Toggle Dropdown
Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтеріне қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 1397 қаулысы
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидалары;
Toggle Dropdown
2) Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтеріне қойылатын сертификаттық талаптар бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1397 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленді және аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және сертификат беру тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Toggle Dropdown
1) аэронавигациялық қызмет көрсету (бұдан әрі – АНҚ) – әуе қозғалысына қызмет көрсетуге, радиотехникалық жабдықты және байланыс құралдарын пайдалануға, ұшуларды метеорологиялық және іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге, аэронавигациялық ақпарат беруге байланысты кешенді қызмет көрсету;
Toggle Dropdown
2) аэронавигациялық ұйым – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді және әуе кемесінің бортына қажетті метеорологиялық ақпарат беруді, әуе кеңістігін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді және радиотехникалық жабдық пен байланыс құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын азаматтық авиация ұйымы;
Toggle Dropdown
3) өтініш беруші – сертификат алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берген заңды тұлға;
Toggle Dropdown
4) әуе қозғалысына қызмет көрсету органы – әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету органы, ұшу ақпараты орталығы немесе аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсетуіне қатысты хабарламаларды жинау пункті;
Toggle Dropdown
5) әуе қозғалысына қызмет көрсету – әуе қозғалысына ұшу-ақпараттық қызмет көрсету, авариялық хабар беру, диспетчерлік қызмет көрсету (аудандық диспетчерлік қызмет көрсету, қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету немесе әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету);
Toggle Dropdown
6) аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің сертификаты – аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің сертификаттық талаптарға сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат;
Toggle Dropdown
7) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
8) ұшу-ақпараттық қызмет көрсету – мақсаты ұшудың қауіпсіз және тиімді орындалуын қамтамасыз ету үшін консультациялар мен ақпарат беру болып табылатын қызмет көрсету;
Toggle Dropdown
9) авариялық хабар беру (авариялық хабар беру қызметі) – іздестіру-құтқару қызметінің көмегін қажет ететін әуе кемелері туралы тиісті ұйымдарды хабардар ету және сондай ұйымдарға қажетті жәрдем көрсету үшін ұсынылатын қызмет көрсету;
Toggle Dropdown
10) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) – мынадай:
Toggle Dropdown
әуе кемелері арасында және әуе кемелерінің маневр жасау алаңындағы кедергілермен соқтығысуын болғызбау;
Toggle Dropdown
әуе қозғалысын жылдамдату және реттеу мақсаттарында ұсынылатын қызмет көрсету;
Toggle Dropdown
11) аэронавигациялық қызмет көрсету түрлері (кіші түрлері) – аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметі жүзеге асыратын әуе қозғалысына қызмет көрсетуге, радиотехникалық жабдықты және байланыс құралдарын пайдалануға байланысты аэронавигациялық қызмет көрсету.
Toggle Dropdown
3. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын (бұдан әрі – ӘҚҚ) және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін (бұдан әрі – РТЖБҚ) сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
4. Аэронавигациялық ұйымның ӘҚҚ органдарын және (немесе) РТЖБҚ сертификаттауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және сертификат беру тәртібі
Toggle Dropdown
5. Сертификаттау мынадай кезеңдерден тұрады:
Toggle Dropdown
1) өтініш берушінің сертификатты алу үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органға өтініш беруі;
Toggle Dropdown
2) уәкілетті органның сертификаттауға ұсынған құжаттарға бағалау жүргізуі;
Toggle Dropdown
3) уәкілетті органның сертификаттық тексеру актісін жасай отырып, сертификаттық талаптарға сәйкестігі тұрғысынан сертификаттық тексеру жүргізуі;
Toggle Dropdown
4) сертификат беру (беруден бас тарту).
Toggle Dropdown
6. Өтініш беруші уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды (бұдан әрі – құжаттама) ұсынады.
Toggle Dropdown
7. Уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылған құжаттаманың мынадай талаптарға сәйкестігін бағалауды жүргізеді:
Toggle Dropdown
аэронавигациялық ұйымның құрамына кіретін аэронавигациялық ұйымның бекітілген ұйымдық құрылымының болуы және ӘҚҚ органының және (немесе) РТЖБҚ қызметінің персонал шататының жинақталуы;
Toggle Dropdown
өтініш берушінің басшы құрамының аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша тәжірибесі, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етумен тікелей байланысты, сондай-ақ мамандардың кәсіби білімі мен тәжірибесі туралы деректердің болуы;
Toggle Dropdown
аэронавигациялық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін жабдықтың болуы;
Toggle Dropdown
ұшуды және байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарына техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеуді жүргізу бойынша РТЖБҚ қызметінің персоналын оқытуды растайтын мәліметтердің көрсетілген құралдарға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге басқа ұйымдармен жасасқан шарттардың болуы.
Toggle Dropdown
8. Құжаттаманы бағалау қорытындысы бойынша және олардың Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі бойынша уәкілетті орган Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттық тексеру жүргізу туралы шешімді (бұдан әрі – шешім) өтініш берушіге жібереді.
Toggle Dropdown
9. Егер бағалау қорытындысы бойынша ұсынылған құжаттамада ескертулер анықталса, онда оларды жою бойынша ұсынымдарды көрсете отырып, шешімде көрсетіледі. Өтініш берушіге осындай шешімді жіберген сәттен бастап, сертификаттау мерзімін есептеу өтініш беруші анықталған ескертулерді жойғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Toggle Dropdown
10. Оң шешім шығарылған жағдайда, уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде сертификаттық тексеру жүргізу үшін комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады. Комиссияның құрамы, жұмыс мерзімі және сертификаттау объектісі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен айқындалады.
Toggle Dropdown
Комиссияның құрамына уәкілетті органның мемлекеттік авиация инспекторлары енгізіледі.
Toggle Dropdown
Комиссияның бір ӘҚҚ органын немесе РТЖБҚ қызметін сертификаттық тексеруі бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
11. Аэронавигациялық ұйымның ӘҚҚ органын және (немесе) РТЖБҚ қызметін сертификаттық тексеру аэронавигациялық қызмет көрсетудің мәлімделген түрлеріне (кіші түрлеріне) қатысты жүргізіледі. Аэронавигациялық қызмет көрсетудің түрлері мен кіші түрлерінің құрылымы Қағидаларға 4-қосымшада берілген.
Toggle Dropdown
12. Аэронавигациялық ұйымның ӘҚҚ органын және (немесе) РТЖБҚ қызметін сертификаттық тексеруді мемлекеттік авиация инспекторлары сертификаттық тексеру жүргізу жөніндегі мемлекеттік авиация инспекторлары үшін уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен нұсқамалық материалдарды пайдалана отырып жүргізеді.
Toggle Dropdown
13. Сертификаттық тексеру нәтижесі бойынша комиссия өтініш беруші объектілерінің нақты жай-күйін, тұжырымын, ұсынымдарын және сертификат беру (беруден бас тарту) мүмкіндігі туралы қорытындысын көрсете отырып, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 2 данада сертификаттық тексеру актісін жасайды. Актіге барлық комиссия мүшелері қол қояды және өтініш берушіге танысуға ұсынады.
Toggle Dropdown
14. Сертификаттық тексеру актісінде сертификатты берудің мүмкін емес екені туралы қорытынды көрсетілген жағдайда, уәкілетті орган Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘҚҚ органына және (немесе) РТЖБҚ қызметіне қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктер тізбесін (бұдан әрі – Сәйкессіздіктер тізбесі) қоса береді.
Toggle Dropdown
15. Сәйкессіздіктер тізбесін алғаннан кейін өтініш беруші үш жұмыс күні ішінде осы ескертулерді жою мерзімін және жауапты адамдарды көрсете отырып, сәйкессіздіктерді жою жөніндегі түзету әрекеттерінің жоспарын бекітеді және оны уәкілетті органға келісуге жібереді.
Toggle Dropdown
Түзету әрекеттерінің жоспарын уәкілетті орган келіскен сәттен бастап сертификаттау мерзімін есептеу анықталған сәйкессіздіктерді жойғанға дейін тоқтатыла тұрады.