Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1380 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
="red">Редакция 12.03.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы қаулы өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін отыз төртінші және отыз бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1380 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 766-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакция жазылсын:
«3. Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені) үшін, сондай-ақ кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
4. Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені және шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде жолаушы, жүк-жолаушылар, мұнай құйылатын, сүйреткіш кемелер, құрғақ жүк кемелері, қалқымалы крандар және техникалық флот кемелері, сондай-ақ шағын көлемді кемелер болып табылмайтын кемелер тіркеледі.»;
15-тармақ мынадай редакция жазылсын:
«15. Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар:
1) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін және өзге де құжаттар;
2) сыныптау куәлігі;
3) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат қоса берілуі тиіс.»;
16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кемені жалға алынған шетелдік кемелер тізіліміне мемлекеттік тіркеу үшін кеменi жалға алушының кеменi мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшiне осы Қағиданың 15-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, қосымша мынадай құжаттар беріледі:»;
20-тармақ мынадай редакция жазылсын:
«20. Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ Кеме куәлігінің телнұсқасын беру өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.»;
26 және 27-тармақтар мынадай редакция жазылсын:
«26. Кемені мемлекеттік қайта тіркеуді ресімдеу үшін аумақтық бөлімшеге осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса, осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кемені мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтініш беру қажет.»;
27. Кемелерді мемлекеттік қайта тіркеп, жаңа Кеме куәлігін беру өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.»;
34-тармақтың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақты аумақтық бөлімше кепіл берушінің өтініші негізінде өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде береді.
Өтінішке кеменің ипотекасы туралы шартқа қосымша келісімнің түпнұсқасы не оның нотариатта куәландырылған көшірмесі беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 34-1 және 34-2-тармақтармен толықтырылсын:
«34-1. Кеменің кепіл берушісі Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда аумақтық бөлімше кепіл берушінің өтініші бойынша Куәліктің телнұсқасын өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні iшiнде береді.
Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру туралы өтініште осы Қағиданың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіледі. Өтінішке Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.
34-2. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негіздер бойынша кеме ипотекасы тоқтатылған кезде аумақтық бөлімше Мемлекеттік кеме тізіліміне кеме ипотекасының тоқтатылуы туралы жазба енгізеді.»;
53-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакция жазылсын:
«53. Осы Қағиданың 51-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен шығаруды аумақтық бөлімше кеменің меншiк иесiнiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi. Өтiнiшке онда баяндалған фактiлердi растайтын құжаттар, сондай-ақ кемені мемлекеттік тіркеу кезінде берілген куәліктер қоса беріледі.»;
55-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакция жазылсын:
«Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті органы шетелдік азаматқа немесе шетелдік заңды тұлғаға кемені мәжбүрлі түрде сатқан кезде Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару көрсетілген орган кеменің сатылғанын және сатып алушының өзіне қабылдап алғандарынан басқаларын қоспағанда, ешқандай ипотекалармен ауыртпалық салынбағанын куәландыратын құжаттарды ұсынған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 60-1-тармақпен толтырылсын:
«60-1. Салмағы қоса алғанда екі жүз килограмға дейінгі және қозғалтқыштарының (орнатылған жағдайда) қуаты қоса алғанда сегіз киловатқа дейінгі шағын көлемді кемелер, сондай-ақ ұзындығы тоғыз метрден аспауға тиіс, қозғалтқыштары жоқ және демалуға арналған орындармен жабдықталмаған спорттық желкенді кемелер мемлекеттік тіркеуге жатпайды.»;
65-тармақ мынадай редакция жазылсын:
«65. Шағын көлемді кемені және оған құқықтарды тіркеу осы Қағидаға 9-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негізінде жүргізіледі, оған өтініш беруші мынадай құжаттарды қоса береді:
1) кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін құжаттар:
сататын ұйымның анықтама-есебі (немесе сататын ұйымның тауар чегін не сатып алу-сату немесе сыйға тарту шартын немесе мұрагерлікке құқық туралы куәлік);
кеме билеті немесе егер ол бұрын мемлекеттік тіркеу органдарында тіркелген болса, кеменің есептен шығарылғаны туралы белгісі бар басқа құжат;
шет мемлекеттердің кеме тізілімдерінен (кітаптарынан) шығарылғаны туралы куәландыратын құжат (егер кеме бұрын шет мемлекеттің кеме тізілімінде тіркелген жағдайда);
Заңың 27-бабына сәйкес өзге де құжаттар;
2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасының төленгенін растайтын құжат.»;
67-тармақ мынадай редакция жазылсын:
«67. Шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, сондай-ақ кеме билетінің телнұсқасын беру өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.»;
78, 79 және 80-тармақтар мынадай редакция жазылсын:
«78. Қазақстан Республикасының меншігіндегі және мемлекеттік органдар өздеріне жүктелген функцияларды орындау үшін пайдаланатын шағын көлемді кемені коммерциялық мақсаттарда пайдалану да шағын көлемді кемені қайта тіркеуге негіз болып табылады.
79. Шағын көлемді кемені қайта тіркеу осы Қағидаға 9-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштің негізінде мынадай құжаттарды:
1) кеме билетін;
2) кеме иесінің жеке басын куәландыратын құжатты, заңды тұлға үшін – тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы не куәлікті;
3) осы Қағиданың 77-тармағына сәйкес шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін негізді растайтын құжаттарды;
4) шағын көлемді кемені қайта тіркегені үшін бюджетке алым сомасының төленгенін растайтын құжатты қоса бере отырып жүргiзiледi.
80. Жаңа кеме билетін беріп және жаңа тіркеу нөмірін бере отырып, шағын көлемді кемені мемлекеттік қайта тіркеу өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.»;
88-тармақтың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакция жазылсын:
«Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақты аумақтық бөлімше кепіл берушінің өтініші негізінде өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде береді.
Өтінішке шағын көлемді кеменің ипотекасы туралы шартқа қосымша келісімнің тұпнұсқасы не оның нотариатты куәландырылған көшірмесі қоса беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 88-1 және 88-2-тармақтармен толықтырылсын:
«88-1. Кеменің кепіл берушісі Шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда аумақтық бөлімше кепіл берушінің өтініші бойынша Куәліктің телнұсқасын өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні iшiнде береді.
Шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру туралы өтініште осы Қағиданың 87-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіледі. Өтінішке Шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін бюджетке алым сомасының төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.
88-2. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негіздер бойынша кеме ипотекасы тоқтатылған кезде аумақтық бөлімше кеме кітабына шағын көлемді кеме тізіліміне кеме ипотекасының тоқтатылуы туралы жазба енгізеді.»;
көрсетілген Қағидаға 4-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакция жазылсын;
көрсетілген Қағидаға 8-қосымша алынып тасталсын;
көрсетілген Қағида осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 9-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 229 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 229 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1380 қаулысына 1-қосымша
Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасына 4-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік
бақылау комитетінің аумақтық органына _______________________________
Территориальному органу Комитета транспортного контроля Министерства
транспорта и коммуникаций Республики Казахстан ______________________
Кеме иесінің толық және қысқартылған атауы, оның заңды мекенжайы,
телефоны, факсы, тіркелген жері _____________________________________
Полное и сокращенное наименование судовладельца, его юридический
адрес, телефон, факс, место регистрации _____________________________
Кемені мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш Заявление на государственную регистрацию (перерегистрацию) судна
_______________ тиесілі, мынадай айырма белгілері бар кемені тіркеуге
(қайта тіркеуге) қабылдауды сұраймын:
Прошу принять к регистрации (перерегистрации) судно, принадлежащее
__________________________, имеющее следующие отличительные признаки:
1. Кеменің атауы немесе оның нөмірі
Название судна или его номер ________________________________________
2. Үлгісі және мақсаты
Тип и назначение ____________________________________________________
3. Жобаның № ___ жасалған жылы және орны
Проект № ___ год и место постройки __________________________________
4. Корпус материалы
Материал корпуса ____________________________________________________
5. Негізгі машиналары (үлгісі, саны және жалпы қуаты)
Главные машины (тип, число и общая мощность) ________________________
6. Кеменің габариттік өлшемдері:
Габариты размера судна:
длина ______ м, ширина ______ м.
толық жүкпен шөгу _______ м, жүксіз бос шөгу ___________ м.
осадка в полном грузу _______ м, осадка порожним _______ м.
қондырғысымен бірге ең жоғарғы биіктігі (жүксіз бос шөккен кезде)
___ м.
наибольшая высота с надстройками (от осадки порожнем) _____ м.
