Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
"Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1372 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.07.2023 жылғы № 592 Қаулысына сәйкес
1. «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде):
«Екi ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар» деген бөлімде:
«Тiзiмде пайдаланылатын терминдердiң анықтамалары» деген кіші бөлімде:
«Ұшу аппараты» (1, 7, 9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұшу аппараттары» (1, 7, 9) – жылжымайтын қанаты, бұрылмалы қанаты (тікұшақ), айналмалы қанаты, бұрылмалы тірек бұрандасы немесе қанатының оқтай қалпы өзгермелі ұшу аппараттары.»;
«Композициялық материал» (1, 2, 6, 8, 9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын:
«Композициялық материал» (1, 2, 6, 8, 9) – бөлшектерден, жіптәріздес кристалдардан, талшықтардан немесе олардың кез келген комбинациясынан тұратын, белгілі бір мақсат немесе мақсаттар үшін әзірленген «матрица» және қосымша фаза немесе қосымша фазалар.»;
«Оқшаулау» (9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын:
«Оқшаулау» (9) зымыран қозғалтқыштарының құрамдауыштары, яғни корпус, сопло, ауа сақтағыштары, корпустың бітеуіштері үшін қолданылады және құрамында оқшаулау және отқа төзімді материал бар вулканизацияланған немесе жартылай вулканизацияланған резеңке қоспаның пластинасын қамтиды. Сондай-ақ қорғаныш оқшаулағышты немесе кернеуді төмендетуге арналған төсемді қамтуы мүмкін.»;
«Ішкі қаптау» (9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі қаптау» (9) – қатты зымыран отыны мен корпус немесе оқшаулау төсемі арасындағы қабатша үшін қолданылады. Әдетте, бұл сұйық полимер негізіндегі оқшаулау немесе отқа төзімді материал, мысалы, түпкi гидроксилдi топтармен көмiртегi толтырылған полибутадиен (КТКП) немесе тозаңданатын немесе вулканизациялық қоспалармен корпустың iшiне орналастырылған басқа полимер.»;
«Лазер» (0, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын:
«Лазер» (0, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9) – құрауыштардың жиынтығы, олар кеңістікте де, сондай-ақ уақыт бойынша да сәулеленудiң ынталандырылған эмиссиясы арқылы күшейтілетін когерентті жарықтық сәулеленуді жасайды.»;
«Лазер» деген терминге айрықша ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Айрықша ескертпе: «Химиялық лазерді»; «Аса жоғары қуатты лазерді»; «Қайта құрылатын лазерді» де қараңыз.»;
«Зымыран» (1, 3, 6, 7, 9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын:
«Реактивті снарядтар» (1, 3, 6, 7, 9) – кемінде 300 км қашықтыққа салмағы кемінде 500 кг жүкті жеткізуге қабілетті толық зымыран жүйелері және пилотсыз ұшу аппараты.»;
«Өндiрiстiк жабдық» (9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын:
«Өндiрiстiк жабдық» (1, 7, 9) – «әзірлеу» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған немесе «өндірістің» бір немесе одан көп кезеңдері үшін аспаптық құралдардың, үлгiлердiң, қысқыш бейiмдемелердiң, жақтаулардың, білікшелердің, жалаушалардың, арматураның, реттеуге арналған тетiктердiң жиынтығы, сынақтан өткiзуге арналған жабдық.»;
«Өндiрiстiк қондырғылар» деген термин мынадай редакцияда жазылсын:
«Өндiрiстiк қондырғылар» (7, 9) – «өндірістік жабдық» және «әзірлеу» үшін немесе «өндірістің» бір немесе одан көп кезеңдері үшін монтаждау процесінде ол үшін арнайы әзірленген бағдарламалық қамтамасыз ету.»;
«Талап етілетін» деген термин мынадай редакцияда жазылсын:
«Талап етілетін» (1 – 9) – «технологияға» қатысты бақыланатын деңгейлерге, сипаттамаларға немесе функцияларға қол жеткізуге немесе арттыруға мүмкіндік беретін технологиялардың бір бөлігін ғана білдіреді. Мұндай «талап етілетін» «технология» әртүрлі тауарларда болуы мүмкін.»;
«Ғарыштық аппараттар» (7, 9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын:
«Ғарыш аппараттары» (7, 9) – активті және пассивті спутниктер және ғарыш зондтары.»;
мынадай мазмұндағы терминдермен толықтырылсын:
«FADEC жүйелері» (7, 9) (қозғалтқышты басқарудың толығымен автономды электронды-сандық жүйелері) – газ-турбиналық қозғалтқыштарды басқарудың сандық электрондық жүйесі, ол ұшырудан бастап тоқтағанға дейін қалыпты және авариялық жағдайларда қозғалтқыштың барлық пайдалану диапазонында қозғалтқышты автономды түрде басқара алады.
«Пилотсыз ұшу аппараты» («ҰҰА») (9) – бортта адамның қатысуынсыз бақыланатын ұшуды және аэронавигацияны қолдауға және ұшып көтерілуге қабілетті кез келген ұшу аппараты.»;
«1-санат Материалдар, химикаттар, «микроорганизмдер» және «токсиндер» деген кіші бөлімде:
«Әскери стандарттар немесе ерекшелiктер бойынша әзiрленбеген және орындалуында оларға тең емес бронды кеудешелермен арнайы арналған компоненттер.» деген 1А005-бөлік мынадай мазмұндағы 3-ескертпемен толықтырылсын:
«3-ескертпе: 1A005-тармақ пышақтың, ұшталған кертіктің, иненің немесе доғал заттың жарақаттайтын соққысынан қорғануға арналған бронды кеудешелерге қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 1А006, 1А007 және 1А008-бөліктермен толықтырылсын:
«1A006 Төменде көрсетілген қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру үшін арнайы әзірленген және модификацияланған жабдық және оған арналған құрамдауыштар мен құралдар:
a. Қашықтықтан басқарылатын көлік құралдары;
b. «Ажыратқыштар».
Техникалық ескертпе:
«Ажыратқыштар» – сұйықтықпен, қатты немесе осал снарядтың әсер етуі арқылы жарылғыш құрылғының жұмыс істеуін тоқтату үшін арнайы әзірленген құрылғылар.
N.B. Әскери мақсатта қолдану үшін арнайы жасалған, атап айтқанда, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыруға арналған жабдықтың сипаттамасы, сондай-ақ ML4-тармақта келтірілген.
Ескертпе: 1A006-тармақ егер оны оператор басқаратын болса, жабдыққа қолданылмайды.
1A007 Электр құралдарының әсерімен құрамында энергетикалық материалдар бар зарядтар мен қондырғыларды бастамалау үшін арнайы әзірленген жабдық және құрылғылар, мысалы:
a. 1A007 b тармағында көрсетілген жарылғыш қондырғылардың детонаторларын іске қосу үшін әзірленген жарылғыш қондырғыларының детонаторларын іске қосуды басқару пульті.
b. Жарылғыш құрылғылардың электродетонаторлары:
1. Жарылғыш көпірі бар детонаторлар (ЕВ);
2. Сымнан жасалған жарылғыш маңдайшасы бар детонаторлар (EBW);
3. Соққышы бар детонаторлар;
4. Жарылғыш фольгасы бар бастамашылар (EFI).
Техникалық ескертпе:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |