• Мое избранное
Сараптамалық кеңес туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 4

Сараптамалық кеңес туралы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 7 тамыздағы № 178 бұйрығы

«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 Заңының 26-бабы 2-тармақшасына және «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі - Сараптамалық кеңес) құрамы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы ереже осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Заң департаменті Сараптамалық кеңестің жұмыс органы функциясын жүзеге асырсын.
4. Заң департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
5. «Сараптамалық кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2011 жылғы 11 ақпандағы № 47 бұйрығының күші жойылсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2013 жылғы 7 тамыздағы
№ 178 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы ереже
Осы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жанындағы сараптамалық кеңесті қалыптастыру тәртібін және қызметін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Сараптамалық кеңес Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) құрған консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Сараптамалық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңында кәсіпкерлік субъектілерінен есептілікті тапсыру бөлігінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды талап ететін бір норма бар.
3. Сараптамалық кеңестің басты мақсаты:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен, мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптамалық қорытындылар алу;
2) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, сонымен қатар бизнеске ауыртпалықты төмендету, мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасындағы олқылық және қарама-қарсылықтарды жою, алғашқы статистикалық және әкімшілік деректерді жинауда қайталануды болдырмау мақсатында Агенттік қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
4. Сараптамалық кеңес келесі міндеттерді атқарады:
1) мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда Агенттіктің ресми Интернет-ресурсын қоса алғандағы бұқаралық ақпарат құрылғыларында міндетті түрде жарияланғаннан (таратылғаннан) кейінгі Агенттікпен әзірленген және ұсынылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды;
2) аталған нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын жинақтауды жүзеге асырады;
3) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, сонымен қатар бизнеске ауыртпалықты төмендету, мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасындағы олқылықтар мен қарама-қайшылықтарды жою, алғашқы статистикалық және әкімшілік деректерді жинауда қайталануды болдырмау мақсатында Агенттік қызметін жетілдіру туралы келіп түскен ұсыныстар мен кепілдемелерді қарастырады.
5. Сараптамалық кеңес құрамы Агенттіктің, жеке кәсіпкерлік субъектілері ұйымдарының, заңнамамен белгіленген тәртіпте (келісім бойынша) аккредиттелген мүдделі коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінен қалыптастырылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген ұйымдары мен коммерциялық ұйымдар өкілеттіктері сенімхатпен расталған өз өкілдері арқылы қатысады және әрекет етеді.
6. Сараптамалық кеңес құрамы Агенттік төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
2. Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібі
7. Сараптамалық кеңес мүшесі:
1) сараптамалық кеңес материалдарына қолжетімділігі бар;
2) сараптамалық кеңес отырысына енгізілетін материалдарды талқылауда қатыса алады;
3) бастамашылық ете алады;
нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау жөніндегі сараптамалық кеңестің отырысын өткізе алады;
Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелерді отырыс күн тәртібіне қосады;
4) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, соның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында Агенттік қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды шығару бойынша ұсыныстар енгізе алады;
5) сараптамалық кеңестің күндізгі отырысын өткізуді талап ете алады.
8. Сараптамалық кеңес қызметін қамтамасыз етуді Агенттік іске асырады.
1) Агенттік сараптамалық қорытынды алу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген ұйымдарына қосымша түсіндірме жазбаны міндетті түрде қосу арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сонымен қатар аталған жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен алдағы келісу кезінде сараптамалық кеңес арқылы жолдайды.
Жеке кәсіпкерлік субъектілер мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық акті жобасына сараптамалық қорытындыны ұсыну үшін Агенттікпен қойылатын мерзім жеке кәсіпкерлік субъектілердің аккредиттелген ұйымдарына оның келіп түскен сәтінен бастап он жұмыс күнінен кем болмауы тиіс.
Сараптамалық қорытынды аталған тармақтың 2)-тармақшасына сәйкес мемлекеттік органмен белгіленген мерзімінде ұсынылмаса, нормативтік құқықтық акті жобасы ескертусіз келісілген болып есептеледі.
2) Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық акті жобасына түсіндірме жазбада нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізумен байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуін және (немесе) артуын растайтын есептердің нәтижелері қамтылуы тиіс.
3) Сараптамалық қорытынды жеке кәсіпкерлік субъектілердің аккредиттелген бірлестіктері мүшелерінің біріккен пікірлерін білдіреді, ұсынымдық сипатқа ие және Агенттіктің оларды қабылдағанына дейін нормативтік құқықтық акті жобасына міндетті қосымша болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері мемлекеттік және орыс тілдеріндегі сараптамалық қорытындыны ұсынады.
4) Агенттік сараптамалық қорытындымен келіскен жағдайда нормативтік құқықтық акті жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Агенттік сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда 10 жұмыс күні ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне нормативтік құқықтық акті жобасына оны қабылдағанға дейін міндетті қосымша болып табылатын келіспеу себебін негіздей отырып жауап жібереді.
Егер нормативтік құқықтық акті жобасы бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген ұйымдары ескертулермен бір сараптамалық қорытынды ұсынса және аталған ұйым Сараптамалық кеңес отырысын өткізуді талап етсе, бұндай отырысты өткізу міндетті болып табылады.
Бұл ретте Сараптамалық кеңес отырысы сараптамалық кеңес мүшелерін тікелей жинау жолымен немесе шынайы уақыт режиміндегі интернет-конференцияны өткізу жолымен өткізілуі мүмкін.
9. Сараптамалық кеңестің жұмыс органының қызметін Сараптамалық кеңеспен қарастырылатын мәселеге байланысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше Агенттіктің заң қызметі барлық материалдарды міндетті келісу арқылы жүзеге асырады.
Сараптамалық кеңестің жұмыс органы:
1) Сараптамалық кеңес отырысы аралығында оның жұмысын ұйымдастырады;
2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын оларды тиісті орган немесе Сараптамалық кеңес отырысында қарастырғанға дейін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, мүдделі коммерциялық емес ұйымдарға, тиісті мемлекеттік органдарға, Агенттіктің интернет-ресурсын қосқанда бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау үшін жолдайды.
3) Сараптамалық кеңес отырысына ұсынылатын нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша материалдарды дайындауды жүзеге асырады;
4) Сараптамалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша хаттаманы әзірлеуді және қол қоюды қамтамасыз етеді.
10. Сараптамалық кеңестің төрағасы Сараптамалық кеңес жұмысына басшылықты жүзеге асырады, Сараптамалық кеңестің кезекті отырысының күн тәртібін бекітеді, оның отырысын қажет болған жағдайда шақырады, отырыс хаттамаларына қол қояды.
Сараптамалық кеңес төрағасы жоқ болған кезде оның міндетін орынбасары атқарады.
11. Сараптамалық кеңес шешімі хаттама түрінде толтырылады және ұсынымдық сипатқа ие.
12. Сараптамалық кеңестің отырысы тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі.
13. Сараптамалық кеңес нормативтік құқықтық акті жобасын қарауды оны сараптамалық кеңес мүшелеріне тарату жолымен отырысты өткізбеу арқылы жүзеге асыруы мүмкін.
Қарау қорытындысы бойынша осы Ережемен белгіленген тәртіпте хаттама толтырылады.
Сараптамалық кеңес мүшелерінің және өзге мүдделі тұлғалардың ұсыныстарын, мемлекеттік органдардың жауаптарын, Сараптамалық кеңес отырысында шығарылған хаттамаларды және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің әрқайсысы бойынша Сараптамалық қорытындыларды Агенттік өзінің ресми интернет-ресурсында сақтайды.