Toggle Dropdown
1
Меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1214 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 13.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Toggle Dropdown
1. Қоса берiліп отырған Меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 12 қарашадағы
№ 1214 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 26-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тiркелген cол мәліметтер;
Toggle Dropdown
2) дербес деректерді жинау – дербес деректерді алуға бағытталған іс-әрекеттер;
Toggle Dropdown
3) дербес деректерді қамтитын базаның меншік иесі (бұдан әрі – меншік иесі) – дербес деректерді қамтитын базаны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын іске асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға;
Toggle Dropdown
4) дербес деректерді қамтитын базаның операторы (бұдан әрі – оператор) – дербес деректерді жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға;
Toggle Dropdown
5) дербес деректерді қорғау саласында уәкілетті орган – дербес деректерді қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
6) дербес деректердi өңдеу – дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесiздендiруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған iс-әрекеттер;
Toggle Dropdown
7) дербес деректер субъектісі (бұдан әрі – субъект) – дербес деректер тиесілі жеке тұлға.
Toggle Dropdown
2-тарау. Меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау тәртібі
Toggle Dropdown
3. Меншік иесі және (немесе) оператор дербес деректерді жинау және өңдеу басталғанға дейін дербес деректерді пайдалану тұрғысынан өздері жүзеге асыратын міндеттерге талдау жүргізеді.
Toggle Dropdown
Ағымдағы қызметті жүзеге асыру кезінде меншік иесі және (немесе) оператор дербес деректерді пайдалану тұрғысынан өздері жүзеге асыратын міндеттерге жыл сайын қайта талдау жүргізеді, оның негізінде осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректер тізбесіне өзгерістер енгізіледі.
Toggle Dropdown
4. Жүргізілген талдау негізінде меншік иесі және (немесе) оператор осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттер шеңберінде оларды жинау және өңдеу мақсаттарын көрсете отырып, өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындайды.
Toggle Dropdown
Мақсаттар бірмәнді, заңды болып табылады және меншік иесі және (немесе) оператор жүзеге асыратын міндеттерге сәйкес келеді.
Toggle Dropdown
Меншік иесі және (немесе) оператор жүзеге асыратын міндеттерге қатысты мазмұны мен көлемі артық болып табылатын дербес деректер олар жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректер тізбесіне енгізілмейді.
Toggle Dropdown
5. Өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін меншік иесі және (немесе) оператор Заңның 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бекітеді.
Toggle Dropdown
6. Меншік иесі (немесе) оператор ағымдағы қызмет нәтижелері бойынша өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесіне осы Қағидалардың 3, 4, және 5-тармақтарында көзделген тәртіпке сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.
Toggle Dropdown
Өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар олар бекітілген сәттен бастап қолданылады және олар қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылмайды.
Toggle Dropdown
7. Меншік иесі және (немесе) оператор өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесіне қол жеткізуді Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған тәсілдермен қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Меншік иесінің және (немесе)
оператордың өздері жүзеге асыратын
міндеттерді орындау үшін қажетті және
жеткілікті дербес деректердің
тізбесін айқындау қағидаларына
қосымша
Toggle Dropdown
Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі
Toggle Dropdown
|
Р/с №
|
Міндеттер, оның ішінде функциялар, өкілеттіктер, міндеттер атауы
|
Жүзеге асырылатын міндет шеңберінде жинау және өңдеу мақсаттары
|
Белгілі бір мақсат үшін дербес деректердің атауы
|
Меншік иесі және (немесе) оператор жүзеге асыратын міндеттерге тікелей нұсқаулары бар құжаттарды немесе нормативтік құқықтық актілерді көрсету
|
|
|
|
|
|
|