Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 және "Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидаларын бекіту туралы" 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1351 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1307 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 12 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 01.09.2015 жылғы № 728 Қаулысына сәйкес
="red">Редакция 12.03.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 229 Қаулысымен (04.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1351 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 55-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидалары бекiтiлсiн.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1307 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1351 қаулысымен бекiтiлген
Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тiркеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Темiр жол көлiгi туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленген және жылжымалы құрамды және оның кепілін тiркеу, қайта тіркеу тәртiбiн айқындайды.
2. Қазақстан Республикасында жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк багажды және пошта жөнелтілімдерін темiр жол көлiгiмен тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеудi бiрыңғай мемлекеттiк дерекқор қалыптастыру және қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – тіркеуші орган) жүргiзедi.
3. Мемлекеттік тiркеуге меншiк нысанына, қолданылу саласы мен орнына қарамастан, жалпы пайдаланымдағы жолдарға шығуға құқығы бар, сондай-ақ iшкi технологиялық мақсаттар үшiн пайдаланылатын жылжымалы құрамының бiрлiктерi жатады. Оның қатарына Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының, шетелдік заңды тұлғалардың, шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және халықаралық ұйымдардың меншiктi немесе жалға алған, сондай-ақ сенiмгерлiк басқарудағы немесе мүлiктiк жалға алынған жылжымалы құрам бірліктері кiредi.
4. Мемлекеттік тiркеуден не қайта тіркеуден өткен жылжымалы құрамды тіркеуші орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Жылжымалы құрамның мемлекеттiк тiзiлiмiне (бұдан әрі – тізілім) енгiзуге тиiс.
2. Жылжымалы құрамды тiркеу, қайта тiркеу және оның кепiлін тіркеу тәртiбi
5. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу не қайта тіркеу жылжымалы құрамды иеленушілердің барлығы үшiн бiрдей негiзде және шарттарда жүзеге асырылады.
6. Осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен тiркелетiн жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу, қайта тiркеу:
1) егер өтiнiш берушi заңды тұлға болып табылса, заңды тұлға тiркелген орны бойынша;
2) егер өтiнiш берушi жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер болған жағдайда, салық төлеушi ретiнде тiркелген орны бойынша жүзеге асырылады.
7. Жылжымалы құрам мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының резидент еместері Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшiн уақытша әкелген;
2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүрiп өткен;
3) Қазақстан Республикасының резидент еместері Қазақстан Республикасының аумағына жүктердi түсiру және тиеу үшiн уақытша әкелген, сондай-ақ әкеткен жағдайларда, мемлекеттік тiркеуге жатпайды.
8. Меншік құқығы алынған сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде жылжымалы құрам тіркеуші органда мемлекеттік тiркелуге тиіс.
Жалға беру, сенiмгерлiкпен басқару құқығы алынған, жылжымалы құрам туралы мәліметтер өзгерген, сондай-ақ заңды тұлғаның атауы және жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде жылжымалы құрам тіркеуші органда қайта мемлекеттік тiркеуге тиіс.
9. Жылжымалы құрам:
1) шетелдiк тұлғаға сенiмгерлiкпен басқаруға не мүлiктiк жалға Қазақстан Республикасының шегiнен тыс одан әрi пайдалануға;
2) сенiмгерлiкпен басқаруға не мүлiктiк жалға (жалға беру) күнтізбелік 90 күннен аспайтын мерзімге берiлген жағдайларда, қайта мемлекеттік тiркеу жүргізілмейді.
10. Жеке және заңды тұлғаларға жылжымалы құрамның бiрнеше үлгiлерiн мемлекеттік тiркеуге және қайта тiркеуге өтініш беруге рұқсат етіледі.
1) жүк жылжымалы құрамы;
2) жылжымалы жолаушы және оған теңестiрiлген пошта, пошта-багаж және багаж жылжымалы құрамы;
3) тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрам;
4) арнайы жылжымалы құрам.
12. Жүк жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу кезінде мынадай санаттары көрсетіледі:
1) жабық вагондар;
2) платформалар;
3) жартылай вагондар;
4) цистерналар;
5) рефрижераторлық және изотермиялық вагондар;
6) астық тасығыш;
7) цемент тасығыш;
8) фитингтiк платформалар;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |