• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 11.11.2023 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1305 қаулысы

Осы Қаулы 2023 жылғы 11 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.10.2023 жылғы № 950 Қаулысына сәйкес 
Редакция 15.10.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1305 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.06.2015 жылғы № 479 Қаулысымен (25.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.09.2014 жылғы № 1011 Қаулысымен (04.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.10.2015 жылғы № 829 Қаулысына сәйкес (16.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2015 жылы № 204 (28682) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 325 Қаулысымен (24.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2015 жылы № 98 (28576) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 542 Қаулысымен (24.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 691-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасында:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ұйымдастырушы мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, сондай-ақ тапсырыс берушінің өтініші бойынша МҒТС өзге де объектілерін МҒТС жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
6. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға жататын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың МҒТС құзыретті шетелдік және қазақстандық сарапшылар жүргізеді.».
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 542 Қаулысымен (24.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2013 жылғы 4 желтоқсандағы
 № 1305 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1326 қаулысымен
бекітілген
Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның үлгі шарты
____________________ 20__ жылғы «___» ___________
(қол қойылатын қала) (жасалған күні)
Бұдан әрі Концедент деп аталатын _______________________ атынан
(мемлекеттік орган)
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
(тұлғаның өкілеттіктерін белгілейтін құжаттың
атауы мен деректемелері)
_____________________________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)
бір тараптан және бұдан әрі Концессионер деп аталатын ________ атынан
(заңды, жеке тұлға және т.б.)
_____________________________________________________________________
(тұлғаның өкілеттіктерін белгілейтін құжаттың атауы мен
деректемелері)
негізінде әрекет ететін _____________________________ екінші тараптан
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)
бұдан әрі бірлесіп Тараптар, жеке алғанда Тарап, деп аталатындар
Концессиялар жөніндегі комиссияның __________________________________
(комиссияның толық атауын көрсету)
20__ жылғы «___» ___________________ № ____ шешіміне сәйкес концессия
объектілерін салуға немесе реконструкциялауға және пайдалануға
арналған үлгі шартты жасасты.
1. Анықтамалар
Осы бөлімде түсініктеме берілмеген анықтамалар мен терминдердің
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде
қамтылған анықтамалар мен терминдерге сәйкес келетін мәні болады:
1) Үлгі шарт – осы Үлгі шартты, Үлгі шартта көрсетілген және