7. Белгіленген жүккөтерімділігі ______ т. жолаушы сыйымдылығы (адам)
______
Установленная грузоподъемность ____ т. пассажировместимость (чел)
______
8. Жүзу разряды _____________________________________________________
Разряд плавания _____________________________________________________
9. Қозғаушылар түрі _________________________________________________
Род движителей ______________________________________________________
10. Руль құрылғысы (қол, механикалық, электрлік және т.с.с) _________
Рулевое устройство (ручное, механическое, электрическое и т.п.) _____
11. Су өткізбейтін аралықтар саны ___________________________________
Число водонепроницаемых переборок ___________________________________
12. Құтқару қайықтары (саны, жалпы сыйымдылығы) _____________________
Спасательные шлюпки (кол-во, общая вместимость) _____________________
13. Жүру жылдамдығы (ең жоғарғы) (км/сағ) ___________________________
Скорость хода (максимальная) (км/час) _______________________________
14. Зәкірлер саны және олардың салмағы ______________________________
Количество якорей и их вес __________________________________________
15. Радионавигациялық жабдық (атауы, үлгісі, саны) __________________
Радионавигационное оборудование (наименование, тип, число) __________
16. Су төгу құралдары (жүйесі, өнімділігі) __________________________
Водоотливные средства (система, производительность) _________________
17. Өрт сөндіру жүйесі (үлгісі, өнімділігі) _________________________
18. Тіркеу үшін қоса берілетін құжаттар: ____________________________
Прилагаемые для регистрации документы: ______________________________
19. Кеменің меншік иесінің немесе уәкілетті адамның қолы
Подпись собственника судна или уполномоченного лица _________________
(сауалнамаға кім және қандай лауазымында қол қояды,
_____________________________________________________________________
_______________________________________________ сауалнамаға қол қоюшы
тұлғаның өкілеттіктер негіздемесі, Т.А.Ә., паспорттық деректері/кто и
в каком качестве подписывает анкету, основание полномочий
лица, подписывающего анкету, Ф.И.О., (паспортные данные)
Күні ____________ М.О. (заңды тұлға үшін)
Дата ____________ М.П. (для юридического лица)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1380 қаулысына 2-қосымша
Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасына 9-1-қосымша
РУКОВОДИТЕЛЬ _______________________________________ БАСШЫСЫ (уәкілетті органның атауы) (наименование уполномоченного органа) _______________________________________________ (ТАӘ/ФИО) кімнен/от _____________________________________ (ТАӘ/ФИО) мекенжай бойынша тұратын/проживающего по адресу _______________________________________________ (тұратын жері/место жительства)
Шағын өлшемді кемені мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш Заявление на государственную регистрацию (перерегистрацию) маломерного судна
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тиесілі шағын өлшемді кемені тіркеуге (қайта тіркеу) қабылдауды
сұраймын/Прошу принять к регистрации (перерегистрации) маломерное
судно, принадлежащее
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Алғашқы мемлекеттік тіркеу кезінде жеке жасалған кемелер туралы
мәліметтер
Сведения для судов индивидуальной постройки при первичной
государственной регистрации
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ұйымның атауы, заңды мекенжайы немесе жеке тұлғаның ТАӘ, туған жылы,
ФИО физического лица, год рождения, место прописки, тел.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
ЖСН/БСН ИИН/БИН _____________________________________________________
Кеменің типі/Тип судна ______________________________________________
Кеменің № Судна _____________________________________________________
Корпус материалы/Материал корпуса ___________________________________
Ұзындығы/Длина, м _______________ Ені/Ширина, м _____________________
Борт биіктігі/Высота борта, м _______________________________________
Шөгуі/Осадка: бос/порожнем __________________________________________
толық жүкте/в полном грузу __________________________________________
Жасалған жылы мен орны/Год и место постройки ________________________
Жолаушылар сыйымдылығы (адам)/Пассажировместимость (чел.) ___________
(жүксіз)/(без груза)
Жүк көтерімділігі/Грузоподъемность __________________________________
Құтқару құралдары/Спасательные средства _____________________________
Су итергіш құралдары/Водоотливные средства __________________________
Сигналды құралдары/Сигнальные средства ______________________________
Зәкірлік құрылғы/Якорное устройство _________________________________
Өртке қарсы инвентарь/Противопожарный инвентарь _____________________
Қозғалтқыш маркасы/Марка двигателя __________________________________
Қуаты/Мощность ______________________ № _____________________________
Жасалған жылы және орны/Год и место постройки _______________________
Қозғаушы/Движитель: род ___________ Саны ____________________________
Жүзу ауданы/Район плавания __________________________________________
Кеменің тұрақ орны/Место стоянки судна ______________________________
«___» __________ 20__ ж/г
_________________________
(қолы/подпись)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1380 қаулысына 3-қосымша
3-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 229 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1380 қаулысына 4-қосымша
4-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 229 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды