № 38, 389-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiнде:
43-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«аумақтарды дамытуды жоспарлау, жердi аймақтарға бөлу, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөнiндегi жобалар мен схемаларды әзiрлеу мәселелерi, жер ресурстарын басқаруға байланысты басқа да мәселелер бойынша – мемлекеттiк басқару органдары;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов