Р/с № | Iс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындалу мерзiмi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Шекара маңындағы аудандардың экономикасын әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту |
1 | Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, энергетика және басқа да салаларға инвестициялар тарту мақсатында көршілес елдер өңірлерінің арасында өзара тиімді келісімдер жасауды қамтамасыз ету | ӨДМ-ге ақпарат | шекара маңындағы облыстардың әкімдері, ИЖТМ, ККМ, СІМ, КҰП (келісім бойынша) | жыл сайын, 10 қаңтарға қарай |
2 | Шекара маңындағы аудандарда бар пайдалы қазбалардың кен орындарын айналымға қосу бойынша шаралар қабылдау, инвесторларды тарту үшін тоқтап тұрған кәсіпорындар инфрақұрылымының әлеуетін пайдалану | ӨДМ-ге ақпарат | шекара маңындағы облыстардың әкімдері, ИЖТМ, МГМ, КҰП (келісім бойынша) | жыл сайын, 10 қаңтарға қарай |
3 | Шекара маңындағы өңірлерде жер, су және орман ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында, оның ішінде көршілес мемлекеттермен ынтымақтастықтың нәтижесінде ауыл және орман шаруашылығында озық технологияларды енгізуді қамтамасыз ету | ӨДМ-ге ақпарат | шекара маңындағы облыстардың әкімдері, АШМ, ҚОСРМ, КҰП (келісім бойынша) | жыл сайын, 10 қаңтарға қарай |
4 | Өңірлердегі пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді (шабындықтар, жайылымдар, шалғындар, көп жылғы егістіктер, бос жатқан жерлер) айналымға қосу бойынша шаралар қабылдау | ӨДМ-ге ақпарат | шекара маңындағы облыстардың әкімдері, АШМ | жыл сайын, 10 қаңтарға қарай |
5 | Ауылшаруашылығы өнімін өндіру, өңдеу және сақтау бойынша мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы саласында заманауи технологияларды пайдалана отырып, нақты жобаларды іске асыру бойынша шаралар қабылдау | ӨДМ-ге ақпарат | шекара маңындағы облыстардың әкімдері, АШМ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ | жыл сайын, 10 қаңтарға қарай |
6 | Көршілес мемлекеттердің шекара маңындағы аумақтарындағы нақты инвестициялық жобалардың іске асырылуына тұрақты бақылауды қамтамасыз ету | ӨДМ-ге ақпарат | шекара маңындағы облыстардың әкімдері | жыл сайын, 10 қаңтарға қарай |
7 | Мемлекет басшысының шекаралық ынтымақтастықтың жыл сайынғы форумдарындағы баяндамаларына қосу үшін бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жыл сайын ақпарат беру | ӨДМ-ге ақпарат | шекара маңындағы облыстардың әкімдері | жыл сайын, 10 қаңтарға қарай |
8 | Шағын және орта бизнесті, оның ішінде кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудағы қолданыстағы бағдарламалардың құралдарын пайдалану, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, шағын кредит беруді кеңейту, кәсіпкерлерді қолдау орталықтарын құру және инвестициялық тартымдылық арқылы дамыту бойынша шаралар қабылдау | ӨДМ-ге ақпарат | шекара маңындағы облыстардың әкімдері, КҰП (келісім бойынша) | жыл сайын, 10 қаңтарға қарай |
Шекара маңындағы аудандардың көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту |
9 | Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, қолданыстағы көліктік және транзиттік дәліздер арқылы жолаушылар және жүк тасқынын ұлғайту бойынша шаралар қабылдау | ӨДМ-ге ақпарат | шекара маңындағы облыстардың әкімдері, ККМ, Қаржымині, ҰҚК ШҚ (келісім бойынша), КҰП (келісім бойынша) | жыл сайын, 10 қаңтарға қарай |
10 | Шекара маңындағы аудандарда жолдарды реконструкциялауды және қалпына келтіруді қамтамасыз ету | ӨДМ-ге ақпарат | шекара маңындағы облыстардың әкімдері, ККМ, КҰП (келісім бойынша) | жыл сайын, 10 қаңтарға қарай |
11 | Тиісті көліктік және кедендік инфрақұрылымды құру арқылы азаматтарды, көлікті және тауарларды шекара арқылы өткізетін жаңа бекеттер ашу бойынша ұсыныстар енгізу | ӨДМ-ге ақпарат | шекара маңындағы облыстардың әкімдері, Қаржымині, ККМ, ҰҚК ШҚ (келісім бойынша), КҰП (келісім бойынша) | жыл сайын, 10 қаңтарға қарай |
Мемлекеттік шекарадан өту орындарын жайластыру және олардың инфрақұрылымын дамыту |
