• Мое избранное
"Азаматтық қызметшілерді аттестациядан өткізу шарттарын және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 20 шілдедегі № 168-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Азаматтық қызметшілерді аттестациядан өткізу шарттарын және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 20 шілдедегі № 168-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 08 қарашадағы № 545-ө-м бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 06 желтоқсанда № 8937 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес
Азаматтық қызметшілерді аттестациялау мәселелерін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық қызметшілерді аттестациядан өткізу шарттарын және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 20 шілдедегі № 168-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4883 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланды, 2007 жыл, маусым-тамыз) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қызметшілерді аттестациядан өткізу шарттары және ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Ереже оларды аттестаттау «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 қаулысына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік кәсіпорын басшыларына қолданылмайды.».
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Біліктілік санаты (дәрежесі):
1) «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7755 болып тіркелді);
2) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік
бірыңғай анықтамалығына;
3) «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі
басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының
үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 2 ақпандағы № 31-ө-м бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7442 болып тіркелді);
4) «Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызмет
салаларының барлығына ортақ мамандардың жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 378-ө-м бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8011 болып тіркелді) сәйкес белгіленеді.
20-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аттестация комиссиясының құрамына ұйымның әртүрлі бөлімшелерінің, оның ішінде кадр және заң қызметтерінің өкілдері, ұйым қызметкерлерінің өкілі енгізіледі.».
2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А. А. Оспанов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қ. Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Т. Дүйсенова