• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 10.01.2016 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 1254 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 10 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 23.12.2015 жылғы № 1034 Қаулысына сәйкес
Редакция 18.02.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 54, 521-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру», «Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқасын беру», «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияларға телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 және «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1128 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 990-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Үлескердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1530 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 2, 24-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.»;
4) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.02.2015 жылғы № 69 Қаулысымен (22.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.03.2015 жылы № 43(28521)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2013 жылғы 22 қарашадағы
 № 1254 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2010 жылғы 7 қазандағы
 № 1036 қаулысымен
 бекітілген
«Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет).
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі.
3. Қызмет берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменттері (бұдан әрі – қызмет беруші), олардың мекенжайлары мен жұмыс кестелері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.e.gov.kz немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы: www.elicense.kz (бұдан әрі – портал).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) орталыққа немесе порталға құжаттар пакеті тапсырылған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі лицензияны беру және қайта ресімдеу үшін он бес жұмыс күнін, лицензияның телнұсқасын беру үшін екі жұмыс күнін құрайды (құжаттардың қабылданған күні мен берілген күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін ең көп рұқсат етілген күту уақыты – 20 минуттан аспайды;
3) өтініш берілген күні қызмет алушыға қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілген уақыты – 20 минуттан аспайды.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған).
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі осы стандарттың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мерзімде порталда қызмет берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанында жобалау қызметіне лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру немесе қызмет алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште алу үшін өтініш берген жағдайда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша басып шығарылып, қызмет беруші басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады не өтініш электронды түрде берілген жағдайда, электронды құжат нысанында не өтініш қағаз түрінде берілген жағдайда, қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
7. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 471-бабына сәйкес лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым алынады және ол лицензияны және лицензияның телнұсқасын беру үшін 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК), лицензияны қайта ресімдеу үшін 1 АЕК-ті құрайды.
Жобалау қызметіне лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқаларын беруге портал арқылы электрондық сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
8. Жұмыс кестесі:
1) орталық – көрсетілетін мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесі бойынша күн сайын, дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20-00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі.
Қабылдау «электрондық кезек» тәртібімен жеделтетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Қызмет алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «брондауға» болады.
Орталықтардың ұтқыр филиалдары құжаттарды қабылдауды көші-қон полициясының аумақтық басқармаларымен бірге жергілікті атқарушы органдар бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады, бірақ бір елді мекенде алты жұмыс сағатынан кем емес;
2) порталда – тәулік бойы.
9. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы мынадай құжаттардың тізбесін ұсынады:
1) лицензия алған кезде орталыққа:
заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
заңды тұлға үшін – жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған) және өтініш беруші – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтама;
жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
дара кәсіпкер үшін – өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған);
өтініш берушіні салық органында есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған);
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа;
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
шетелдік тұлға өтініш берген жағдайда, І немесе ІІ санаттағы лицензия алу қажет болғанда, лицензияның немесе шет мемлекеттің шетелдік тұлғалар үшін жобалау қызметіне тиісті растамасы бар тиісті рұқсат беру құжатының көшірмесі;
2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде, дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген кезде, заңды тұлға бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған кезде, заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде орталыққа:
заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;