Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
"Мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 1183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1287 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес
1. «Мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 1183 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, 587-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1287 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 1183 қаулысымен бекітілген
Мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдаланушының, тасымалдаушының, терминалдың меншік иесінің мұнай өңдеу (мұнай-газ өңдеу) зауыты басшысының уәкілетті адамы (бұдан әрі – уәкілетті адамдар) ұсынатын тиісті ақпарат негізінде қалыптасқан мұнай өндіру мен оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Қағидада мынадай терминдер пайдаланылады:
1) диспетчер – мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы және бірыңғай дерекқорды жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) тасымалдаушы – мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
3) мұнай өңдеу зауыты – өңделген өнімдерді кейін ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін мұнай өңдеу мақсатында мұнайды қабылдайтын зауыт;
4) терминалдың меншік иесі – резервуар сипатындағы мұнай сақтауға арналған өнеркәсіп нысанын, сондай-ақ мұнайды көлікке (теміржол цистерналары, автоцистерналар, танкерлер және т.б.) немесе мұнай құбырына қабылдауға/тиеуге арналған платформаларын иеленетін заңды немесе жеке тұлға.
Осы Қағидада пайдаланылатын өзге де ұғымдар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қолданылады.
2. Мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу тәртібі
3. Диспетчер мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын уәкілетті адамдар ұсынатын ақпарат негізінде қалыптастырады.
4. Ақпарат уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған немесе диспетчердің электрондық мекенжайына толтырылған және қол қойылған электрондық нысанының сканерленген нұсқасын жіберу «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік бірыңғай басқару жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҚР ЖҚП МББЖ ИАЖ) арқылы да ұсынылады.
5. Жер қойнауын пайдаланушылар:
1) тәулік сайын, есепті тәуліктен кейінгі тәуліктің астана уақыты бойынша 04.00 сағатына дейін, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін және мұнай өндірмейтін жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, диспетчерге осы Қағидаға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ақпарат береді;
2) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші күніне дейін диспетчерге осы Қағидаға 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ақпарат береді;
3) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы күніне дейін диспетчерге осы Қағидаға 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ақпарат береді;
4) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінші күніне дейін диспетчерге осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат береді;
5) жыл сайын, әрбір жылдың жиырма бесінші желтоқсанына дейін диспетчерге осы Қағидаға 10 және 11-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ақпарат береді.
6. Тасымалдаушылар:
1) тәулік сайын, есепті тәуліктен кейінгі тәуліктің астана уақыты бойынша 06.00 сағатына дейін диспетчерге осы Қағидаға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат береді;
2) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың сегізінші күніне дейін диспетчерге осы Қағидаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат береді;
3) жыл сайын, әрбір жылдың жиырма бесінші желтоқсанына дейін диспетчерге осы Қағидаға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат береді.
7. Мұнай өңдеу зауыттары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші күніне дейін диспетчерге осы Қағидаға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат береді.
8. Терминалдардың меншік иелері ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың алтыншы күніне дейін диспетчерге осы Қағидаға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат береді.
9. Диспетчер мұнай өндіру мен оның айналымы жөнінде ұсынылған ақпаратты жүйелендіріп, оны мұнай және газ саласындағы уәкілетті органға:
1) тәулік сайын, тәуліктің астана уақыты бойынша 09.00 сағатына дейін;
2) ай сайын: алдын ала – есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнінде, соңғы – есепті айдан кейінгі айдың он екінші күніне қарай;
3) жыл сайын: алдын ала – есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші қаңтарында, соңғы – есепті жылдан кейінгі жылдың он екінші қаңтарына қарай ұсынады.
10. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган диспетчер ұсынған ақпаратты талдайды және есептіден кейінгі жылдың он бесінші қаңтарына қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
Мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасына 1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Мұнай және газ конденсатын өндіру және тапсыру жөніндегі тәулік сайынғы ақпарат
Нысандар индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-сандық көрінісі) – МҚ-1 (Мұнай өндірудің және оның айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасына 1-қосымша).
Ақпаратты жинау кезеңділігі – тәулік сайын.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы – геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін және мұнай өндіруді жүзеге асырмайтын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар.
Нысан қайда тапсырылады – диспетчерге (мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы және бірыңғай дерекқорды жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға).
Нысанды тапсыру мерзімі – тәулік сайын, есепті тәуліктен кейінгі тәуліктің астана уақыты бойынша 04.00 сағатына дейін.
«Мұнай және газ конденсатын өндіру мен тапсыру жөніндегі тәулік сайынғы ақпарат» нысанын толтыру бойынша түсініктеме
1. Нысанды жер қойнауын пайдаланушылар толтырады және тәулік сайын, есептіден кейінгі тәуліктің астана уақыты бойынша 04.00 сағатына дейін диспетчерге тапсырады.
2. Нысан былайша толтырылады:
«Кен орнының атауы» деген 1-бағанда реті бойынша кен орнының атауы көрсетіледі, бұл ретте келесі ақпарат толтыру ретін бұзбауы тиіс;