Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексі 116-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
-
Продукты:
Консультации










Консультации
Отправить по почте

"Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 12 қазандағы № 480 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 қарашада № 8878 тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексі 116-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде 2011 жылғы 15 тамызда № 7126 болып тіркелген, 2012 жылғы 5 маусымдағы, № 292-297 (27371) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
№ ОС-1 нысанының ескертуі мынадай редакцияда жазылсын:
«№ ОС-1 нысаны бойынша акт 2310 «Жер», 2320 «Ғимараттар», 2330 «Құрылыстар», 2340 «Беріліс қондырғылары», 2350 «Көлік құралдары», 2360 «Машиналар және жабдықтар», 2370 «Құралдар, өндірістік және шаруашылық мүкәммалы», 2380 «Өзге негізгі құралдар», 2411 «Аяқталмаған құрылыс» шоттары бойынша негізгі құралдарды және 510 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» шоты бойынша инвестициялық жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ концессия шарттары бойынша ұзақ мерзімді активтерді қабылдап алу-беруді (тасымалдауды) ресімдеу үшін қолданылады. № ОС-1 нысаны бойынша акт әрбір жеке объектіге (зат, жинақ) екі данада жасалады. Біртекті және құны бірдей машиналар, аппаратура, аспаптар, шаруашылық мүкәммал және жабдық үшін бірнеше объектілерді (заттарды) қабылдауға жалпы № ОС-1 нысаны бойынша жалпы акті жасауға жол беріледі.
Негізгі құралдар, аяқталмаған құрылыс және инвестициялық жылжымайтын мүлік объектілерін (заттарын) қабылдау үшін мемлекеттік мекеме басшысының өкімімен (бұйрығымен) комиссия құрылады. № ОС-1 нысаны бойынша актіні мемлекеттік мекеменің басшысы бекітеді.
№ ОС-1 нысаны бойынша акті ресімделгеннен кейін бухгалтерлік қызметке беріледі. Актіге осы объектіге (затқа) қатысты техникалық құжаттама қоса беріледі. Осы құжаттардың негізінде бухгалтерлік қызмет объектіге түгендеу нөмірін береді және есептеу тіркеулерінде тиісті жазбалар жүргізеді.
Жеке заттарды қабылдауды тікелей бастапқы құжаттар (шот-фактуралар мен басқа да бастапқы құжаттар) негізінде ресімдеуге жол беріледі.
Материалдық жауапты адамдар түсуі туралы алғашқы құжаттарда объектілерді (заттарды) жауапты сақтауға қабылдау қолхатынан басқа, оларды түгендеу нөмірін көрсете отырып, № ОС-13 нысаны бойынша ұзақ мерзімді активтерді түгендеу тізіміне олардың жазылғаны туралы (олардың орналасқан жері мен пайдаланылуы бойынша) белгі жасауы тиіс.»;
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:
№ НОС-1 нысанының ескертуі мынадай редакцияда жазылсын:
«2710 «Материалдық емес активтер» шоты бойынша материалдық емес активтердің объектілерін қабылдап алу-тапсыруды және концессия шарттары бойынша ұзақ мерзімді активтерді қабылдап алу-беруді (орнын ауыстыруды) ресімдеу үшін қолданылады. № НОС-1 нысаны бойынша актіде материалдық емес активтер түрінің нақты атауы, оны мемлекеттік мекемеге беру күні, объектінің сипаттамасы, оның өзіндік құны (бастапқы құны), амортизация нормасы және материалдық емес активтерді қабылдап алу-беру үшін қажетті басқа да деректер көрсетіледі.
Материалдық емес объектілерді қабылдауды ресімдеу кезінде № НОС-1 нысаны бойынша акт материалдық емес активтердің әрбір объектісіне бір данада жасалады. Бірнеше біртекті материалдық емес активтерді қабылдауды ресімдейтін № НОС-1 нысаны бойынша жалпы акті жасауға жол беріледі. № НОС-1 нысаны бойынша акт ресімделгеннен кейін материалдық емес активтердің объектісін, оны пайдалану тәртібін сипаттайтын құжаттаманы, сондай-ақ осы объектіге қатысты мемлекеттік мекеменің осы немесе өзге мүліктік құқығын растайтын құжатты қоса бере отырып, бухгалтерлік қызметке беріледі, оған бас бухгалтер немесе ол уәкілеттік берген адам қол қояды және мемлекеттік мекеменің басшысы бекітеді. Материалдық емес активтерді өзге мемлекеттік мекемеге берген (сатқан, ақысыз берген) кезде № НОС-1 нысаны бойынша акт материалдық емес активтерді тапсырушы және қабылдаушы мемлекеттік мекеме үшін екі данада жасалады.»;
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшада:
№ ОС-3 нысанының ескертуі мынадай редакцияда жазылсын:
«№ ОС-3 нысаны бойынша акт 2310 «Жер», 2320 «Ғимараттар», 2330 «Құрылыстар», 2340 «Беріліс қондырғылары», 2360 «Машиналар және жабдықтар», 2380 «Өзге негізгі құралдар», 2411 «Аяқталмаған құрылыс» шоттары бойынша негізгі құралдардың жекелеген объектілерін және 2510 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» шоты бойынша инвестициялық жылжымайтын мүлікті есептен шығаруды ресімдеу үшін қолданылады.
№ ОС-3 нысаны бойынша актіде есептен шығаруға объектілерді сипаттайтын мынадай деректер көрсетіледі: объектіні дайындау немесе салу (құрылысын аяқтау) жылы, оның мемлекеттік мекемеге түскен жылы немесе пайдалануға енгізілген уақыты, объектінің өзіндік құны (алғашқы құны), бухгалтерлік есептің деректері бойынша жинақталған амортизация сомасы, жүргізілген күрделі жөндеулер саны және объектіні сипаттайтын басқа да деректер.
Негізгі құралдар, аяқталмаған құрылыс немесе инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісін істен шығарудың себептері егжей-тегжейлі көрсетіледі, негізгі бөліктердің, бөлшектердің, тораптардың, конструктивтік элементтердің техникалық сипаттамасы беріледі.
Негізгі құралдарды, аяқталмаған құрылысты және инвестициялық жылжымайтын мүлікті есептен шығаруға арналған № ОС-3 нысаны бойынша актіні комиссия екі данада жасайды және мемлекеттік мекеменің басшысы бекітеді. № ОС-3 нысаны бойынша актінің бір данасы негізгі құралдарды, аяқталмаған құрылысты және инвестициялық жылжымайтын мүлікті есептен шығару есебінде көрсету үшін бухгалтерлік қызметке беріледі, екінші данасы материалдық-жауапты адамда қалады және негізгі құралдар мен инвестициялық жылжымайтын мүлікті жоюдан алынған жарамды тораптар мен бөлшектерді, сынықты, ескі-құсқы мен өзге қосалқы бөлшектерді қоймаға тапсыру үшін негіз болады. № ОС-3 нысаны бойынша есептен шығаруға арналған актіні бекітуге дейін негізгі құралдарды, аяқталмаған құрылысты және инвестициялық жылжымайтын мүлікті бөлшектеуге және бұзуға жол берілмейді.
«Келісілді» деген гриф мемлекеттік мекеме негізгі құралдарды, аяқталмаған құрылысты және инвестициялық жылжымайтын мүлікті есептен шығаруға арналған актілерді жоғары тұрған мемлекеттік органмен/тиісті саладағы уәкілетті органмен келіскен жағдайда толтырылады.»;
көрсетілген бұйрыққа 9-қосымшада:
№ ОС-6 нысанының ескертуі мынадай редакцияда жазылсын:
«№ ОС-6 нысанының түгендеу карточкасы мемлекеттік мекемелерде ауыл шаруашылығы қызметіне байланысты емес жануарлардан (өнімді мал), өсімдіктерден басқа, 2310 «Жер», 2320 «Ғимараттар», 2330 «Құрылыстар», 2340 «Беріліс қондырғылары», 2350 «Көлік құралдары», 2360 «Машиналар және жабдықтар», 2370 «Құралдар, өндірістік және шаруашылық мүкәммал», 2380 «Өзге негізгі құралдар» шоттары бойынша және 2510 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» шоты бойынша негізгі құралдар мен инвестициялық жылжымайтын мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, құрылыстарды және беріліс қондырғыларын, машиналарды және жабдықтарды, өндірістік (тиістілікті қоса алғанда) және шаруашылық мүкәммалды, көлік құралдарын және басқа да негізгі құралдарды есепке алуға, сондай-ақ концессия шарттары бойынша ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған.
№ ОС-6 нысанды түгендеу карточкасында жазбалар мынадай бастапқы құжаттар: пайдалануға енгізу туралы қабылдау актілері, әзірлеуші зауыттардың техникалық паспорттары және басқа да бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі. № ОС-6 нысанды түгендеу карточкасында объектілердің (заттардың) мынадай өзіне тән белгілері: сызба, модель, үлгі, маркасы, зауыттық нөмірі, шығару (әзірлеу) күні, негізгі құралдар мен инвестициялық жылжымайтын мүлікті пайдалануға енгізу актісінің нөмірі көрсетіледі.
№ ОС-6 нысанды түгендеу карточкасына жинақталған амортизация сомасы теңгемен, амортизация нормасы, амортизация соңғы рет есептелген ай мен жыл жазылады. Бұл ретте 13 «Жиналған амортизация сомасы, теңге» және 14 «Амортизация соңғы рет есептелген ай мен жылы» бағандары ұзақ мерзімді актив шығарылған кезде толтырылады. 8 «Қаржыландыру (түсім) көзі» бағанында: бюджеттік - 5011 «Бюджет қаражаты есебінен күрделі салымдарды қаржыландыру», 5012 «Сыртқы қарыздар есебінен күрделі салымдарды қаржыландыру», 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан түсетін табыс» қосалқы шоттары/шоттары бойынша немесе бюджеттен тыс - 6050 «Демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін табыс», 6110 «Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатудан түсетін табыстар», 6330 «Активтерді ақысыз алудан түсетін табыс» шоттары бойынша негізгі құралдар мен инвестициялық жылжымайтын мүлікті қаржыландыру (түсім) көзі көрсетіледі.
«Объектiнiң қысқаша жеке сипаттамасы» бөлiмiнде негiзгi объектiнiң сондай-ақ оған жататын маңызды құрылыстардың, қондырғылардың және жабдықтардың негiзгi сапалық және сандық көрсеткiштерi ғана жазылады. Егер жабдықтардың, құралдардың, есептеу техникаларының және басқа жабдықтардың құрамында қымбат бағалы металдар бар болса, онда құрамында қымбат бағалы металдар бар бөлшектердің тiзбесi, бөлшектің атауы және техникалық паспортта көрсетiлген металдың салмағы көрсетiледi.
Егер объект сипаттамасының сапалық және сандық көрсеткiштерi реконструкциялау, қосымша құрылыс салу және жаңғырту нәтижесiнде айтарлықтай өзгерсе, онда ол бойынша есепке алынған бұрынғы түгендеу карточкасын (жаңғыртылған немесе реконструкцияланған объектiлердi тұтастай алғанда сипаттайтын ондағы барлық көрсеткiштердi көрсету қиын болған жағдайда) жаңасымен ауыстыруға рұқсат етiледi. Бұрынғы түгендеу карточкасы анықтамалық құжат ретiнде (карточканы ауыстыру туралы мiндеттi түрде белгi соға отырып) сақталады.»;
көрсетілген бұйрыққа 10-қосымшада:
№ ОС-8 нысанының ескертуі мынадай редакцияда жазылсын:
«№ ОС-8 нысанды түгендеу карточкасы 2383 «Өзге негізгі құралдар» қосалқы шоты бойынша өнімді малды жеке есептеу үшін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметіне байланысты емес көп жылғы екпелер мен жерді (құрылыс салынбаған) жақсарту бойынша күрделі шығындарды есептеу үшін қолданылады.
№ ОС-8 нысанды түгендеу карточкасы жануарларды топтық есепке алу үшін де қолданылуы мүмкін.
