Toggle Dropdown
Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 қазанда № 8782 тіркелді
Редакция 25.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі №339-IV Заңының 54-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Авиация персоналы куәлiгiн беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 14 наурыздағы № 138 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6860 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 18 маусымдағы № 258-259(26657) жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 711 бұйрығымен бекітілген, өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7366 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 19 сәуірдегі № 164-168(27242) жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және оны мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникациялар министрінің
2013 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 750 бұйрығымен
бекітілген
Авиация персоналы куәліктерін беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидалары
1. Осы «Авиация персоналы куәлiгін беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидалары «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 54-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес жасалған және авиация персоналы куәлiгін беру және оның қолданылу мерзімін ұзарту тәртібі мен «Авиация персоналына куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) авиациялық персонал – арнайы және (немесе) кәсіби даярлығы бар, әуе кемелерінің ұшуын, әуе тасымалдары мен авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
2) авиациялық персонал куәлігі – авиациялық персоналдың біліктілігі мен өкілеттігін растайтын құжат;
3) авиациялық персонал куәліктерін беру тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) –авиациялық персонал куәліктерін беру туралы жазба жазылатын құжат;
3-1) азаматтық авиация саласындағы төлемдер – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым көрсететін қызметтер үшін жеке және заңды тұлғалардың төлемі, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың міндетті аударымы;
4) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласының тұрақты дамуын, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
6) азаматтық авиация ұйымы – азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
7) арнайы белгі – тілді меңгеу деңгейі туралы белгіні қоса алғанда, ерекше шарттар, құқықтар немесе шектеулер көрсетілетін куәлікте жасалған қосымша көрсетілетін куәлікте жасалған қосымша жазба және осы куәлікке қатысты ақпарат;
8) бақылаудағы әуе кемесінің командирі – бақыланатын ӘКК ретінде функциялар мен міндеттерді орындайтын екінші ұшқыш. PICUS уақыты екінші пилоттың ұшу кітапшасында тіркеледі, нұсқаушының немесе ӘКК қолымен куәландырылады және ӘКК ретінде жалпы ұшуға есептеледі;
9) біліктілік белгісі – куәлікке жазылған немесе оған қатысы бар, оның бөлігі болып табылатын осы куәлікке қатысты ерекше жағдайлар, құқықтар немесе шектеулері көрсетілетін жазба;
10) өтініш беруші – авиациялық персонал куәлігін алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жүгінген жеке немесе заңды тұлға (азаматтық авиация ұйымы);
11) пилотсыз ұшу аппараты – бортта пилотсыз (экипажсыз) ұшуды орындайтын және ұшу кезінде автоматты түрде, басқару пунктімен немесе көрсетілген тәсілдердің үйлесімімен оператор басқаратын әуе кемесі;
12) сыртқы пилот – пилотсыз ұшу аппаратын ұшуы үшін қажетті іс-қимылдарды орындайтын және ұшу кезінде тиісті ұшу басқаруын басқаратын жеке тұлға;
13) ұшу экипажының мүшесі – ұшу уақыты барысында әуе кемесін басқаруға қатысты міндеттер жүктелген, авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігі бар, авиациялық персоналға жататын тұлға.
3. Уәкілетті ұйым авиация персоналы куәліктерінің мынадай түрлерін береді:
1) ұшу экипажының мүшелеріне:
PPL жеке пилот куәлігі (ұшақтың, тікұшақтың, дирижабльдің, көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемесінің);
CPL коммерциялық авиациясы пилотының куәлігі (ұшақтың, тікұшақтың, дирижабльдің, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің);
MPL көпмүшелі экипаж (ұшақ) пилотының куәлігі;
ATPL желілік пилотының куәлігі (ұшақтың, тікұшақтың, көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемесінің);
FBPL тегін аэростат ұшқышының куәлігі;
GPL планер пилотының куәлігі;
2) ұшқыштардан басқа ұшу экипажының мүшелері үшін:
FEL бортинженер (бортмеханик) куәлігі;
3) басқа авиациялық персонал:
RPL сыртқы пилот куәлігі (ұшақтың, дирижабльдің, планердің, бұранда Қанаттың, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің немесе еркін аэростаттың);
ATCL әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің куәлігі;
AML әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігі;
ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің немесе FDL ұшу диспетчерінің куәлігі;
ASOL авиациялық станциясы операторының куәлігі;