• Мое избранное
Балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 15.01.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 318-Ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 15 қарашада № 8907 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 15 қаңтардан бастап ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 27.06.2014 жылғы № 240-Ө Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 172 «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері» қаулысының 21-тармақтың 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Келесі:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес балық аулауға;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың Үлгі нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 207 бұйрығы «Балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6183 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жылғы № 14) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жарияланғанын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Н. Қаппаров
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 318-Ө бұйрығына
1-қосымша
Үлгі нысаны
Балық аулауға арналған шарт Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Балық шаруашылығы комитеті
____________ қаласы 20_____ ж.«________»
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі)
әрі карай «Инспекция» деп аталатын, _________________________________
_____________________________________________________________________
(басшының тегі аты әкесінің аты (болған кезде))
атынан Ереже негізінде әрекет ететін, _______________________________
бір тараптан, және басшы ____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) толығымен)
атынан _________________________________________ немесе жеке кәсіпкер
(ұйымның аты)
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) толығымен)
конкурстық комиссияның 20_____ жылғы «_____» ______________________ №
__________ шешімімен конкурстың жеңімпазы
танылған, бұдан әрі «Пайдаланушы» деп аталатын ______________________
(ереже, жарғы не басқа)
негізінде әрекет етуші екінші тараптан төмендегілер туралы шарт
жасасты.
1. Шарттың мәні
I. «Инспекция» ұсынды, ал «Пайдаланушы»
__________________________________________________________ мақсатында
(кәсіпшілік аулау (жағалаулық. теңіздік), ғылыми-зерттеу және т.б.)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(су айдынының, учаскесінің және орналасқан ауданының атауы) балық
ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалану құқығына ие болды.
2. Тараптардың құқықтары
2. «Пайдаланушы» заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) жануарлар дүниесі объектілерін, оларды ұсыну шарттарына сәйкес пайдалануға;
2) ауланған жануарлар дүниесі объектілері мен оның барысында алынған өнім меншігіне;
3) оған бекітіліп берілген су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулау үшін жеке тұлғаларға жолдамалар беруге;
4) жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға арналған шарттар жасауға құқылы.
3. «Инспекция» заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) «Пайдаланушы» рұқсат беру құжатының пайдалану мерзімі біткен, балық және басқа су жануарларын аулауға рұқсат берілген көлемнен асып кеткен, шарттық міндеттемелерді орындамаған және балық шаруашылығы саласындағы заңнаманың басқа да бұзушылықтарына жол берген жағдайда балық және басқа су жануарларын аулауды уақытша тоқтатуға немесе тоқтатуға, рұқсаттаманы қайтарып алуға;
2) балық шаруашылығы субъектісімен балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға бөлінген квотаның 25 % ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейін игермеген жағдайда, бөлінген квотаның игерілмеген бөлігін қайта бөледі;
3) шарттық міндеттерді және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарын орындамаған жағдайда біржақты тәртіпте шартты бұзуға;
4) балық және басқа су жануарларын аулау лимитін және (немесе) квотасын игеруге, «Пайдаланушыға» бекітіліп берілген су айдынының (учаскесінің) санитарлық жағдайына, балық және басқа су жануарларын аулау есебі журналын жүргізуге, балық қорын қорғау және өсімін молайту бойынша шарттық талаптарды және балық аулау ережесін, сонымен қатар, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды орындауға бақылауды жүзеге асыруға;
5) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарын тексеру мақсатында кедергісіз пайдаланушыға бекітіліп берілген су айдынына және (немесе) учаскесіне келуге құқылы.