Жануарлардың қысқаша жеке сипаттамасы, олардың толық сипаттамасы тиiстi зоотехникалық құжаттамада толық көрсетiлгендiктен, карточкада көрсетілген негiзгi көрсеткіштермен шектеледі.
Көп жылғы екпелер түгендеу объектiлерi бойынша тұқымы, егілген түптердің саны және алаңы көрсетiлiп, ескерiледi. Объектінің құнына жұмыстың барлық кешенін аяқтауға қарамастан, пайдалануға қабылдаған алаңдарға қатысты шығындар қосылады.
Жерлердi жақсарту бойынша күрделі шығындардың есебі мынадай іс-шаралар бөлінісінде жүргiзiледi: жер учаскелерін жоспарлау, егін егiлетiн алаңдарды өңдеу, арам шөптерден тазарту, алып отырған алаңдарын және әрбір іс-шара бойынша орындалған жұмыстардың құны көрсете отырып су қоймаларын тазалау.
«Қаржыландыру (түсім) көзі» бағанында жануарларды (өнімді мал), ауыл шаруашылығы қызметіне байланысты емес өсімдіктерді қаржыландыру (түсім): бюджеттік 5011 «Бюджет қаражаты есебінен күрделі салымдарды қаржыландыру», 5012 «Сыртқы қарыздар есебінен күрделі салымдарды қаржыландыру», 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан түсетін табыс» қосалқы шоттары/шоттары бойынша немесе бюджеттен тыс 6050 «Демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін табыс», 6110 «Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатудан түсетін табыстар», 6330 «Активтерді ақысыз алудан түсетін табыс» шоттары бойынша көрсетіледі.
№ ОС-8 түгендеу карточкасында шығарылған ұзақ мерзімді активтер бойынша ғана жинақталған амортизация сомасы теңгемен, амортизация нормасының шифрi және амортизация соңғы рет есептелген айы мен жылы жазылады. Бұл ретте өнiмдi мал, буйвол, қашыр, жануарлар әлемiнiң экспонаттары (хайуанаттар паркiнде және басқа ұқсас мекемелерде) бойынша, сондай-ақ пайдалану жасына жетпеген ауыл шаруашылығы қызметіне байланысты емес көп жылдық екпелер бойынша тозу анықталмайтындығын назарға алу керек.»;
көрсетілген бұйрыққа 12-қосымшада:
№ БА-3 нысананың ескертуі мынадай редакцияда жазылсын:
«2610 «Жануарлар» шоты бойынша биологиялық активтерді (жануарларды) есепке алу үшін қолданылады. «Қаржыландыру (түсім) көзі» бағанында биологиялық активтерді (жануарларды) қаржыландыру (түсім) көзі: бюджеттік 5011 «Бюджет қаражаты есебінен күрделі салымдарды қаржыландыру», 5012 «Сыртқы қарыздар есебінен күрделі салымдарды қаржыландыру», 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан түсетін табыс» қосалқы шоттары/шоттары бойынша немесе бюджеттен тыс 6050 «Демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін табыс», 6110 «Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатудан түсетін табыстар», 6330 «Активтерді ақысыз алудан түсетін табыстар» шоттары бойынша көрсетіледі. № БА-3 нысаны бойынша түгендеу карточкасы бухгалтерияда әрбір объектіге жүргізіледі. «Жиналған амортизациялау сомасы, теңге» бағаны істен шығарылған ұзақ мерзімді активтер бойынша ғана толтырылады. Нысан бір данада объектінің түсуіне, оның қозғалысына және істен шығуына (есептен шығарылуына) арналған құжаттар негізінде толтырылады.»;
көрсетілген бұйрыққа 13-қосымшада:
№ БА-3А нысанының ескертуі мынадай редакцияда жазылсын:
«2620 «Көп жылдық екпелер» шоты бойынша биологиялық активтерді (өсімдіктерді) есепке алу үшін қолданылады. «Қаржыландыру көзі (түсімдер)» бағанында биологиялық активтерді (өсімдіктерді) қаржыландыру көзі (түсімдер): бюджеттік 5011 «Бюджет қаражаты есебінен күрделі салымдарды қаржыландыру», 5012 «Сыртқы қарыздар есебінен күрделі салымдарды қаржыландыру», 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан түсетін табыстар» қосалқы шоттары/шоттары бойынша немесе бюджеттен тыс 6050 «Демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін табыстар», 6110 «Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатудан түсетін табыстар», 6330 «Активтерді ақысыз алудан түсетін табыстар» шоттары бойынша көрсетіледі. № БА-3А нысаны бойынша түгендеу карточкасы бухгалтерияда әрбір объектіге жүргізіледі. «Жиналған амортизациялау сомасы, теңге» бағаны шығарылған ұзақ мерзімді активтер бойынша ғана толтырылады. Нысан бір данада объектінің түсуіне, оның қозғалысына және істен шығуына (есептен шығарылуына) арналған құжаттар негізінде толтырылады.»;
көрсетілген бұйрыққа 16-қосымшада:
№ ОС-13 нысанының ескертуі мынадай редакцияда жазылсын:
«№ ОС-13 нысаны бойынша ұзақ мерзімді активтерді түгендеу тізімі мынадай шоттар бойынша: 2310 «Жер», 2320 «Ғимараттар», 2330 «Құрылыстар», 2340 «Беріліс қондырғылары», 2350 «Көлік құралдары», 2360 «Машиналар және жабдықтар», 2370 «Құралдар, өндірістік және шаруашылық мүкәммалы», 2380 «Өзге негізгі құралдар», 2510 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік», 2610 «Жануарлар», 2620 «Көп жылдық екпелер», 2710 «Материалдық емес активтер» шоттары бойынша, сондай-ақ концессия шарттары бойынша ұзақ мерзімді активтерді есепке алу үшін жүргізіледі.Ұзақ мерзімді активтер объектілерiнiң (заттардың) орналасқан (пайдалану) жерлерінде әр объектiлiк есеп үшін, сондай-ақ әрбір материалдық-жауапты адам бойынша қолданылады. 5 «Қаржыландыру көзі (түсімдер)» бағанында ұзақ мерзімді активтерді қаржыландыру көзі (түсімдер): бюджеттік 5011 «Бюджет қаражаты есебінен күрделі салымдарды қаржыландыру», 5012 «Сыртқы қарыздар есебінен күрделі салымдарды қаржыландыру», 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан түсетін табыстар» қосалқы шоттары/шоттары бойынша немесе бюджеттен тыс 6050 «Демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін табыстар», 6110 «Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатудан түсетін табыстар», 6330 «Активтерді ақысыз алудан түсетін табыстар» шоттары бойынша көрсетіледі.
Ұзақ мерзімді активтердің олардың орналасқан (пайдалану) жерлері бойынша әр объектілік есептеу деректері ұзақ мерзімді активтерді түгендеу есеп карточкаларындағы бухгалтерлік қызмет жасаған жазбаларға барабар.».;
көрсетілген бұйрыққа 56-қосымшада:
№ 405 нысан ескертуінің мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірнеше есептесу-төлеу ведомостары жазылатын мемлекеттік мекемелерде, сондай-ақ орталық бухгалтерияларда бұл ведомостардың қорытындысы бойынша жиынтық есептесу ведомостары жасалады, мұның өзі жалақы жөніндегі мемориалдық ордер болып табылады, ол 3230 «Стипендианттарға қысқа мерзімдік кредиторлық берешек» және 3240 «Қызметкерлер алдындағы қысқа мерзімдік кредиторлық берешек» шоттары бойынша жүргізіледі. № 405 нысан бойынша Жиынтық негізінде 5 мемориалдық ордерде 3121 «Жеке табыс салығы бойынша қысқа мерзімдік кредиторлық берешек» қосалқы шоты бойынша жеке табыс салығын ұстап қалу, 3122 «Әлеуметтік салық бойынша қысқа мерзімдік кредиторлық берешек» қосалқы шоты бойынша әлеуметтік салықты есептеу, 3141 «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша қысқа мерзімдік кредиторлық берешек» қосалқы шоты бойынша.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |