• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1363 қаулысы

Редакция 01.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін (бұдан әрі – өзгерістер).
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістердің 1-тармағының бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 2-тармағын, 3-тармағының тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтарын, 4-тармағын, 5-тармағының тоғызыншы, оныншы, он бесінші, он алтыншы, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, қырық екінші, қырық үшінші, елу сегізінші және елу тоғызыншы абзацтарын, 6-тармағының алтыншы, жетінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарын, 7-тармағын, 8-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын, 9-тармағының алтыншы абзацын, 10-тармағын, 11-тармағының жетінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 12-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарын, 13 және 14-тармақтарын, 15-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 16 және 17-тармақтарын, 18-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын, 19-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын, 20-тармағын, 21-тармағының үшінші, төртінші және сегізінші абзацтарын, 22-тармағын, 23-тармағының жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 24-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын, 25-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын, 26-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын, 27-тармағын, 28-тармағының алтыншы және жетінші абзацтарын, 29-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын, 30-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын, 31-тармағының алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 32 және 33-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1363 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.09.2015 жылғы № 745 Қаулысымен (01.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.09.2015 жылы № 180 (28658) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.09.2015 жылғы № 745 Қаулысымен (01.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.09.2015 жылы № 180 (28658) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. «Жер учаскелерін меншікке өтеусіз беру үшін халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарды айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 қарашадағы № 1042 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 447-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер учаскелерін меншікке өтеусіз беру үшін халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарды айқындау ережесiнде:
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) акционері (тең құрылтайшы) ретінде шетелдік ұйым қатысатын, онда қазақстандық тарапта акциялардың бақылау пакеті (үлестің көбі) сақтала отырып, оның акцияларының пакеті (қатысу үлесі) акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) жарғылық капиталының кемінде 25 %-ын құрауы тиіс, жарғылық капиталы кемінде 50000 айлық есептік көрсеткіш акционерлік қоғамның не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға;»;
7-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) орталықтың құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері және оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды расталған көшірмелері.
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) салық төлеушінің Қазақстан Республикасы бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;»;
12-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) орталықта салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы негіз болып табылады.»;
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Жер учаскесін меншікке беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген олардың құзыреті шегінде республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жер учаскелері меншікке өтеусіз негізде берілетін орталықтарды айқындау туралы уәкілетті органның шешімі болған кезде ғана қабылдайды.
15. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінің жер учаскесін меншікке беру туралы шешімін алған орталықтар көрсетілген шешімді алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде осы туралы уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді.».
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2015 жылғы № 1108 Қаулысымен (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.01.2016 жылы № 4 28732 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.12.2015 жылғы № 1086 Қаулысымен (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.01.2016 жылы № 4 28732 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің миссиясы: бюджеттің атқарылуы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, бюджеттік есепке алу және республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы жөніндегі бюджеттік есептілік саласында, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласында, республикалық мүлікті басқару саласында басшылық ету және салааралық үйлестіру, сондай-ақ банкроттау (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау саласында мемлекеттік реттеу, сондай-ақ салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу.»;
15-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кеден ісі, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу, бюджеттік кредит беру, республикалық мүлікті басқару, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттік сатып алу, ішкі қаржылық бақылауды жүзеге асыру, банкроттау рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік реттеу;»;
16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бюджеттің атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік, аудиторлық қызмет, мемлекеттің қаржы активтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында шоғырландырылатын материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлікті жинақтау саласында, республикалық мүлікті басқару, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ банкроттау (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) саласында мемлекеттік реттеу;»;
ведомстволарының функцияларында:
72) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;».
  • 1
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.06.2021 жылғы № 375 Қаулысына сәйкес (23.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2020 жылғы № 603 Қаулысына сәйкес (23.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.04.2015 жылғы № 173 Қаулысымен (30.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.04.2015 № 69(28547) жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
  • 1
10. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысымен (18.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2016 жылы № 126 (28854) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
11. «Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 563-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасында:
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) теңгерім ұстаушылардың жазбаша келісімінің негізінде жүзеге асырылатын, алаңы бір жүз шаршы метрге дейінгі үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, қалдық құны бір жүз елу еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жабдықты бергенде;»;
7-тармақтың 3) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы) көшірмелері не көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
салық берешегінің, өтінім беру күнінің алдындағы соңғы үш айдан астам міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;
жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не аталған құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
дара кәсіпкер үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері не аталған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері, салық берешегінің, өтінім беру күнінің алдындағы соңғы үш айдан астам міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екені туралы анықтаманың түпнұсқасы.»;
27-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, осы салық органының мөрі бар, бірінші басшы немесе қол қою құқығы бар адам қол қойған тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдында кемінде үш ай бұрын салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;»;
көрсетілген Қағидаға 1-қосымшада:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Біз (мен)
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________ сомасында
(сомасы теңгемен, оның ішінде жазумен жазып көрсетіледі)
тендерге қатысу үшін ақпараттық хабарламада көрсетілген Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
комитетінің (бұдан әрі – Комитет) депозиттік шотына:
_____________________________________________________________________
(ЖСК, БСК, БСН, төлем мақсатының коды, Кбе, мекеменің коды)
кепілдік жарна енгіздік (енгіздім).»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Төлем деректемелері:
_____________________________________________________________________
(бенефициар-банктің деректемелері: банктің атауы, БСН, ЖСК, БСК)
_____________________________________________________________________
(алушының деректемелері: атауы, БСН, ЖСК, Кбе, ағымдағы шоты) ».
12. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
12-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.07.2015 жылғы № 592 Қаулысымен (02.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2015 жылы № 150 (28628) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
13-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысымен (27.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.08.2015 жылы № 163 (28641)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
14. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
14-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 685 Қаулысымен (10.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.09.2015 жылы № 172 (28650) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
  • 1
15. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
15-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.07.2014 жылғы № 762 Қаулысымен (29.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
16-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.09.2015 жылғы № 727 Қаулысымен (28.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.09.2015 жылы № 174 (28652) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
17. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
17-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.12.2015 жылғы № 1086 Қаулысымен (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.01.2016 жылы № 4 28732 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
18. «Индустриялық-инновациялық қызмет субьектілеріне берілетін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну шарттары мен тетіктерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 маусымдағы № 744 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 55, 751-құжат):
индустриялық-инновациялық қызмет субьектілеріне берілетін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну шарттары мен тетіктерінде:
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы құжаттың көшірмесі, заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша қарыздардың болмауы туралы салық органының анықтамасы;».
  • 1
19. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
19-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.06.2022 жылғы № 401 Қаулысымен (28.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
20-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 621 Қаулысымен (27.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.08.2015 жылы № 163 (28641)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
  • 1
21. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
21-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.02.2016 жылғы № 73 Қаулысымен (02.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.02.2016 жылы № 37 (28769)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
22. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
22-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 621 Қаулысымен (27.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.08.2015 жылы № 163 (28641)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
  • 1
23. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
23-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.02.2016 жылғы № 44 Қаулысымен (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2016 жылы № 34 (28766)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
24. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
24-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысымен (04.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2015 жылы № 249 (28727) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
25. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
25-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысымен (04.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2015 жылы № 249 (28727) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
26. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
26-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысымен (04.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2015 жылы № 249 (28727) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
27. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
27-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.10.2014 жылғы № 1154 Қаулысымен (02.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
28. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
28-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.06.2021 жылғы № 439 Қаулысына сәйкес (04.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)
29. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
29-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.10.2014 жылғы № 1154 Қаулысымен (02.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
  • 1
30. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
30-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.12.2023 жылғы № 1128 Қаулысына сәйкес (16.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
31. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
31-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 420 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
32. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
32-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысымен (04.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2015 жылы № 249 (28727) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
33. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
33-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысымен (04.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2015 жылы № 249 (28727) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1363 қаулысына
1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 685 Қаулысымен (10.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.09.2015 жылы № 172 (28650) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1363 қаулысына
2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 685 Қаулысымен (10.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.09.2015 жылы № 172 (28650) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды