Toggle Dropdown
1
«Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 465 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 821 бұйрығы
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына сәйкес, бұйырамын :
Toggle Dropdown
1. «Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 465 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6637 тіркелген, 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 355-356 (26416-26417), 2011 жылғы 7 қаңтардағы № 3 (26424) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары:
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 17-2-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«17-2. Қазақстан Республикасында тіркелген авиакомпания басқа мемлекетте тіркелген әуе кемелерін пайдаланған жағдайда шет мемлекеттің азаматтары болып табылатын ұшу экипажының және инженерлік-техникалық құрамының мүшелеріне ЭМК беруді уәкілетті орган осы Қағидаларға сәйкес 1 жыл мерзімге беруді жүргізеді.».
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
Toggle Dropdown
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында
Toggle Dropdown
орналастырылуын қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынсын.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ.Бектұровқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
Н.Ә.Әбіқаев
2013 жылғы 22 қазан