Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2013 жылғы 5 желтоқсан № 152-V
Toggle Dropdown
Редакция 01.01.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат):
Toggle Dropdown
1) мазмұнында:
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 51-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«51-2-бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі»;
Toggle Dropdown
71 және 72-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«71-бап. Мониторинг бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзарту
Toggle Dropdown
72-бап. Мониторинг бойынша салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзарту»;
Toggle Dropdown
79-баптың тақырыбы алып тасталсын;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 89-1, 105-1, 106-1-баптардың, 11-тараудың 5-1-параграфының, 130-1, 130-2 және 130-3-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«89-1-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша табыстары»;
Toggle Dropdown
«105-1-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының шегерімдері»;
Toggle Dropdown
«106-1-бап. Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар мен болмаған залалдар бойынша қайта сақтандыру активтерін азайту бойынша шегерім»;
Toggle Dropdown
«5-1-параграф. Ұзақ мерзімді келісімшарттар
Toggle Dropdown
130-1-бап. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
130-2-бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі
Toggle Dropdown
130-3-бап. Аяқтау әдісін қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі»;
Toggle Dropdown
2) 3-баптың 2-тармағындағы «қарашасынан» деген сөз «желтоқсанынан» деген сөзбен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
3) 12-бапта:
Toggle Dropdown
1-тармақта:
Toggle Dropdown
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«14) дивидендтер – бұл:
Toggle Dropdown
акциялар, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;
Toggle Dropdown
қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде олар бойынша табысты қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге жататын табыс;
Toggle Dropdown
заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі түріндегі табыс;
Toggle Dropdown
заңды тұлғаны тарату кезінде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн пропорционалды түрде азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезiнде, сондай-ақ заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бөлігін құрылтайшыға, қатысушыға қайтару кезінде мүлікті бөлуден түсетін табыс;
Toggle Dropdown
исламдық қатысу сертификаттары бойынша төленуге жататын табыс;
Toggle Dropdown
акционер, қатысушы, құрылтайшы немесе олардың өзара байланысты тарапы заңды тұлғадан:
Toggle Dropdown
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағасы мен осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға немесе олардың өзара байланысты тарапына өткізілген баға арасындағы оң айырма;
Toggle Dropdown
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағасы мен осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің акционерден, қатысушыдан, құрылтайшыдан немесе олардың өзара байланысты тарапынан сатып алынған баға арасындағы теріс айырма;
Toggle Dropdown
заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметіне байланысты емес, оның акционерінде, қатысушысында, құрылтайшысында немесе олардың өзара байланысты тарапында үшінші тұлға алдында туындайтын шығыстардың немесе міндеттемелердің заңды тұлғаға акционері, құрылтайшысы, қатысушысы немесе олардың өзара байланысты тарапы өтемей, заңды тұлға өтейтін құны;
Toggle Dropdown
осы Кодекстің 163 – 165-баптарында көрсетілген табыстарды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін табыстарды қоспағанда, заңды тұлға өзінің акционеріне, қатысушысына, құрылтайшысына немесе олардың өзара байланысты тарапына беретін кез келген мүлік пен материалдық пайда түрінде алатын табыс.
Toggle Dropdown
Осы тармақшада көрсетілген мүлікті бөлуден түсетін табыс мынадай тәртіппен айқындалады:
Toggle Dropdown
Т = Қа – Қк,
Toggle Dropdown
Т – мүлікті бөлуден түсетін табыс;
Toggle Dropdown
Қа – мүлікті бөлу кезінде алатын (алған), оның ішінде бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) мүліктің құны;
Toggle Dropdown
Қк – мүліктің заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, бірақ нақты енгізілген салым мөлшерінен аспайтын құны.
Toggle Dropdown
Осы тармақшада көрсетілген оң немесе теріс айырма салық салу объектілерін түзету кезінде айқындалады. Бұл ретте салық салу объектілерін түзету Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі. Осы тармақшаның мақсаттары үшін өзара байланысты тараптар осы баптың 1-1-тармағына сәйкес айқындалады;»;
Toggle Dropdown
19-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«19-1) инвестициялық алтын – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы берген, мұндай алтынның ұлттық немесе халықаралық сапа стандартына сәйкестігін растау жөніндегі сертификаты немесе өзге де құжаты бар, мынадай талаптарға сәйкес келетін алтын:
Toggle Dropdown
алтын монеталар үшін:
Toggle Dropdown
мұндай алтын монеталардың нумизматикалық құндылығы жоқ;
Toggle Dropdown
алтын монеталардың тазалығы жалпы массасының 1 000 үлесіне шаққанда 900 мыңдық үлеске тең немесе одан асады (бұл 900-сынамаға, 900-промиллеге, 90,0 пайызға немесе 21,6 каратқа сәйкес келеді).
Toggle Dropdown
Осы Кодекстің мақсаттары үшін ұлттық валюта монеталары инвестициялық алтын болып танылмайды.
Toggle Dropdown
Бұл ретте алтын монета мынадай талаптардың біріне сәйкес болған кезде оның нумизматикалық құндылығы бар деп танылады:
Toggle Dropdown
1800 жылға дейін соғылған;
Toggle Dropdown
«пруф» (proof) сапасында, бетін айнадай жалтыратуды қамтамасыз ететін технология бойынша соғылған;