Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1142 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қарашадағы № 1249 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.09.2016 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1142 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеңестің қызметі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың тиімді тетіктерін құру бойынша практикалық ұсыныстар мен ұсынымдарды бірлесе әзірлеу мақсатында мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтардың, ғылыми қауым мен үкіметтік емес ұйымдардың практикалық өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталған.
Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өзге де кеңестермен өзара іс-қимыл жасайды.»;
7-тармақтың 4) тармақшасындағы «беруге құқылы.» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) өз құзыретінің шегінде Кеңестің жанынан кіші жұмыс топтарын құруға құқылы»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде үш айда бір рет өткізіледі.»;
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қарашадағы № 1249 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1142 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің құрамы
Ахметов - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Серік Нығметұлы төраға Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бақыт Тұрлыханұлы орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары Әбілқасымова - Қазақстан Республикасының Экономика және Мәдина Ерасылқызы бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бақытжан Әбдірұлы бірінші орынбасары Орынбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Ербол Тұрмаханұлы орынбасары Исекешев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Әсет Өрентайұлы орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Досаев - Қазақстан Республикасының Экономика және Ерболат Асқарбекұлы бюджеттік жоспарлау министрі Дүйсенова - Қазақстан Республикасының Еңбек және Тамара Босымбекқызы халықты әлеуметтік қорғау министрі Жәмішев - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму Болат Бидахметұлы министрі Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Көлік және Асқар Қуанышұлы коммуникация министрі Имашев - Қазақстан Республикасының Әділет министрі Берік Мәжитұлы Қайырбекова - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Салидат Зекенқызы министрі Қаппаров - Қазақстан Республикасының Қоршаған орта Нұрлан Жамбылұлы және су ресурстары министрі Қарабалин - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ Ұзақбай Сүлейменұлы министрі Қасымов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер Қалмұханбет министрі Нұрмұханбетұлы Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет және Мұхтар Абрарұлы ақпарат министрі Мамытбеков - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Асылжан Сарыбайұлы министрі Сәрінжіпов - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Аслан Бәкенұлы министрі Байменов - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет Әлихан істері агенттігінің төрағасы Мұхамедияұлы (келісім бойынша) Қожағапанов - Қазақстан Республикасы Спорт және дене Ерлан Тоқтарханұлы шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Қуандықов - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті Болатбек Баянұлы қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы Мұсабаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш Талғат Амангелдіұлы агенттігінің төрағасы Оспанов - Қазақстан Республикасы Табиғи Мұрат Мағауияұлы монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Смайылов - Қазақстан Республикасы Статистика Әлихан Асханұлы агенттігінің төрағасы Түсіпбеков - Қазақстан Республикасы Экономикалық Рашид Төлеутайұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы (келісім бойынша) Тәжіяқов - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Бисенғали төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Шамғалиұлы Әбдімомынов - Қазақстан Республикасының Президенті Азамат Құрманбекұлы Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі (келісім бойынша) Әбдірәсілов - Қазақстан Республикасының Президенті Болатбек Серікбайұлы жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры (келісім бойынша) Айтжанов - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» Дулат Нулиұлы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) Бишімбаев - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» Қуандық Уәлиханұлы акционерлік қоғамының төрағасы (келісім бойынша) Ежов - «Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік Владислав қоғамының басқарма төрағасы (келісім Николаевич бойынша) Мұқанов - «Экономикалық зерттеулер институты» Мақсат Нұрдәулетұлы акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) Шөкеев - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Өмірзақ Естайұлы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) Аханов - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының Серік Ахметжанұлы төрағасы (келісім бойынша) Баталов - «Қазақстан кәсіпкерлері форумы» Райымбек Әнуарұлы қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) Мырзахметов - «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық Абылай Исабекұлы экономикалық палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша) Рақымбаев - Қазақстан құрылыс салушылары Айдын Жұмәділұлы қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша) Смағұлов - «Қазақстан астықты қайта өндеушілер одағы» Нұрлан Еркебұланұлы заңды тұлғалар бірлестігі құрылтайшылар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |