Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 тамыздағы № 453 бұйрығы
Toggle Dropdown
Редакция 11.02.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономикалық кеңесінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 2 және 2013 жылғы 26 шілдедегі № 3 хаттамаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
1) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық, коммуналдық және өзге де шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын көлемі және стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке арналған медициналық қызметтердің құнын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
1-тармақ мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«14) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес жеке коэффициент қолданылатын медициналық ұйымдардың тізбесі;
Toggle Dropdown
15) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс үшін коэффициент қолданылатын медициналық ұйымдардың тізбесі.»;
Toggle Dropdown
3-жолдағы «116 269» деген сандар «124 150» деген сандарға ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
4-жолдағы «387 509» деген сандар «432 846» деген сандарға ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
6-жолдағы «240 794» деген сандар «286 761» деген сандарға ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
10-1 - қосымша алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
2) Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Е. Байжүнісов