Bestprofi Logo

Бұйрық № 482 от 2013-10-12г./Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

"Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025 г.

Документ на казахском языке

"Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есеп шоттарының жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 12 қазандағы № 482 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 қарашада № 8895 тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 116-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1. «Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есеп шоттарының жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына (2010 жылғы 29 маусымда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 тамызда «Егемен Қазақстан» № 332-333 (26176) газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есеп шоттарының жоспарында:

«1 «Қысқа мерзiмдi активтер» бөлiмiнiң шоттары» деген 4-тарауда:

«7. 1000 «Ақша қаражаты және олардың баламалары» кiшi бөлiмi – қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында және мемлекеттік мекемелердің шоттарында ақша қаражатын және олардың баламаларын есепке алуға арналған.

Осы бөлімше мынадай шоттарды қамтиды:

1010 - «Кассадағы ақша қаражаты» шоты мемлекеттік мекеме кассасындағы ақша қаражатының нақты сомасын және қозғалысын есепке алуға арналған;

1020 - «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты» шоты мемлекеттік мекеме ағымдағы шотындағы ақша қаражатын есепке алуға арналған;

1030 - «Есеп айырысу шоты» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен (бұдан әрі – СІМ) Қазақстан Республикасының елшіліктері және өзге шетелдік мекемелер алған ақша қаражатын есепке алуға арналған;

1040 - «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін ҚБШ» демеушілік және қайырымдылық көмек, ақылы қызметтер, ақшаны уақытша орналастыру ақшасы бойынша мемлекеттік мекеменің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, нысаналы қаржыландырудың ақша қаражатын есепке алуға арналған. Осы шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды:

1041 - «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ», мұнда Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелерге арналған демеушілік және қайырымдылық көмек түріндегі түскен ақша қаражатын есепке алады;

1042 - «Ақылы қызметтер ҚБШ», мұнда мемлекеттік мекемелер иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алған және Бюджет кодексіне сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылатын ақша кірістері мен шығыстары есепке алынады;

1043 - «Ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ», мұнда Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қайтарып алу шартымен мемлекеттік мекемелерге аударылған немесе белгілі бір жағдай туғанда сәйкесінше бюджетке немесе үшінші жаққа берілген ақша қаражат қозғалысы есепке алынады;

1044 - «Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ», онда Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару заңнамасына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру үшін ақшаның түсімі мен жұмсалуы есепке алынады;

1045 - «Нысаналы қаржыландыру ҚБШ», мұнда есептелген бюджет қаражаты және оларды ерекше шығыстарды жүргізуге пайдалану есепке алынады (нысаналы қаржыландыру шоты);

1050 - «Шетелдік валютадағы шот» мемлекеттік мекеме жүргізетін есепті кезеңнің соңғы күніне қолданылатын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірлесіп белгілеген тәртіпте анықталатын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша шетелдік валютаны қайта есептеу жолымен алынған Қазақстан Республикасы валютасында валюталық операцияларды есепке алуға арналған;

1060 - «Арнайы шот» шоты бюджеттік бағдарлама әкімшілігімен қарызға алынған қаражаттардың (сыртқы қарыздар және гранттар) кірісі мен шығысы бойынша қаржылық операцияларды есепке алуға арналған. Осы шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды;

1061 - «Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты», мұнда грантпен байланысты қаражаттардың кірісі мен шығысы бойынша қаржылық операцияларды есепке алады;

1062 - «Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты», мұнда сыртқы қарыздардың (қарызға алынған қаражаттар) кірісі мен шығысы бойынша қаржылық операцияларды есепке алады;

1070 - «Өзге де ақша қаражаты» шоты алдыңғы қосалқы шоттарда көрсетілмеген басқа да ақша қаражаттарын есепке алуға арналған. Осы шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды;

1071 - «Аккредитивтер», мұнда мемлекеттік мекемелердің жеткізуші алдында алынған активтер үшін пайда болған төлемдерге сәйкес міндеттемелер бойынша ашылған аккредитивтер сомасы есепке алынады;

1072 - «Ақша құжаттары», мұнда өзге ақша құжаттары есепке алынады;

1073 - «Жолдағы ақша қаражаты» мұнда шетел мекемелерінің шығындарын қаржыландыру СІМ-не аударылған, бірақ СІМ-нің шетел мекемелерінің есеп айырысу шотына түспеген ақша қаражат қозғалысын есепке алынады;

1074 - «Өзге де ақша қаражаты», мұнда алдыңғы қосалқы шоттарда көрсетілмеген өзге ақша қаражаты есепке алынады;

1080 - «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоты республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары бойынша қаражат қозғалысын есепке алуға арналған. Осы шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды:

1081 - «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», мұнда мемлекеттік мекемелердің қызметін қаржыландыру, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерді қаржыландыруды қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасы есепке алынады;

1082 - «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда күрделі салымдарды қаржыландыру бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады;

1083 - «Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге олар жергілікті бюджет есебінен міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар алу кезінде және керісінше жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге белгілі бір мақсаттарға республикалық бюджеттен міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар алу кезінде мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың қозғалысы есепке алынады;

1084 - «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады, олар жалпы сипаттағы трансферттер, нысаналы ағымдағы трансферттер, нысаналы даму трансферттері, жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерге және әлеуметтік көмекке берілетін трансферттер болып бөлінеді;

1085 - «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда мемлекеттік бюджет, жергілікті бюджет немесе жергілікті органдар, жеке және заңды тұлғалар арнайы қор қаражаттар есебінен ақшалай жәрдемақылар түріндегі субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады;

1086 - «Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдермен байланысты операциялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» мұнда республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдер есебінен мемлекеттік мекемелердің шығыстары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасы есепке алынады;

1087 - «Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебінен жобалар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебінен жобалар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасы есепке алынады;

1090 - «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоты жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасының қозғалысын есепке алу үшін арналған. Бұл шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды;

1091 - «Жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», мұнда мемлекеттік мекеменің қызметін ұстауға жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомалары есепке алынады;

1092 - «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда күрделі салымдарды қаржыландыру бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады;

1093 - «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің пайдалану үшін трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады, олар жалпы сипаттағы трансферттерге, нысаналы ағымдағы трансферттерге, нысаналы даму трансферттеріне бөлінеді;

1094 - «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда мемлекеттік бюджет, жергілікті бюджет немесе жергілікті органдар, жеке және заңды тұлғалар арнайы қор қаражаттар есебінен ақшалай жәрдемақылар түріндегі субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады;

1095 - «Жергілікті бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» мұнда жергілікті бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдер есебінен мемлекеттік мекемелердің шығыстарына бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасы есепке алынады.»;

9-тармақтың жиырма төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1262 - «Қызметкерлермен басқа есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», мұнда активтердің анықталған жетіспеушіліктері мен талан-таражға түсуі бойынша, алдыңғы қосалқы шоттарда көрсетілмеген өтеу мерзімі бір жылға дейінгі басқа да есептеу түрлері бойынша адамдардың берешегі есепке алынады;»;

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1313 - «Дәрі-дәрмектер және байлап-таңу құралдары», мұнда шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшелігі бойынша қаржыландыру жоспарында қаржы бөлу көзделген емдеу-алдын алу және емдеу-мал дәрігерлік және басқа мемлекеттік мекемелердегі дәрі-дәрмектер, құрамдық заттар, бактериялық препараттар, сарысулар, екпелер, қан, байлап-таңу құралдары, өзге дәрілік құралдар және медициналық мақсаттағы бұйымдар есепке алынады. Бұл қосалқы шотта сондай-ақ өз дәріханалары бар медициналық мекемелердегі қосымша және дәрі жасайтын материалдар есепке алынады;»;

жетінші және сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1315 - «Отын, ЖЖМ», мұнда қоймаларда немесе қорларда (май, тасол және өзге материалдар), сондай-ақ тікелей материалды жауапты адамдарда сақталған отынның, жанар және жағар майлардың барлық түрлері (ағаш, көмір, шымтезек, бензин, керосин, қарамай, автол және басқа жанар-жағар май материалдары), оның ішінде жанар және жағар май материалдарына арналған төленген талондар есепке алынады;

1316 - «Шаруашылық материалдары және кеңсе жарақтары», мұнда шаруашылық материалдары, электр желілік фильтрлер, ұзартқыштар, шыныдан немесе басқа сынатын материалдан жасалатын ыдыс, пышақтар, шанышқылар, қасықтар, гүл құмыралары, резеңке кілемшелер және кеңсе жарақтары, сондай-ақ қағаздарға арналған жайма, пластик қоржындар, органайзер есепке алынады;»;

он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание