• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 10.06.2015 г

Отправить по почте

1

Парниктік газдар шығарындыларына квотаны өзгерту үшін өтініш нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 326-Ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 13 қарашада № 8902 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 10 маусымнан бастап ҚР Энергетика министрінің 18.03.2015 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 585 қаулысымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларының 4-тармағына, 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес Парниктік газдар шығарындыларына квотаны өзгерту үшін өтініш нысаны бекітілсін.
2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»     
Қазақстан Республикасы 
Статистика агенттігінің
төрағасы
__________ Ә. Смайылов
2013 жылғы 1 қараша
Қазақстан Республикасы
 Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
 2013 жылғы 23 қазандағы
 № 326-Ө бұйрығына
 қосымша
Приложение к приказу
Министра охраны окружающей среды
 Республики Казахстан
 от 23 октября 2013 года № 326-ө
Парниктік газдар шығарындыларына квотаны өзгерту үшін өтініш Заявление на изменение квоты на выбросы парниковых газов
Ұсынатын тұлғалар тобы: Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына кірген табиғат пайдаланушылар
Круг лиц представляющих: Природопользователи, которые входят в национальный план распределения квот на выбросы парниковых газов
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қоршаған органы қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне
Куда представляется: Комитет экологического регулирования и контроля Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан
1. Табиғатты пайдаланушының атауы

2. Жалпы мәліметтер:
2.1. Заңды мекенжайы
2.2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)
2.3. Байланыс телефоны, факс, электрондық пошта


3 Парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына жататын қондырғыға қатысты экономикалық қызмет түрлерінің Жалпы жіктеуішіне сәйкес экономикалық қызмет түрі (атауы мен коды)

4. Қайта ресімделуге жататын парниктік газдар шығарындыларына сертификаттың сериясы мен нөмірі

5. Қайта ресімделуге жататын сертификатқа сәйкес бекітілген квота көлемі

6. Қосымша (өзгертілетін) квота көлемі

7. Жалпы квота көлемі (қайта ресімделуге жататын сертификатқа сәйкес квота көлемінің соммасы және қосымша квота көлемі)

8. Квота өзгертуге өтініштің себебі (қажеттерін белгілеу):

8.1. қондырғылардың сипатында немесе қызмет етуінде жоспарланып отырған өзгерістер

8.2. парниктік газдар шығарындыларының жаңа көздерін іске қосу

9. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар арналған уақыт кезеңі 20__жылға
10. Өтінішке мына құжаттар қоса беріледі: Квотаның өзгеруін негіздейтін есептеулер
Өтініш беруші мәліметтердің дұрыстығына толық жауапкершілікте болады.
Парниктік газдар шығарындыларына квотаны өзгерту үшін өтініш нысанын толтыру бойынша түсініктеме
Квотаны өзгерту үшін өтініш нысан 2013 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1000 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 585 қаулысымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларының 4-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
Квотаны өзгерту үшін өтініш нысанын парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына кірген табиғат пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне ұсынады.
2013 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1000 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 7 мамырдағы № 585 қаулысымен бекітілген жағдайларда 1 қазаннан кешіктірмей.
2-бағанда «Жалпы мәліметтер» заңды мекенжайы, ЖСН, БСН, байланыс телефоны, факс, электрондық пошта көрсетіледі;
3-бағанда «Парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына жататын қондырғыға қатысты экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономика секторы (атауы мен коды)» экономикалық қызмет түрлерінің ортақ жіктеуішіне сәйкес экономика секторы көрсетіледі;
4-бағанда «Қайта ресімделуге жататын парниктік газдар шығарындыларына сертификаттың сериясы мен нөмірі» парниктік газдар шығарындыларына сертификаттың сериясы мен нөмірі көрсетіледі;
5-бағанда «Қайта ресімделуге жататын сертификатқа сәйкес бекітілген квота көлемі» қайта ресімдеуге жататын сертификатқа сәйкес бекітілген квота көлемі көрсетіледі;
6-бағанда «Қосымша (өзгертілетін) квота көлемі» қосымша (өзгертілетін) квота көлемі көрсетіледі;
7-бағанда «Жалпы квота көлемі» қайта ресімдеуге жататын сертификатқа сәйкес квота көлемі қосымша квота көлемі бөлігіндегі соммасы көрсетіледі;
8-бағанда «Квота өзгертуге өтініштің себебі (қажеттерін белгілеу» 8.1. бағанында көрсетілген қондырғылардың сипатында немесе қызмет етуінде жоспарланып отырған өзгерістер немесе 8.2. бағанында көрсетілген парниктік газдар шығарындыларының жаңа көздерін іске қосылуы көрсетіледі;
9-бағанда «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар арналған уақыт кезеңі» парниктік газдар шығарындыларына квоталар арналған уақыт кезеңі көрсетіледі;
10-бағанда «Өтінішке мына құжаттар қоса беріледі» квотаның өзгеруін негіздейтін есептер қоса беріледі.