12 | Кедендік және шекаралық инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету, қолданыстағы шекарадан өту орындарын, бақылау-өткізу және кедендік бекеттердің техникалық жарақтандырылу деңгейін арттыру | ӨДМ-ге ақпарат | шекара маңындағы облыстардың әкімдері, Қаржымині, АШМ, ҰҚК ШҚ (келісім бойынша), КҰП (келісім бойынша) | жыл сайын, 10 қаңтарға қарай |
Табиғатты қорғау іс-шаралары және трансшекаралық өзендерді пайдалану |
13 | Трансшекаралық өзендер мен көлдердің ластану көздеріне мониторинг жүргізуді, сондай-ақ үстіңгі қабаттағы сулардың жағдайын бақылау бекеттерінің тізбесін нақтылауды қамтамасыз ету | ӨДМ-ге ақпарат | шекара маңындағы облыстардың әкімдері | жыл сайын, 10 қаңтарға қарай |
14 | Коммуналдық меншіктегі гидротехникалық және қорғау құрылыстарын техникалық дұрыс жағдайда ұстап тұру, олардың жай-күйіне бақылау жүргізу (бөгеттер, таулы орлар, су бұру арналары және т.б.) бойынша шаралар қабылдау | ӨДМ-ге ақпарат | шекара маңындағы облыстардың әкімдері | жыл сайын, 10 қаңтарға қарай |
15 | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру бойынша іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету | ӨДМ-ге ақпарат | шекара маңындағы облыстардың әкімдері | жыл сайын, 10 қаңтарға қарай |
16 | Су объектілерінің су қорғау аймақтарының шекараларын белгілеу, өзендердің арналарын тазалау бойынша іс-шараларды орындауды қамтамасыз ету | ӨДМ-ге ақпарат | шекара маңындағы облыстардың әкімдері | жыл сайын, 10 қаңтарға қарай |
Шекара маңындағы аудандардың туристік инфрақұрылымын дамыту |
17 | Негізгі туристік бағыттарды айқындау және шекара маңындағы аумақтарда туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша шаралар қабылдау | ӨДМ-ге ақпарат | шекара маңындағы облыстардың әкімдері, ИЖТМ | жыл сайын, 10 қаңтарға қарай |
18 | Туристік-рекреациялық объектілердің және туризм инфрақұрылымы объектілерінің қызметін жетілдіру бойынша жағдайлар жасау | ӨДМ-ге ақпарат | шекара маңындағы облыстардың әкімдері, ИЖТМ | жыл сайын, 10 қаңтарға қарай |
19 | Шекара маңындағы өңірлерде туризм саласындағы ақпараттық жүйелерді құру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу | ӨДМ-ге ақпарат | шекара маңындағы облыстардың әкімдері, ИЖТМ | жыл сайын, 10 қаңтарға қарай |
Шекара маңындағы сауданы дамыту, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету |
20 | Қазақстан Республикасы шекарасының бойында орналасқан ірі елді мекендерде сауда кәсіпкерлер үшін консалтингтік қызмет көрсету орталықтарын құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | ӨДМ-ге ақпарат | шекара маңындағы облыстардың әкімдері | жыл сайын, 10 қаңтарға қарай |
21 | Көршілес елдермен сауда саласында, оның ішінде жәрмеңкелер, көрмелер, форумдар және т.б. тұрақты негізде бірлескен іс-шаралар өткізу | ӨДМ-ге ақпарат | шекара маңындағы облыстардың әкімдері | жыл сайын, 10 қаңтарға қарай |
Халықты жұмыспен қамтуды ұлғайтуға жәрдемдесу |
22 | Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз) | | | |
23 | Жұмыс берушінің қажеттіліктері шеңберінде оқыту және көшіру арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету | ӨДМ-ге ақпарат | шекара маңындағы облыстардың әкімдері, Еңбекмині | жыл сайын, 10 қаңтарға қарай |
24 | Өз ісін ұйымдастыруға/кеңейтуге шағын кредит беру жолымен өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз, аз қамтамасыз етілген халықтың кәсіпкерлік белсенділігін дамытуды қамтамасыз ету | ӨДМ-ге ақпарат | шекара маңындағы облыстардың әкімдері, Еңбекмині | жыл сайын, 10 қаңтарға қарай |
Шекара маңындағы аудандардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту |
25 | Қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде шекара маңындағы елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерінің құрылысын салуды және реконструкциялауды қамтамасыз ету | ӨДМ-ге ақпарат | шекара маңындағы облыстардың әкімдері, ЭБЖМ, ДСМ, БҒМ, ККМ, ИЖТМ, МГМ, ІІМ, МАМ, СДША, КҰП (келісім бойынша) | жыл сайын, 10 қаңтарға қарай |